Деген болатын


нк, нг, кс, ск, кл, нкт, кль, брь, бль, кт



бет25/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева

нк, нг, кс, ск, кл, нкт, кль, брь, бль, кт сияқты дауыссыз дыбыстардың тізбегіне аяқаталатын сөздерге жіңішке қосымшалардың жалғану себебі осындай дауыссыздар легіне біткен орыс тілі сөздерінің қазақша айтылуында (естілуінде) і дауысты дыбысының қосылып естілуіне (айтылуына) байланысты. Яғни олар нгімитингі, нкібанкі, кісбокіс, нкітпункіт, кілбинокіл, біроктябір, біл – ансамбіл, ктіфакті болып айтылады да, негізгі тұлғаларға жіңішке буынды қосымшалар жалғанады: митинг-і-ге, банк-і-ге, бокс-ші, пункт-ке, бинокль-ге, октябрь-ге, ансамбль-ге, факт-і-ге.і дауысты дыбысының дәнекерлік қызметі осындай сөздердің бір тобына қосымша жалғанғанда, емледе де сақталады: митингіден, киоскіден, банкіге, фактілер т.б.
Орыс тілінен енген –нд дыбыстарына бітетін сөздерге де қазақ тілі қосымшалары екі ыңғайда жалғанады: бір тобы ы дәнекері арқылы: фонд, фонды-ға, фонд-ы-сы, раунд, раунд-ы-ға, раунд-ы-сы, ал голланд, исланд, таиланд, секунд сөздеріне қосымша тікелей жалғанады: голланд-қа, голланд-ы; секунд-қа, секунд-ы. Соңғы қатарға жататын сөздер саны көп емес, олардың дәнекер дыбыстарсыз қосымшалармен түрленуі сөздіктерде, оқу құралдарында, ғылыми әдебиеттерде тұрақталып орнықты.
3. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды түбір сөздердің вариант қосымшаларды қабылдауы күрделі терминдердің құрамындағы анықтауыштардың жазылуында да байқалады. Қазіргі жазу практикасында орыс тіліндегі документальный, экспериментальный, профессиональный, дифференциальный сын есімдері қазақ тіліне аударылғанда, бірнеше орфограммада беріліп жүр: документті – документалды – документальді; экспериментті – эксперименталды – экспериментальді; профессионалды – профессионал т.б.
Орыс тіліндегі –альн, -льн қосымшалары арқылы жасалған термин сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуіндегі варианттылық терминологиялық сөздіктерде де кездеседі. «Математика-физика терминдерінің сөздігі» (Алматы, 1959) –альн, -льн қосымшалы термин сөздер төмендегіше берілген: дифференциальный – дифференциалдық теңдеулер
3-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет