Деген болатын


§5. Қазақ орфографиясында



бет5/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева


§5. Қазақ орфографиясында –нг- немесе –ңг- арқылы таңбаланатынын ажырату қиынға соғатын бір алуан сөз бар: інген – іңген, кеменгер – кемеңгер, жауынгер – жауыңгер, әменгер – әмеңгер, шенгел – шеңгел, жынғыл – жыңғыл т.б. Бұл типтес сөздердегі фонеманың (<н> ба, <ң> ба?) негізгі реңкін жоғарыда айтқандай тәсілдермен тексеру мүмкін емес. «Тексеруге» болмайтын бұл типтес сөздерді жазуда қазақ емлесі, жауынгер, дүнген, монғол тәрізді бірер сөзді еске алмағанда, ң варианты түрінде таңбалау бағытын ұстанған. Мысалы: іңген, шеңгел, әмеңгер, жыңғыл, бастаңғы, жеңге т.б.
Жалпы алғанда, морфемалар жігіндегі фонеманың негізгі реңкін сақтап жазудың пәлендей қиындығы жоқ тәрізді көрінеді. Шындығында, негізгі реңк пен қосымша реңкке байланысты жазылуы қиын бірсыпыра сөз морфемаішілік дыбыс құбылыстарына қатысты. Мысалы, жамбас дегендегі [м] негізгі реңкте (<м>) қолданылып тұр ма, әлде <н> фонемасының қосымша реңкі түрінде жұмсалып тұр ма? Орфографияда бұл типтес сөздер жамбас, шамба, сәмбі тәрізді м арқылы таңбаланғанмен, бірақ жазу тәжірибесінде бұл сөздерді н арқылы жазып қою дағдысы да ұшырайды. Қазіргі қазақ емлесінде күн аттарының –нб арқылы жазылуы дәстүрге айналды. Бірақ осы дәстүрге күмән келтіріп, тіл мамандарының «жаздырып» жібергені деп түсінетіндер де бар.
«Күн аттары (1923 жылдың қазақ календарында – Н.У.) сембі, жексембі, дүйсембі, сейсембі, сәрсембі, бейсембі, жұма түрінде жазылған. ХХ ғасырдың ортасына дейін күн аттары осылай жазылып келген. Елуінші жылдары кейбір тіл мамандары грамматиканың түбір сақтау заңына сүйеніп м әрпі арқылы жаза беру керек дегіміз келеді. Халық қазынасына сүйенген жөн ғой деп ойлаймыз»10.
Бұл сөздердің н арқылы жазылуының не дұрыс, не бұрыстығын айтпас бұрын мынадай өзгешелікті ескеру қажет тәрізді. Күн аттарын білдіретін сөздердегі м мен бдыбыстары өзара іргелестігінен айырылса, мұндағы м еріндігі н дыбысымен айтылады: Жексен (Жексем емес), Дүйсен (Дүйсем емес), Бейсен (Бейсем емес), Сейсен (Сейсем емес), Сәрсен (Сәрсем емес), Сейсенкүл (Сейсемкүл емес), Сәрсенкүл (Сәрсенкүл емес). Бұдан қазақ тілінде сөйлеушілердің психикасында фонеманың негізгі реңкі <н> екендігін байқауға болады. Сондықтан бұл сөздердің н арқылы жазылуын қате деп тануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет