Деген болатын


Айтылуы бойынша жазылатын сөздер



бет22/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева

Айтылуы бойынша жазылатын сөздер

1

2

3

абақты
ауылнай


банды
барқыт
бәтеңке
бәтес
божы
болыс
болыскей
бөкебай
бөрене
бөтелке
бөшке
газет
галош
дога
жәрмеңке
жәшік
жемпір
жеребе
картоп
кастрөл
кәмпит
кәрзеңке

көпене
кәшек


кереует
керзі
конфиске
конфискелеу
көзір
көпес
көшір
кірпіш
күршек
қамыт
қарбыз
қашауа
қожайын
қорап
лашық
мәнер
мәрмәр
минут
нөмір
облыс
ояз
пәтер
пәуеске

пеш
пүліш


резеңке
самаурын
сәтен
сиса
сом
сот
сіріңке
тәрелке
теңге
учаске
үстел
үтік
шай
шайнек
шана

соңғы дыбыс сақталып, немес соңғы –а дыбысы қысаң ы, і дыбыстарымен алмастырылып, бірнеше варианттарда жазылып жүр (мысалы, аптек-аптека, диет-диета, штанга-штангы, лампа-лампы, мода-моды т.б.). Соңы а дыбысына бітетін сөздердің сөздіктерде берілуі де әр түрлі. «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» бірінші басылымында соңғы дауыстысыз, ықшамдалып жазылған орыс тілі сөздерінің саны едәуір: анкет, аптек, арматур, диет, газет, контор, координат, котлет, лампы, моды, наград, цитат т.б. Сөздітің екінші басылымында бұл сөздердің бір тобы бұрынғыша анкет, банды контор, координат, газет, минут түрінде, ал көпшілігі орыс орфографиясына сәйкес жазылып ұсынылған: аптека, арматура, гитара, диета, лампа, лигатура, награда, цитата, бірақ: диетасхана, наградтау. «Қазақ тілінің көп томдық түсіндірме сөздігінде» мұндай сөздер бірнеше варианттарда беріледі: анкет – әдеби норма, анкета – «сөйлеу тілі» деген белгі арқылы, аптека - әдеби норма, ал аптек, әптек - сөйлеу тілі элементі ретінде, диета – норма, диет - «сөйлеу тілі» деген белгі арқылы. «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» екінші басылымына сөз соңында –а дыбысы бар 300-ге жуық лексикалық единицалар енгізілген. Олар – қазіргі қазақ әдіби тілінің барлық функционалдық стильдерінде, көркем әдебиетте және ауызекі сөйлеу тілінде активті қолданылатын сөздер. Сөздікте олардың жазылуы ұш түрлі беріледі: бір тобы түпнұсқа тілдегі қалпын сақтап жазылады; бұлар негізінен жазба тіл арқылы енген перспектива, директива, коллега, декада, дидактика, спартакиада, серенада, логика, формула, поэтика, графика т.б. тәрізді термин сөздер. Екінші тобы – соңғы –а дыбысы түсірілір, айтылуы бойынша жазылады: газет, минут, секунд, цифр, котлет; ал үшінші тобы кысаң –ы, -і дыбыстарының көмегі арқылы таңбаланады: банды, моды т.б.


а дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуындағы бұндай әр түрлі жайттар жеке сөздердің қазақ тілі сөздік құрамына ену жолдары мен ауысу кезеңдерінің ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, газет, минут, секунд сөздері мен логика, формула, графика, директива типтес единицалардың қазақ тіліне қабылданған кезеңдері де, соған байланысты ауысу жолдары да әр түрлі. Алғашқы сөздердің өткен ғасырларда негізінен ауызекі сөйлеу тілі арқылы еніп, қабылдаушы тілдің айтылу нормаларымен қалыптасқандығын олардың алғашқы баспасөз беттерінде, Абай шығармаларында жұмсалғандығы дәлелдей түседі. Сондықтан да бұл сөздердің соңғы дауысты дыбысының түсіп қалуында қазақ тіліндегі екпін құбылысының әсері бар. Қазақ тілінде екпін тұрақты түрде соңғы буында ғана байқалатын болғандықтан, түпнұсқа тілде ортаңғы буынға екпін түсетін газета, минута, секунда сөздерінің соңындағы екпінсіз –а дыбысының бәсең айтылып, естілуіне, айтыла келіп түсіп қалуына себепші болады. Лампа, штанга, майка, марка, мода тәрізді сөздер соңындағы дауыстының қысаң ы, і дыбыстарымен алмастырылуы да бұд сөздердің орыс тіліндегі айтылуы екпініне байланысты. Түпнұсқа тілде алғашқы буындарға түсетін екпін қазақ тіліне қабылданып естілуінде соңғы дыбыстың көмескеленуіне әсер етеді. Алайда қазақ тілі үшін сөз соңының бірнеше дауыссыз дыбыстар тізбегіне аяқталуы тән емес болғандықтан, бұл сөздерді айтқанда, ы, і дыбыстары қосарланып естіледі де, айтылудағы осы заңдылық аталған сөздердің жазылуында да байқалады. Сөйтіп, орыс тілінен енген бір топ сөздердің айтылуы бойынша жазылуы олардың, негізінен ауызекі тіл арқылы еніп, дәстүрлі сипат алғандығына байланысты. Өткен ғасырларда енген, сөйлеу тілінің ықпалымен дыбысталуы да, жазылуы да қалыптасқан бұндай сөздердің емлесі Негізгі ережелерде, басқа да арнаулы құралдар мен сөздіктерде көрсетілген. Дегенмен, қазіргі жазу практикасында жергілікті тіл ерекшеліктерінің әсерінен жасалатын фонетикалық варианттар мен орыс орфографиясына сәйкес жазылған тұлғасын қатар қоладну (мысалы, самаурын – самауыр – самовар; кереует – керует – кровать) фактілер кездеседі. Жазу нормаларына кедергі келтіретін мұндай ауытқушыларды болдырмас үшін қазақ тілі емле сөздіктеріндегі ажзылу үліглері жазу практикасында басшылыққа алынуы қажет.
Ал соңғы –а дыбысы түсіріліп жазылатын минут, секунд, цифр, газет, пар сияқты сөздердің ықшамдалып жазылуы – қазақ әдеби тілі үшін, жатық, дағдылы норма. Бұл сөздердің бірнеше тұлғаларда жазылуы, яғни орыс орфографиясы бойынша газета, минута, секунда, цифра, пара болып жазылған қатарларының жазба тіл үлгілерінде мүлде кездеспеуі осыны айқындай түседі. Осындай бірқатар сөздердің әсерінен алғашқы емле құралдарында қысқартылып немесе жартылай өзгертіліп (ы, і дыбыстарының көмегі арқылы) жазылған сөздердің саны бірашма мол болғанымен (аптек, арматур, диет, гитар, лигатур, мандолин, наград, цитат, моды, лампы т.б.) кейінгі сөздіктерде олардың орыс орфографиясына толық сәйкестендірілген түрлері ұсынылады (аптека, арматура, диета, гитара, литура, мандолина, награда, цитата, мода, лампа); бұл жайт жазу практикасында да қалыптаса бастады. Әсіресе ғылыми және публицистикалық стильдерде бұл типтес сөздер бірыңғай, түпнұсқа тілдегі графикалық-фонетикалық тұлғасынан өзгеріссіз жазылып келеді. Ал бұл стильдер – қазіргі қазақ әдеби тілінің дамуында жетекші рольге ие болып отырған және көп жағдайда лексикалық-грамматкиалық, орфографиялық құбылыстарды реттеп, нормаландыратын доминант салалар; сондықтан да кодификациялау жұмыстарында бұл тармақтар маңызды қызмет етеді.
Сөйтіп, жазу практикасында бірізділікті қалыптастыру, әрі қазақ орфографиясын жетік де жеңіл ету мақсатында бір табиғаттас цитата, кантата, арена, вокабула, тирада, касета, координата, терраса және лампа, марка, мода, анкета, аптека, диета т.б. термин сөздерді өзегріссіз, түпнұсқа тілдегі қалпын сақтап жазуды қалыптастыруға болады. Бұл ретте жазу нормасын бірыңғайландырудың орфоэпиялық нормаларға нұқсан келтірмейтінін де атау қажет. Ресми сөйлеу актісінде немесе күнделікті тұрмыстық ауызекі сөйлеу тілінде бұл сөздер бірнеше варианттарда немесе ықшамдалып та айтыла береді (мысалы, аптек/ /әптек/ /аптека; диет/ / диета; координат, кассет, террас, цитат); бұл жайт – ауызша тіл үшін норма. Ал сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы араларында елеулі айырмашылықтар бар екендігі, олардың әрдайым бірімен-бірі дәл келе бермейтіндігі белгілі (2-қосымша).

2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет