Деген болатын


ШЕТ ТІЛДЕРДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ



бет19/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева

ШЕТ ТІЛДЕРДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ

  1. Орыс тілінен енген сөздердің орфографиясы

Қазіргі қазақ орфографиясы – бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік міндеттерге толық жауап беріп отырған, кемел дәрежедегі орфографиялырдың бірі. Қазақ орфографиясы бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулардан өтті; қайта қарап, толықтырудың әрбір сатысынан өткен сайын қазақ емлесінің жалпы және жекелеген мәселелері жеттіге, жетіле түсті. Қазақ жазуы мен орфографиясының қазіргі жай-күйі оның негізгі принциптерінің ғылыми, нақты принциптер екендігін дәлелдеп отыр. Дегенмен, тіл ұдайы қозғалыстағы, үздіксіз даму, өзгеру процесінің құбылыс екендігін ескерсек, онда оның қалыптасқан, тұрақталған емлелік қағидараларының өзінде де тыңнан қарап, жаңаша тиянақтауды қажет ететін проблемалардың туып отырантындығы – заңды жағдай. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі қазақ орфографиясында өзге де бірлі-жарым мәселелермен қатар, емлелік ережелері мен жекелеген ерекшеліктерін айқындай түсуді қажет ететін тұстастардың бірі – қазақ тілінің сөздік құрамына енген шет тілі сөздерінің жазылуы.


«Орфографиялық ережелерде, - деп көрсетеді К.М. Мұсаев, - шет тілден, әсіресе, орыс тілінен енген сөздердің жазылу принциптері айқын берілуі керек. Өйткені бұнда жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің арасындағы сан түрлі айрмашылықтар көрінеді»27.
Шет тілден сөз ауысу процесі – белгілі бір тілдің сөздік құрамы баюының басты жолдарының бірі. Бұл процесс – өз бетінше, халықтар арасындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени байланыстардың нәтижесінде туып, сол арқылы дамитын, қабылдаушы тілдің сөздік құрамын байыта отырып, оның ішкі мүмкіншіліктерінің көзін ашатын, жекелеген лексикалық единицалардың семантикалық мағынасының кеңеюіне, грамматикалық тұлғалардың активтенуіне де әсер ете алатын күрделі құбылыс.
Қазіргі қазақ тілінің түрлі стильдік тармақтарына таралған орыс тілі элементтері екі ыңғайда болып келеді. Оның бірі – қазақ әдеби тілінің ажзбаша және ауызша формаларында қолданылып, сөздік құрамның бір бқлшегі болып қалыптасқан лексикалық единицалар да, екіншісі – негізінен көркем әдеби шығармаларда әр алуан стильдік мақсаттарда (мысалы, туындының тақырыбы мен сюжетіне немесе кейіпкер образына байланысты) жұмсалынатын, сөздік құрамнан тысқары тұратын, стильдік қызметтегі сөздер (вкрапления). Соңғы топтағы сөздердің орфограммасында еркіндік болады, яғни көркем әдебиетте нақты стильдік-көркемдік мүддемен пайдаланылған орыс тілі сөздерінің графикалық-фонетикалық тұрғыдан берілуі арнайы емлелікт қағидаларды талап етпейді.
Ал бір тілден екінші тілге ауысып, сол тілдің әдеби сөздік құрамына толық енген сөздердің (заимствования) лингвистикалық статусы төмендегі критерийлер бойынша анықталады:
«а) қабылдаушы тілде шет тілі сөздерінің графикалық-фонетикалық тұрғыдан берілуі тұрақты сипатта болуы керек; ә) қабылдаушы тілдің белгілі бір грамматикалық топтары мен категорияларына сәйкес келуі қажет; б) семантикалық тәуелсіздігі, яғни қабылдаушы тілде дублет, синоним сыңарлары болмауы қажет; в) әдеби тілге енетін сөз үшін – әр түрлі тілдік өрістерде, термин үшін – нақты бір терминологиялық аяда ұдайы қолданылуы керек»28.
Осындай сипаттар тұрғысынан қарағанда, қазіргі түркі тілдері үшін (оның ішінде қазақ тілі үшін де) шет тілден сөз қабылдау процесіндегі негізгі көз – орыс тілі болып отыр. Ғалымдардың көрсетуінше, көптеген түркі халықтары тілінің сөздік құрамы, әсіресе терминология саласы орыс тілінен нәр алып келеді; қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, қазақ тәрізді тектес тілдердің лексикасындағы орыс тілінен қабылданған ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, оқу-педагогикалық және т.б. салаларға қатысты терминдердің көлемі – 70-80 проценттей29.
Ал бұндай мол көлемді, кең өрісті орыс тілі сөздері қабылдаушы тілде өз алдына оқшау топ болып тұрмай, оның фонетикалық, морфологиялық-синтаксистік ерекшеліктеріне бағынады, сөз тудыру, сөз түрлендіру процестері қатысады, қабылдаушы тілдің бірқатар ішкі заңдылықтарына байланысты графикасы мен дыбысталуы жағынан да өзгерістерге ұшырап отырады. Сол себепті де ұлт тілдерінің де емлелік ережелерінде орыс тілінен енген сөздердің жазылуы, олардың қосымшалармен түрленуі арнайы көрсетіледі.
Орыс тілінен сөз ену процесі түркі халықтарының тарихына, қоғамдық-әлеуметтік даму кезеңдеріне байланысты болғандықтан, бұл мәселе түркологияда әдеби тіл проблемаларына, тіл тарихына қатысты зерттеулерде көбірек қарастырылады. Орыс тілінің түркі тілдері дамуына ықпалы, сөздік байлығына, морфологиялық-синтаксистік, фонетикалық жүйесі мен стильдік тармақтарына әсері жеке тағы басқа мәселелер зерттелген еңбектерде30, сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздердің емлесі туралы да айтылады; зерттеушілер мұнда ену кезеңдеріне тән тілдік жіне тілден тыс факторларды басшылыққа алады. Осыған сәйкес түркі тілдері орфографиясында орыс тілінен енген сөздердің жазылуы бірнеше принциптерге негізделеді; яғни түркі тілдерінің көпшілігінде орыс тілінен енген сөздер екі түрлі жазылады: бір тобы – өткен кезеңдерде ауызекі тіл арқылы еніп, қабылдаушы тілдің айтылу заңдылықтарымен өзгеріп кеткендіктен, сол өзгерген күйінде, дәстүрлі түрде, айтылуы бойынша, екінші тобы – орыс тіліндегі орфографиясы негізінде жазылады. Соңғы топқа түркі тілдеріне совет дәуірінде мол енген, жазба тіл арқылы қалыптасқан терминдік сөздер жатады.
Түркі тектес тілдердің сөздік құрамындағы орыс тілінен енген сөздердің емлесі жайында арнайы ұсынылған еңбек толық мәлімет бере алады31. Бұл мәселеге жете көңіл бөлу қажет екендігін Е.И. Убрятова да көрсеткен болатын32.

***
Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы орыс тілі сөздерінің жазылуы – бірқатар нормаланған, қалыпты сипат алған мәселелердің бірі. Олар негізінен, орыс орфографиясына сәйкес өзгеріссіз жазылады. Бірсыпыра сөздер айтылу дағдысымен өзгерген түрде жазылады. Орыс тілі сөздерінің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі қазақ емлесі сүйенетін фонетикалық-морфологиялық принциптерге негізделеді.


Қазақ әдеби тіліне енген орыс тілі сөздерінің емлесін қалыптастыру жұмысы 20-30 жылдардан басталады. Профессор Қ. Жұбанов орыс тілінен қабылданған терминдерді, өзге де құрал-жабдық, аспап, зат, ұғым, құбылыс, атауларын орыс орфографиясы бойынша жазу керектігі туралы ұсыныс білдірген болатын33.
Орыс тілінен енген сөздердің жазылуы дұрыс көрсетілген емлелік ережелердің алғашқысы – қазақ алфавитінің орыс графикасына көшуі негізінде, жаңа алфавитке сәйкес жасалып, қабылданған қазақ орфографиясы ережелерінің жиынтығы34. Осы қағидаларға сәйкес 1941 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің емле сөздігінде» түбір сөздер орыс орфографиясы бойынша жазылып, оларға қосымша жалғанғандағы бірқатар ерекшеліктер (мысалы, қосарлы сс, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, бір дауыссыздың түсіп қалуы: ватт – ваттың; екі дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерге қосымшаның ы, і дәнекерлері арқылы жалғануы т.б.) көрсетілген, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілі арқылы енген сөздер айтылуы бойынша жазылған35.
Қазақ орфографиясын жетілдіру мақсатында жүзеге асырылған басқа да бірқатар шараларда орыс тілінен енген сөздердің емлесі одан әрі реттеле түсті. Бұл мәселе жан-жақты таратылып айтылған маңызды құрал – «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш» жарық көрді36; оқу программасына арналған көмекші құралдар жарияланды37. Ал «Қазақ орфографиясының негізгі ережелері» 1957 жылғы 5 июньде Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен бекітілді.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» қазақ тілінің ішкі заңдылықтары мен табиғи ерекшеліктеріне сәйкестеліп жасалған, ғылыми негіздері мен басты принциптері дұрыс айқындалған емлелік қағидалар екендігін оның ширек ғасыр бойы жазу практикасында қолданылып келгендігі дәлелдеп отыр. Осы ережелер жинағы негізінде бірнеше орфографиялық, түсіндірме және әр түрлі салалық терминологиялық сөздіктер жасалды, оқу-педагогика жұмыстары жүзеге асырылды.
Дегенмен, бір кезеңнің идеалды, мүлтіксіз деп танылған емлелік қағидалары қоғам дамуының келесі бір кезеңдерінде жекелеген принциптері мен тұжырымдары жағынан тар ауқымдылық танытуы да мүмкін. Қазақ әдеби тілінің қазіргі даму дәрежесі, оның қоғамдық-әлеуметтік қызметінің кеңеюі, стильдік тармақтары мен терминологиялық жүйесінің күрделене түсуі, сөз, жазу мәдениеті проблемаларына теориялық-практикалық тұрғыдан үлкен мән беріле бастауы тәрізді факторлар қазақ орфографиясын одан әрі жетілдіре, жақсарта түсуді талап етті; сондықтан да «Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелерінің» өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жаңа редакциясы жасалып, оны Қазақ ССР Жоғарғы Советі Приезидиумы бекітті38. Мұның 1957 жылы қабылданған орфографиялық қағидалардан принципті айырмашылықтары жоқ. Жаңа нұсқада орыс тілінен енген сөздердің емлесі, бұрынғы ережедегідей, түбір сөздердің жазылуы (§ 18), оларға қазақ тілі өосымшаларының жалғануы (§ § 35, 40, 41, 42, 43, 44) және дәстүрлі принцип бойынша жазылатын сөздер туралы қағидалар болып бөлініп, жеке-жеке, айқын көрсетілген. Ал жаңа нұсқада толық өзгертіліп берілген қағидалардың бірі – соңы к,г дыбыстарына бітетін орыс тілінен ауысқан сөздерге қосымшалардың жалғануы және толықтырылған тұс – рк, нк, рг, нг, кс, кт, лк, нкт, брь, бль сияқты дауыссыздар тізбегіне аяқталатын сөздерге қосымшалар жалғанғандағы ерекшеліктер. Өйткені нақ осы мәселелердің өзі жазуда біршама қиындықтар тудырып келді, әрі бұған дейінгі еңбектерде, оқулық құралдарда әр қилы ұсынылып келді: бірқатар пікірлерде педагог, ток, блок, Красноводск тәрізді сөздердің соғындағы к, г дыбыстарының фонетикалық табиғатына сәйкес қосымшалардың жіңішке варианттарын жалғау (ток-тогінің, блок-болгінің, педагог-педагогтік, Красноводск-Красноводскіден) ұсынылса, келесі бір тұжырымдарда соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне байланысты тогының, педагогқа, блокқа, Красноводскыдан болып жуан буынды қосымшалармен түрленуі керек деп айтылғаны мәлім39.
Сөйтіп, 1983 жылы қабылданған негізгі ережелердің жаңа нұсқасында орыс тілі сөздерінің жазылу ерекшеліктері толық қамтылып, айқын көрсетілген.
Сонымен қатар, соңғы жылдары баспасөз беттерінде орыс тілінен ауысқан сөздердің жазылуы туралы жиі-жиі сөз қозғалып, әр түрлі ой-пікірлер айтылып жүр. Осындай мақалалардың бірінде, мәселен, қазақ тіліне жазба тіл арқылы енген станция, спирт, кабинет тәрізді сөздерді тілдің заңдылықтарына бағындырып, айтылуы бойынша жазу (яғни станса, спірт, кабинет) керектігі айтылса40, келесі бір пікірлерде, керісінше, түпнұсқа тілдегі түрін мейлінше сақтап жазу, тіпті металл, грамм, класс т.б. сияқты қосарлы дауыссыздармен аяқталатын сөздерге қосымшаны дауыссыз дыбыстардың бірін түсіндірмей (яғни класты, металға, граммен деп өзгертпей) түбірін толық сақтау (яғни, классты, металлға, граммен)41, сондай-ақ нг, нк тәрізді дыбыстар тіркесіне біткен сөздерді ы, і дәнекер дыбыстарынсыз түрлендіру (яғни танкіге емес, танкке, митингіге емес, митингке) және басқа да өзгерістер енгізу туралы сөз болады42. Бұл пікірлердің өзі, сөз жоқ, жазу практикасында кездесетін қиындықтарға, сонымен қатар Негізгі ережелерде жеке көрсетілмеген кейбір ерекшеліктерге байланысты туған. Демек, өзге тілден енген сөздердің жазылу табиғатының сөз болуы бұл мәселенің әлі де болса айқынырақ белгілеп, жеке-жеке айырмашылықтарды ескере отырып, толықтыра, нормаландыра түсетін тұстары бар екендігін көрсетеді. Мысалы, Негізгі ережелердің 35-параграфында жіңішкелік белгісіне аяқталған ноль, роль, руль типтес бір буынды сөздерге жіңішке буынды қосымша жалғанады делінген: ноль-ге, роль-ге, руль-ге. Ал соңғы буыны нақ осындай гастроль, король, пароль сөздеріне неліктен жуан буынды қосымша жалғануы тиіс? Емле сөздіктерінде гастроль-ға, гастролы, король-ға, королы, пароль-ға, паролы болып көрсетілгенімен, қазіргі жазба тіл үлгілерінде көбінесе жіңішке буынды қосымшалардың жалғаланып жазылуы байқалады (король-ге, королі; гастроль-ге, гастролі; пароль-ге, паролі). Немесе акр, альт, бюст, вальс, вуаль, князь, нерв, пост, ткань, ферзь, тәрізді бір буынды сөздерге қазақ тілінің қандай қосымшалары жалғанады? Бұл тұста да емле сөздіктері мен жазу практикасында алшақтықтар жоқ емес: сөздіктерде вальсқа, вальсы, тканьдар, вуальға, вуалы болып, ал тіл қолданысында вальске, вальсі, тканьдер, вуальге, вуалі, князьге, князі болып екі ыңғайда таңбаланып жүр.
Сонымен бірге, нормативті сөздіктерде бір типтес сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуінде де варианттылықтар ұшырасады. Мысалы, «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» («Ғылым» баспасы, 1978) төмендегідей жайттар кездеседі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет