Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: кәсіпорнның халық шаруашылығының қай саласына жататындығы;
шығарылған өнімнің номенклатурасы;
оның конструкциялық ерекшеліктері;
қолданылған материалдар;
шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;
өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;
өнім сапасына қойылатын талаптар;
өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыру;
технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;
өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;
өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы ерекшеліктері.
Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.
Өндіріс құрылымына әрі қарай дамытудың жолдары: кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;
кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;
өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми-өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;
техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
өндірістің тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады
2. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері 2.1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары Экономиканың дамуының барлық кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.