Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


«Шын мәнінде, намазда адам сөзі араласпауы



Pdf көрінісі
бет60/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84
«Шын мәнінде, намазда адам сөзі араласпауы 
керек. Намаз тәспихтан, тәкбірден және Құран аят-
тарын оқудан тұрады»
189
. 
188
Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, 1/263-бет, №3025 хадис. 
189
Сахих Мүслім – 24-бет/7-баб/ 33-(537) хадис. 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
94
Намаз отырысында саусақты 
көтерудің жөн-жоралғысы
Алланың бір, дара екендігіне ишарат ету барлық 
мәзһабтарда мұстахаб амалға жатады. Яғни, орындасаң 
сауап жазылады, орындамасаң – күнә емес. Ханафи 
мәзһабындағы айырмашылық мынау: сұқ саусақ «лә 
иләһа» деген кезде көтеріліп, «Иллаллаһ» деген кезде 
түсіріледі. Сұқ саусақты көтеріп, ишарат ету «Алладан 
басқа тәңір жоқ» дегенді құптау үшін жасалады.
Ал, намазда сұқ саусақты көтеріп, оны үздіксіз 
қимылдату мәкрүһ амалға жатады.
Шафиғи мәзһабының белді ғалымы Имам Мұхиддин 
ән-Науауи өзінің пәтуа жинағында «Тәшәһһүдте оң қол-
дың сұқ саусағымен ишарат ету мұстахаб амал ма? Және 
қай уақытта ишарат етіледі? Және саусақты үздіксіз
қимылдатады ма? Жоқ, әлде үздіксіз қимылдатудан 
намаз бұзылады ма? Сондай-ақ, оң қолмен қатар сол 
қолдың да сұқ саусағымен ишарат жасалады ма? Егер 
оң қолдың сұқ саусағы жоқ болса, сол қолдың сұқ 
саусағымен ишарат жасауға бола ма?» деген бірқатар 
сұраққа былайша жауап берген:
«(Әттәхият дұғасындағы) «Иллаллаһ» сөзінде 
бір рет оң қолдың сұқ саусағын көтеріп, (Алланың 
бір екендігіне) ишарат жасау – мұстахаб. Бірақ, оны 
дұға айтылып біткенше көтерудің қажеті жоқ. Егер 
бұлай істесе, намазы бұзылмағанымен мәкрүһ болады. 
Намазы бұзылады, деп те айтқандар бар. Оң қолдың 
сұқ саусағы бар болса да, жоқ болса да, сол қолдың сұқ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет