Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


«Абдулла ибн Омар менің намазда ұсақ тастармен



Pdf көрінісі
бет62/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   84
«Абдулла ибн Омар менің намазда ұсақ тастармен 
ойнап отырғанымды көрді. Намаз біткен соң ол мені 
бұл істен тыйды да: «Алла елшісінің істегеніндей 
істе!» – деді. Мен: Алла елшісі қалай жасайтын 
еді? – дедім. Ол былай деді: «Алла елшісі намазда 
отырған кезде оң алақанын оң санының үстіне қойып, 
саусақтарын жиып, сұқ саусағымен ишарат ететін. 
Ал, сол алақанын сол санының үстіне қоятын»
194
.
194
Сахих Мүслім, 1-том, 408-бет. «Дәру Ихиа`ит-турасил-араби» баспасы, 
Бәйрут.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
97
Сондай-ақ, Абдуллаһ ибн Зубайрдан риуаят етілген 
хадисте дұға айтылып біткенше көтерілмейтіні анық 
айтылған.
ِهِلآ ىلعَو ِهْيَلَع ُللها ىَّل َص َّيِبَّنلا َّنَأ ركذ هنأ ريبزلا نب للها دبع نع 
اَهُكِّرَحُي َلاَو اَعَد اَذِإ ِهِعُب ْصُأِب ُري ِشُي َناَك َمَّل َسَو ِهِبْح َصَو
Абдуллаһ ибн Зубайрдан риуаят етілді. Ол 
былай деді: «Алла елшісі дұға жасағанда (намазда 
«әттәхият» дұғасын оқыған кезде) саусағымен 
ишарат ететін, оны ұдайы көтермейтін»
195
.
Имам Мұхиддин ән-Науауи Насаиде және Әбу 
Дәуідте келген бұл хадисті «Сахих», деп, бағалаған
196

Сондай-ақ, бұл хадисті әл-Бәйһақи, ибн Хиббан, 
әз-Заһаби сынды хадис білгірлері де сахих, деп, 
бағалаған
197
.
Ал, енді сұқ саусақты дұға айтылып біткенше 
көтеруді жақтайтындар мынандай хадиске сүйенеді:
195
Әбу Бәкір Ахмет ибн әл-Хұсейн ибн Әлі ибн Мұса, әс-Сунанул-
Бәйһақил-кубра, 2-том, 131-бет. «Дарул-Баз» баспасы, Мекке қаласы
1994 ж. Қосымша қараңыз: Сүлеймен Ибнул-Әшъас Әбу Дәуіт 
ас-Сажистани, Сүнану Әби Дәуіт, 1-том, 260-бет. «Дарул-фикр» 
баспасы. 
196
Мұхиддин ән-Науауи, әл-Мәжмууъ, 3-том, 417-бет. «Дарул-фикр» 
баспасы, Бәйрут, 1997 ж. 
197
Хасан ибн Әлі ас-Саққаф, Мажмуъ Расайлис-саққаф, 2-том, 638-бет. 
Дарур-Рази» баспасы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет