Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет64/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84
Байланысты:
aefc7ac18e9a228b86d72ab2b0bffea3

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
100
Ал, «саусақты қимылдату – шайтанға тоқпақ» де-
ген түсінікке келер болсақ, біріншіден, бұл мағынада 
риуаят етілген хадистердің бәрі әлсіз. Екіншіден, бұл 
хадистегі «темірден де қатты» деген сөз тіркесін тура 
мағынасында емес, ауыспалы мағынасында түсіну 
керек. Мысалы, Ахмет ибн Ханбалдың «Мүснәдында» 
келтірілген Нафиътың риуаятын тарқатып түсіндіріп 
көрейік.
ِهْيَدَي َع َضَو ِة َلا َّصلا يِف َسَلَج اَذِإ َرَمُع ُنْب َِّللها ُدْبَع َناَك َلاَق ٍعِفاَن ْنَع 
ىَّل َص ِ َّللها ُلو ُسَر َلاَق َلاَق َّمُث ُهَر َصَب اَهَعَبْتَأَو ِهِعَب ْصِإِب َرا َشَأَو ِهْيَتَبْكُر ىَلَع 
َةَباَّب َّسلا يِنْعَي ِديِدَحْلا ْنِم ِناَطْي َّشلا ىَلَع ُّد َشَأ َيِهَل َمَّل َسَو ِهْيَلَع ُ َّللها
«Нафиътан риуаят етілді. Ол былай деді: 
«Абдуллаһ ибн Омар намазда отырғанда екі қолын 
тізесіне қоятын да саусағымен ишарат ететін. 
Көзін саусағына жүгіртетін. Сосын Алла елшісі: Бұл, 
яғни, сұқ саусақ шайтанға темірден де қатты», – 
деп, айтты, – деді»
200
.
Бұл хадис «Алладан басқа тәңір жоқ» деген 
мағынаны білдіретін «иллаллаһ», деп, айтылған кезде 
сұқ саусақты көтеріп, Алланың бір, дара екендігіне 
ишарат ету – бейнебір шайтанды темірмен ұрғандай 
деген мағынаға саяды. Яғни, Алла бір, деп, саусағыңды 
көтеріп, ишарат етуің шайтанға ауыр соққы болып 
тиетін амал. Әйтпесе, қолдың астында шайтан тұр, 
200
Ахмет ибн Ханбал Әбу Әбділаһ әш-Шайбани, Мұснаду Ахад ибн 
Ханбал, 2-том, 119-бет. «Мұссисату Қуртуба» баспасы, Мысыр. 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
101
саусақты үздіксіз қимылдатқан сайын шайтанның 
басынан ұрасың дегенді білдірмейді. Бірақ, хадистің
астарына терең үңілмейтін, танымы таяз бәзбір жандар
мұны осылай түсініп жүргені өкінішті-ақ.
Бұл жайлы Хафиз Әбу Бәкір Ибнул-Араби әл-
Мәлики «Ъаридатул-ахуази» атты Тирмизиге жазған
түсіндір-месінде былай дейді: 
«Тәшәһһудта саусақтарыңды үздіксіз қимыл-
датудан сақ болыңдар!... Сұқ саусақты үздіксіз қимыл-
датсаң, шайтанға ол тоқпақ болады дейтіндерге таң 
қаламын. Біліп қойыңдар! Сендер шайтанға бір сау-
сақтарыңды қимылдатсаңдар (бір рет ұрсаңдар), ол 
сендерге он рет қарсы қимылдатады (Яғни, намазда 
көңілдеріңді қажетсіз бос нерсеге бұру арқылы 
сендерді он рет ұрған болады). Шын мәнінде, шайтанды 
саусақтарыңды үздіксіз қимылдатумен емес, оны 
өздеріңнің ықыластарыңмен, Алла алдында шынайы 
берілулеріңмен (хушууъ), зікір-дұғаларыңмен, Аллаға 
сыйынуларың арқылы тоқпақтайсыңдар»
201
.
202
201
әл-Имамул-Хафиз Ибнул-Араби әл-Мәлики, Ъаридатул-ахуази бишархи 
сахихут-тирмизи, 2-том, 85-бет. «Дарул-кутубил-ъилмия» баспасы, 
Мысыр.
202
Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл -2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет