Катаболизм- (грекше katabole – сыртқа шығару, ыдырау), биологияда – организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау.
Жасуша мен тінде болатын тотығу процесі ферменттерінің қатысуымен үздіксіз жүретін құбылыс. Ондағы ақуыз, май, көмірсу сияқты күрделі органикалық заттар тотығу әсерінен ыдырайды. Осы процестен пайда болған энергия тіршіліктің қажетіне жұмсалады. Энергияның көп мөлшерде бөлініп шығуы фосфорлы қосындылардың ыдырауы нәтижесінде туады.
Мысалы, аденозинүшфосфорлы қышқыл (АҮФҚ) ыдырағанда шығатын химиялық энергия электрлік және механикалық энергия түріне айналып отырады. Демек жасуша мен тіндегі энергия көзі – АҮФҚ болып саналады. Ферменттердің әсерінен бір заттар ыдырап жатса, екінші бір заттар қайта түзіліп отырады.
Организмдегі зат алмасу процесінің негізі болып табылады. Жасушалардағы заттар бір қалыпта өзгеріссіз тұрмайды. Әсіресе, органикалық заттар жасуша мен тінде ыдырап бөлшектенеді. Мысалы, қышқылдар суда ерігенде, сутек иондары мен хлор иондарына бөлінеді. Катаболизм жоғары сатыдағы жануарлар мен адамда жылдам жүрсе, төм. сатыдағыларда (мысалы, бақа, шаяндарда) баяу жүреді. Жоғары сатыдағы жануарлар мен адам денесіндегі зат алмасу процесінің қарқынын, барысын, көлемін орта жүйке жүйесінің қызметі реттеп отырады.
Анаболизм - тірі ағзадағы жасушалар мен тіндердің құрылымдық бөліктерін түзуге және жаңартуға бағытталған химиялық процестердің жиынтығы, жасушалардың қоректік заттарды сіңіруге бағытталған процессі. Соның нәтижесінде ағза денесі қалыптасады. А. ағзаның қоршаған ортадан келетін заттарды сіңіріп, қоршаған орта мен ағза арасындағы зат алмасуын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде қарапайым молекулалардан жасуша құрамындағы күрделі органик. қосылыстар құралады. Клетка құрамы күрделенеді, энергия (қуат) жинақталады. А. — катаболдануға (катаболизмге) кері эндоэнерг. процесс. Мұның негізінде түрлі қосылыстар ыдырауынан пайда болған заттардан жаңа заттар түзіледі. А. жануарларда алғашқы жас даму сатысында, ал өсімдіктерде вегетац. көбею кезеңінде өте жақсы жүреді. А. — бейорганик. заттардан органик. қосылыстар құруда яғни фотосинтез процесі кезінде маңызды рөл атқарады.
Анобализмде жасушаға тән емес химиялық заттар өзгеріп, түрге тән заттарға айналады. Катаболизммен бір уақытта өтеді.
Анаболизм — тірі ағзаға тән зат алмасу процесінің (метаболизмнің) қарапайым заттардан қуатты (энергияны) жинақтау арқылы күрделі молекулалы органикалық заттарды түзу кезеңі, яғни ол метаболизмнің катаболизм кезеңіне (күрделі органикалық заттардың қуатты бөлу арқылы өзінің қарапайым құрамына ыңырау процесі ) қарама-қарсы жүретін процесс . Анаболизмнің жержүзіндегі маңызды көрінісі - жасыл өсімдіктер жасушаларында жүретін фотосинтез процесі .