Қасаң қабық көздің жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, фиброзды қабықтың 1/16 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді қасиетке ие қабық.Қалыңдығы ортасында 0,8-0,9 мкм, ал шеткі бөлігінде 1,1 мкм.Жарықты сындырғыш көрсеткіші 1,37, сындырғыш күші 40 дптр.Микроскопиялық құрылысында бес қабатын ажыратуға болады.Оларға: алдыңғы көп қабатты жалпақ эпителиі, алдыңғы шектеушілік мембранасы немесе Бауменов қабығы, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік мембранасы мен (десцемет қабығы) артқы эпителиі жатады.Ең негізгі және қалың - қасаң қабықтың меншікті заты, құрамында көптеген коллаген талшықтары мен өсінділі фибробласттар бар. Талшықтар мен фибробласттар аморфты затта орналасқан, гликозамингликандарға да бай.
Гликозамингликандар (кератинсульфат) қасаң қабықты мөлдір түске ие етеді, егер түсі өзгеріп кетсе «бельмо» ауруы байқалады (көзді ақ басады).
Көз бұршағы , екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішіні құбылмалы.К өз аккомациялық кезеңінде алысты жақындатып немесе керісінше, көптеген жағдайларда пішіні өзгереді.Көз бұршағының радиусы 6-10 мм-дей, сыртқы қалыңдығы 11-18мкм, сырты мөлдір капсуламен қоршалған. Капсула астында (алдыңғы бөлігінде) бір қабатты көз бұршағының эпителиі орын алады. Көз бұршағының құрамында мөлдір (түссіз) белок—кристаллин болады. Көз бұршағының гистофизиологиясын білу клиникада өте маңызды. Себебі, жасанды көз бұршағын жасап, ауырған көзге жалғау кездері медицинада кеңінен қолданылады (катаракта).
Шыны тәріздес дене көз бұршағымен торлы қабықтың арасында орналасқан мөлдір, желатин тәрізді зат. Құрылысы тор тәріздес, құрамында витреин белогы мен гиалурон қышқылы болады.Жарықты сындыру көрсеткіш d =1,33 тең.
Бұл көз алмасының өте сезімтал ішкі—торлы қабығы. Құрамында сыртқы пигментті және ішккі сезімтал нервтер тізбегінен тұратын қабаттары бар. Торлы қабықтың гистологиялық құрылысы өте күрделі де, құрамы радиальды бағытта орналасқан үш түрлі нейрондар тізбегінен тұрады. Нейрондардың бірінші түрі—
фоторецепторлы (таяқша және колба тәрізді), екіншісі— биполярлы бірінші мен екінші нейрондар тізбегінің арасында орналасқан, ал үшіншісі ганглионарлы нейрондар болып аталады. Бұлардан басқа нейрондардың тағы бірнеше
түрлері биполярлы- горизонтальды және амакринді нейрондар да баршылық.
Торлы қабықтың фоторецепторлары. Фоторецепторлы
нейрондар: таяқша мен колба тәрізді болып жіктеледі.Таяқша нейрондар- ымырт (кешкі) кезіндегі рецепторлары болса, ал колба тәрізді түрлері күндізгі мезгілдің рецепторлары болып табылады. Құрылысы жағынан фоторецепторлы нейрондардың пішіні цилиндр тәрізді, бірнеше бөліктері болатын; дистальді-сыртқы сегметінде фооторецепторлы мембраналары болады. Бұл мембраналар жарықты қабылдап, тітіркенеді.Сыртқы сегмент байланыстырушы цилий деп аталатын бөлігімен ішкі сегментпен байланысады. Ішкі сегментте көптеген митохондриялар, полисомалар, Гольджи комплекс т.б. болады.Бұл сегментінде белок синтезі өтеді.Нейронның проксимальды денесінен бір аксон шығып биполярлы, горизонтальды нейрондардың дендриттерімен синапс түзеді.
Фоторецепторлы нейрондардың сыртқы сегментінде мыңға жуық жалпақ қапшық түріндегі-дискілері болады. Фоторецепторлы мұндай дискілер таяқша нейрондарда плазматикалық мембранадан бөлек орналасқан. Тұйық дискілердің параметрі 15нм (қалыңдығы), ені-1 нм;әрбір дискінің арасындағы кеңістіктері—15 нм-дей.
Таяқша нейрондардың құрамындағы родопсин—опсин белогі мен «А» витамині ретинальдан тұрады. Ал адамда колба тәрізді нейрондардың саны 6-7 млн. Бұлар
заттың күндізгі кездегі түсін анықтайды. Құрамындағы пигмент иодопсин жарықта белок пен ретинальға ыдырайды.
3.Торлы қабықтағы фотохимиялық әсерленістер. Торлы қабықтың биполярлы және ганглиозды клеткаларының функциялары.
Көздің торлы қабығына жарық әсерінен таяқшалар мен конустардың сыртқы сегменттерінде орналасқан пигменттерде химиялық өзгерістер жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |