17. Энергия алмасу. Ағзаның энерия шығынын анықтау. Зат алмасу ағзаның барлық жасушаларында, ұлпаларында, органдарында жүреді. Ол адам өмірін сақтауға және ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға әсерін тигізеді. Зат алмасу процесі кезінде пайда болған заттар жасушалар мен тканьдерді құру үшін қажет. Зат алмасудың мынадай түрлері болады: су, минералды заттардың, витаминдердің, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың алмасуы. Зат алмасу процестері бір – бірімен күрделі биохимиялық реакциялар арқылы тығыз байланысты. Бұл реакциялардың бәрі орталық жүйке жүйесі арқылы, гармондардың көмегімен реттеліп отырады. Зат алмасу процесі кезінде бөлініп шыққан энергия адам ағзасындағы биохимиялық реакциялардың жүруіне және жылу мен механикалық энергия жоғалтуына кетеді. Зат алмасу кезінде ағза жоғалтқан энергиясының орнын толтырады. Энергия адам ағзасына өмір сүру үшін қажет. Зат алмасу бір – біріне қарама қарсы екі түрлі процеспен анықталады. Ассимиляция және диссимиляция, бұл процестер ағза мен қоршаған орта арасындағы қарым- қатынасты үздіксіз тоқтатпай жүргізіп тұрады. Ассимиляция дегеніміз ағзаға керекті қоректік заттардың синтезделуі. Олар ағзаның өсуіне және жетілуіне қолданылады. Бұл заттар күнделікті тағамдармен түсіп отырады. Ассимиляция көзі тамақ болып табылады.
Диссимиляция дегеніміз заттардың ыдырауы, олардың оттегінің көмегімен тотығып, қышқылданып, ағзадан шығарылуы. Бұл екі процесс ағзада үздіксіз жүріп тұрады және бір – бірімен өте тығыз байланысты. Өмірдің кейбір кезеңдерінде бұл тепе – теңдік бұзылады. Өсіп, жетіліп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер ағзасында ассимиляция процесі, диссимиляция процесіне қарағанда басым болады. Энергия – калория немеседжоульменөлшенеді. Энергия көзі – тамақболыптабылады.
Ағзаның энергия жоғалтуы: негізгізаталмасудың, тамақтағамдарыңарнайы — динамикалықәсері, денежәне ой еңбегіменістейтінжұмысқабайланыстыжұмсалғанэнергияныңқосындысынантұрады. Негізгізаталмасу мен арнайы-динамикалықәсерінежұмсалатын энергия адамныңырқыменреттелмейді, сондықтан оны реттеугеболмайтын энергия жоғалтудепатайды. Жұмысістегенде, спортпеншұғылданғанданемесебасқа да біржұмыстыорындауға кеткен энергия адамырқыменреттеледі, сондықтанадамөзініңжұмысқабілетінебайланыстыістейтінжұмысыныңкөлемінкөбейтіпнемесеазайтаалады.