Дендриттер



бет6/27
Дата02.05.2023
өлшемі122,86 Kb.
#89017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Есту анализаторы дыбыстық сигналдарды қабылдайды, олар жиілігі мен күші әртүрлі ауа тербелісі болып табылады, бұл тербелістердің механикалық энергиясын жүйелік қозуға айналдырады, ол дыбыстық сезім ретінде қабылданады.
Есту анализаторының немесе есту мүшесінің шеткі бөлігі үш негізгі бөлімнен тұрады:
Дыбысты анықтайтын аппарат (сыртқы құлақ).
Дыбыс өткізу аппараты (ортаңғы құлақ).
Дыбыс қабылдайтын аппарат (ішкі құлақ).
Сыртқы құлақ құлақ қалқаны, сыртқы есту жолынан және дабыл мембранадан тұрады. ормасы түтік болып келеді, соның арқасында дыбыстарды тереңге жақсы өткізгіш болады. Есту жолының ені және формасы дыбыс өткізуде аса маңызды роль атқармайды. Сонымен бірге есту жолы саңылауының тыртықтана бітуі немесе оның механикалық тығындалуы дыбыс толқындарының дабыл жарғағына таралуына кедергі болады және есту қабілетінің елеулі төмендеуіне алып келеді. Сол сияқты есту жолы формасының өзі, оның терісінің жоғарғы сезімталдығы есту ағзасының әр түрлі жарақаттарын болдырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар дабыл жарғағына жақын сыртқы есту жолының температурасы мен ылғалдылығы сыртқы ауа температурасымен және ылғалдылығының тұрақсыздығына байланыссыз түрде тұрақты деңгейінде ұсталып тұрылады, сондайлық дабыл жарғағының серпінді қасиетін қамтамасыз етеді.
Ортаңғы құлақ — дыбыс жарғағынан кейін, самай сүйегінің ішінде орналасқан . Ол евстахиев түтігінен және үш ұсақ сүйекшелерден — балғашық , төс және үзеңгіден тұрады. Балғашық дабыл жарғағымен байланысады, ал үзеңгі ортаңғы және ішкі құлақты бөліп тұрады, кейін сопақша тесігіне жалғасады. Бұл сүйекшелер арқылы дабыл жарғағымен байланысты балғашық, төс сүйекке, шікке, одан соң үзеңгіге қозғалыс әсерін тигізеді. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Осы себепті, адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі.
Дыбыс өткізетін бөлімнен кейін дыбыс қабылдайтын бөлім болады. Ол ішкі құлақтан, есту нервтерінен және самайда орналасқан мидың арнайы бөлімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет