Ішкіқұлақ — куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын
күрделі лабиринттерден тұрады. Мұндағы шытырманның (лабиринт) сыртқысы — сүйекті, ал ішкісі — жарғақты шытырман деп аталады. Лабиринттің бір бөлігі ұлу — спираль тәрізді түтікше. Ұлу үш қуыстан тұрады , ал олар екі жіңішке серпілімді жарғақшадан тұрады. Қуыстар ішкі сұйықтыққа — перилимфаға толы. Шытырманның өзі кіреберісдеп аталатын бөлімнен тұрады. Оның алдында иірім, ал артқы
жағында доға қуыстары бар. Иірімді түтік дөңгелек тесік арқылы ортаңғы құлақ қуысымен , ал кіреберіс— сопақ тесікпен байланысты болады. Құлақтың есту мүшесі
иірім болып саналады. Негізгі жарғақшада есту рецепторлары — Кортиевмүшесі орналасады, ол сезімтал рецепторлар клеткаларынан тұрады. Сезімтал клеткалардың жоғарғы жағында екінші жабындыжарғақшаорналасқан. Тербеліс ойыс терезесінің жарғақшасынан каналшаларда болатын сұйықтыққа беріледі.
Сұйықтықтың тербелісі негізгі жарғақшаның серпімді талшықтарымен қабылданады. Нәтижесінде, есту рецепторлық клеткалар осы негізгі жарғақшамен жалғасқан кезде , оларда импульстер пайда болады және олар есту жүйесі арқылы қыртысасты құрылымдарға , содан әрі қыртыстың самай бөлігінде орналасқан есту орталығына жеткізіледі.
Қорытындылай келе, дыбыстолқыныныңтаралужолы келесідей: Дыбыс толқыны
дабыл жарғағының тербелісі — есту сүйекшелерінің тербелісі — ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі — есту рецепторының тітіркенуі — жүйке қозу толқынының пайда болуы.
Дыбыс қабылдау (дыбысты қабылдағыш). Дыбысты қабылдау дыбыс тербелістерінің энергиясын нерв импульсына ауыстыратын күрделі нейрофизиологиялық процесс, оны орталық бас ми қыртысына дейін жеткізу, дыбыстарды талдау және ұғыну.
Дыбыстарды қабылдау механизмі. Жоғарыда көрсетілгендей, үзеңгішенің негізгі тербелгенде перилимфаның кіреберіс терезесінен ұлу терезесіне қарай ауыстырылуы қабаттас жүреді. Ұлудағы сұйықтықтың қозғалысы негізгі перденің және онда орналасқан шиыршықты ағзаның тербелісін шақырады. Бұл тербелістер кезінде есту жасушаларының талшықтары қысылуыға немесе жамылғы пердемен созылуға (керілуге) ұшырайды, бұл дыбысты қабылдаудың басталуы (бастамасы) болады. Бұл кезеңде тербелістің физикалық энергиясы нерв процесіне айналады (трансформацияланды). Дыбыстар рецепциялары механизмдерін, сол сияқты нерв өткізгіштіктерін және есту ағза орталықтары қызметтерін зерттеуде осы уақытқа шейін үлкен қиыншылықтар кездеседі. Ішкі құлақта болатын процестерді түсіндіру үшін әртүрлі гипотезалар ұсынылған.
7.Дыбыстықабылдаутеориясы(Г.Гельмгольц,Г.Бекешижәне басқалар).Бинаралы тыңдау.
Алғашқы есту теориялары музыкалық аспаптар мен құлақтың қызметі арасында параллель жүргізді. 18 ғасырға дейінгі ғалымдар ішкі құлақ арфа сияқты қарапайым резонатор болды деп
сенген. 1760 жылы Котунго алғаш рет тірі ұлудың сұйықтыққа толғанын көрсететін зерттеу жүргізді. Бұрын ішкі құлақтағы сұйықтықтың болуы өлгеннен кейінгі ағзаның өзгеруі деп саналды. 1851 жылы Корти жарық микроскопты қолданып, коклеяның күрделі құрылымын сипаттады.
Бұл Гельмгольцке1863 жылы резонанстық теория ұсынуға мүмкіндік берді. Ол механикалық резонанс құбылыстары коклеяда пайда болады, нәтижесінде ондағы күрделі дыбыстар жай тондарға ыдырайды деп есептеді. Серпімді талшықтары бар спиральды мембрананың коклеяның түбі мен шыңында әр түрлі ені болуы (негізі тар, жоғарғы жағы кең) Гельмгольцке оны әртүрлі бөліктер резонанс тудыратын формация деп санауға мүмкіндік берді. әр түрлі биіктіктегі дыбыстарға.