Студенттердің білімдері, іскерлігі және дағдылары келесі қалыппен бағаланады:
Баға
Әріптер жүйесімен
Баллмен
Пайызбен
Дәстүрлі жүйемен
А
4,0
95-100
ӨТЕ ЖАҚСЫ
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
ЖАҚСЫ
B
3,0
80-84
B-
2,67
75-79
C+
2,33
70-74
ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
C
2,0
65-69
C-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,0
50-54
F
0
0-49
ҚАНАҒАТСЫЗ
1.7.Курс саясаты және іс жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары баға алу үшін әрдайым жұмыс істеу қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студент жоғары баға алуы мүмкін. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған баллдарын есептеп жүруі қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кестеде көрсетілгендей);
Cабаққа қатысу;
Студент сабаққа қатысуға міндетті (кейбір жағдайларда жеңілдіктер болуы ықтимал). Жіберілген сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалуы қажет. Пәннің 1/3 себепсіз қалдырса, курстан не шығарылуы, не екінші жылға қалдырылуы мүмкін (студенттің өз төлем ақшасына).
Аудиториядағы тәртіп;
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
Үй тапсырмасы;
Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде (уақытта) орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
Жеке тапсырмалар;
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама ж.т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
Бақылау жұмысы;
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен арнайы бақылау сұрақтарымен және тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізіледі.
1.8. Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
1.Анатомия пәні. Зерттеу тәсілдері, маңызы.
2.Адамның табиғаттағы орыны. Оның биологиялық және әлеуметтік табиғаты.
3.Адам ағзасының дамуы. Іштей даму кезеңдері.
4.Адам ағзасының құрылымдық элементтері: жасуша, ұлпа, мүшелер, мүшелер жүйесі.
5.Жасушаның құрылысы мен бөлінуі.
6.Ұлпаны анықтау, оны классификациялау.
7.Эпителий ұлпасы, түрлері, құрылысы және маңызы.
8.Тірек-трофикалық ұлпа. Шеміршек пен сүйек ұлпасы.
9.Тығыз және іркілдек дәнекер ұлпа. Қан.
10.Қаңқаға сипаттама беру. Сүйектің мүше ретіндегі құрылысы.
11.Сүйектердің жалғану әдістері.
12.Қозғалыссыз және қозғалмалы байланыстар.
13.Буынның құрылысы. Буынның қосымша құрамалары.
14.Буындардың классификациясы.
15.Қаңқаның дамуы. Бірінші және екінші реттегі сүйектер.
16.Сүйектердің ұзына бойы мен еніне өсуі.
17.Омыртқа жотасына сипаттама беру. Омыртқалардың құрылысындағы барлық бөлімдерге тән жерлері.
18.Мойын, бел және құйымшақ омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктері.
19.Омыртқалардың өзара байланысуы. Омыртқааралық буындар: синхондроздар, синостоздар және синдесмоздар.
20.Омыртқа жотасына жалпы сипаттама беру. Іиіндері мен қозғалыстары.
21.Көкірек қуысының құрылысы мен пішіні. Қабырға мен төстің құрылысы.
22.Қабырғалардың омыртқа жотасымен және төс сүйегімен жалғануы.
23.Ми сауытының құрылысы.
24.Бет сүйектерінің құрылысы.
25.Бас сүйектерінің өзара жалғануы, топографиясы.
26.Бет сүйектерінің топографиясы. Контрфорстар.
27.Атлант-шүйде және төменгі жақ буындарының құрылысы.
28.Иық белдеуінің құрылысы. Төс-бұғана және бұғана-акромион буындары.
29.Қолдың еркін қозғалатын бөлігініңтсүйектері.
30.Иық, шынтақ, білезік және қол басы буындары.
31.Аяқ сүйектері. Жамбас белдеуі, құрылысы.
32.Аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің сүйектері.
33.Жамбас, тізе, тілерсек және аяқ басы буындары.
34.Бұлшық ет ұлпасы, оның түрлері.
35.Бұлшық ет талшығының жиырылу механизмі.
36.Бұлшық ет рецепторлары. Қосымша аппараттары.
37.Бұлшық ет күші. Бұлшық ет жұмысы.
38.Бұлшық еттерге классификация беру.
39.Бұлшық ет жүйесінің дамуы және жасына байланысты ерекшеліктері.
40.Арқа, төс және құрсақ бұлшық еттері.
41.Бас, мойын бұлшық еттерінің бекітілу жерлері.
42.Иық белдеуінің бұлшық еттері және бекитін жерлері.
43.Қолдың алдыңғы және артқы бұлшық еттері.
44.Жамбас белдеуінің бұлшық еттері.
45.Аяқтың алдыңғы, артқы, латеральді және медиальді бұлшық еттері.