Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит ауруы пайда болады. Мешелмен ауырған балаларда кальцийдің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып борпылдақ болады, дене салмағын көтере алмай аяқ сүйектері қисаяды. Д витамині ультракүлгін сәулесінің әсерінен провитаминнен теріде өндіріледі. Күннің ультракүлгін сәулесі терезенің шынысынан өтпейді, бірақ киімнен өтеді. Сондықтан балаларды қыстың күні болса да дала шығару керек. Д витамині сары майда, жұмыртқаның сары уызында, бауырда көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг.

Е витамині (токоферол). Жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда мөлшері азайса сперматогенез (ерлердің ұрық клеткаларының өндірілуі) тежеледі, сыртқы жыныс белгілері пайда болмайды. Егер әйелде авитаминоз болса, ол бала көтеру қабілетінен айырылады. Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды. Токоферол жануар және өсімдік текті тағамдарда болады. Е витамині денеде қор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада, бауырда, бұлшық етте көп жиналады. Е авитаминозы сирек кездеседі. Тәуліктік қажет мөлшері 1-1,5 мг.
К витаминініңекі түрі бар: филлохинон және фарнохинон. Екеуі де қанның ұюына қатысады. К витамині ішек қуысында бактериялардың әрекетімен түзіледі және азық-түліктің барлығында болады.
Р витамині (флавин, цитрин) қан тамырының беріктігін сақтайды. Авитаминоз кезінде қан айналысы бұзылады. Бұл витамин эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында көп болады.
Антивитаминдер – витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне бейімделген қарсы заттары болады. Олар витаминдердің белсенділігін төмендетеді.