Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары



бет5/20
Дата06.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#14498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәнекер ұлпалары

Дәнекер ұлпалары

Дәнекер ұлпалары да жануарлар организмінің ішкі орта ұлпаларына жатады. Өз кезегінде дәнекер ұлпалары бірнеше топқа бөлінеді: 1) өзіндік дәнекер ұлпалары; 2) арнайы қасиеттері бар дәнекер ұлпалары; 3) қаңқа дәнекер ұлпалары.

Дәнекер ұлпалары басқа ішкі орта ұлпалары сияқты торшалардан және әр түрлі деңгейде жетілген торшааралық заттан тұрады. Дәнекер ұлпаларының қызметтері негізінен торшааралық заттың құрылысы мен олардың физико-химиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Дінекер ұлпалары жануарлар организмдерінде трофикалық, пластикалық, организм ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау қызметтерін атқарады. Дәнекер ұлпаларының жетілуі, оларды құрайтын торшалар мен торшааралық заттың ара қатынасына және торшааралық заттың құрамындағы дәнекер ұлпалық талшықтардың орналасу бағыттарына негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет