Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары


Арнайы қасиеттері бар дәнекер ұлпалары



бет8/20
Дата06.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#14498
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Дәнекер ұлпалары

Арнайы қасиеттері бар дәнекер ұлпалары

Арнайы қасиеттері бар дәнекер ұлпаларының торшалары біркелкі болып келеді. Бұларға ретикулалы, май және пигментті ұлпалар жатады.

Ретикулалы дәнекер ұлпасы ретикулоциттерден және ретикулин талшықтарынан тұрады. Ретикулин талшықтарын ритикулоциттер түзеді. Торлы дәнекер ұлпасы қан жасау мүшелерінің негізін түзіп, аталған мүшелердегі қан жасау процестеріне қолайлы микроорта түзеді.

Май ұлпасы жануарлар организміндегі қуаттың көзі және метаболизм суының қоры болып саналатын негізінен үш глицериндті липидтің қоры. Май ұлпасы организмдегі дене қорғаныс қызметтерін де атқарады. Аталмыш ұлпаны бір-бірінен борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтармен бөлінген май торшаларының топтасып жатқан бөліктері құрайды.

Пигментті дәнекер ұлпасы – құрамында көп өсінділі тармақты пигментті торшалар – меланоциттер болатын талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы. Меланоциттер цитоплазмасында бояғыш зат – меланин пигменті шашыла орналасады. Меланоциттердің ядролары дөңгелек пішінді болып келеді. Жануарлар организмдерінде пигментті дәнекер ұлпасы көздің нұрлы және тамырлы қабықтарында, терінің пигменттелген бөліктерінде кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет