Тығыз дәнекер ұлпалары
Тығыз дәнекер ұлпалары торшааралық затын дәнекер ұлпасының түріне байланысты негізінен өте тығыз орналасқан коллаген немесе эластин талшықтары құрайды. Бұлардың негізгі аморфты заты мен торшалары борпылдақ дәнекер ұлпасымен салыстырғанда аз болады. Тығыз дәнекер ұлпаларының торшаларын фиброциттер деп атайды.
Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпалары талшықтарының түріне байланысты өз кезегінде коллегенді және эластинді тығыз дәнекер ұлпалары болып бөлінеді.
Коллегенді тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы бұлшық ет сіңірлерін, беткей және терең шандырларды, буындар байламларын құрайды.
Эластинді тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы бассүйек, мойын және көкірек омыртқаларын өзара байланыстыратын желкені, жота үстілік және жота өсінділері аралық байламдарды құрайды. Оның құрылысы коллегенді тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасына ұқсас. Тек, коллеген талшықтарының орнында эластин талшықтары болады.
Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы тері дермасының торлы қабатын құрайды. Аталмыш ұлпаны да коллеген талшыштарының біріншілік дәне екіншілік будалары құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |