Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары



бет6/20
Дата06.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#14498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәнекер ұлпалары

Борпылдақ дәнекер ұлпасы

Борпылдақ дәнекер ұлпасы жануарлар организмінде барлық мүшелердің құрамында кездеседі. Себебі, аталмыш ұлпа мүшелердегі барлық қан және лимфа тамырлары мен жүйкелердің сыртқы қабықтарын түтікше және қабатты мүшелердің дәнекер ұлпалық қабаттары мен қомақты мүшелердің стромасын құрайды. Әр түрлі дене мүшелерінің құрысы өзгешеліктеріне қарамастан олардың құрамындағы борпылдақ дәнекер ұлпалары құрылысы жағынан бір-біріне тым ұқсас болып келеді. Басқа ішкі орта ұлпалары секілді борпылдақ дәнекер ұлпасы да, торшалардан және торшааралық заттардан тұрады.

Фибробласттар (лат. Fibra – талшық; грек. Blastos – өскін) – борпылдақ дәнекер ұлпасы торшааралық затының негізін құрайтын коллаген және эластин талшықтарының жіпше белоктарын, аморфты заттың гликозамингликандарын, жарақаттың жазылып қалпына келуі кезіндегі жараның өңіндегі ұлпасын, денеге түскен бөгде заттардың сыртқы оқшаулау қыпшықтарын түзуге қатысатын торшалар. Эмбрионды кезеңде олар мезенхимадан, ал туғаннан соң діңгекті торшалардан дамиды. Бұлардан дамыған жартылай діңгекті бастама (ізашар) торшалардан фиброласт торшалары қатарының бірнеше түрлері дамып жетіледі. Оларға: шалафибробласттар, фибробласттар, фиброциттер, миофибробласттар және фиброкласттар жатады.

Шалафибробласттар ішінде бір ядрошығы бар ядроларының пішіні сопақ келген, РНҚ-ға бай цитоплазмасы базофилді боялған, пішіні ұршық сабына ұқсаған аз өсінділі торшалар. Гольдж кешені ядро маңында орналасқан, митохондриялар болады.

Фибробласттар орташа мөлшері 40-50 мкм, өсінділі торша. Оның сопақша келген ақшыл түсті ядросында 1-2 ядрошық болады. Фибробласттың базофилді боялатын цитоплазмасында эндоплазмалық тор мен Гольдж кешені жақсы, ал митофондриялар мен лизосомалар орташа деңгейде жетілген.

Фиброциттер коллаген, эластин белоктары мен гликандарды синтездеу қызметтері тоқталған, фибробласттардың туынды торшалары. Бұлардың пішіні ұзын ұршық сабына ұқсас, ядролары таяқ тәрізді болып келеді. Қанат тәрізді өсінділері болады.

Миофибробласттар құрылысы мен сыртқы пішіні және қызметі бірыңғай сапалы ет ұлпасының миоциттеріне ұқсас. Бұл торшалардың миоциттерден айырмашылығы цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген.

Фиброкласттар фагоцитоздық және гидролиттік белсенділігімен ерекшеленеді. Бұлардың цитоплазмасында лизосомалардың саны өте көп. Фиброкласттар мүшелердің көлемі кішіреюі кезінде, сол мүшелердің борпылдақ дәнекер ұлпалық қабықтары мен қабаттарында көптеп кездеседі.

Перипиттер ұзынша келген сопақ ядролы өсінділі торшалар. Олар капиллярлар эндотелиоциттерінің сыртқы жағына жанаса орналасып, капиллярлар эндотелиоциттерінің сыртқы жағына жанаса орналасып, капиллярлар арнасы диаметрінің өзгеріп отыруына ықпалын тигізеді. Перицит бөлініп көбею арқылы, басқа дәнекер ұлпалары торшаларына немесе бірыңғай сапалы ет миоциттеріне айналып, камбиальды қызметтерді атқаруы да мүмкін.

Адвентициялық торшалар аталуына сәйкес дененің түтікше мүшелері мен қан және лимфа тамырларының сыртқы адвентиция қабықтарын түзетін борпылдақ дәнекер ұлпасында жиірек кездесіп, камбальды қызмет атқаратын жас, пішіні перицитке ұқсас, бірақ, капиллярлардан сәл шалғай орналасатын, ұзынша келген өсінділі сопақша ядролы діңгекті торша. Адвентициялық торшалардан фибробласттар, липоциттер, шырлы торшалар өсіп жетіледі.

Липоциттер (май торшалары) адвентициялық торшалардан дамып жетіледі. Олардың пішіні мен мөлшері, цитоплазмаларындағы май тамшыларының жиналған қоры мен май ұлпасының түріне байланысты. Жас май торшаларындағы, сондай-ақ, қоңыр май ұлпасы липоциттеріндегі жиналатын май тамшылары ұсақ болып келеді және олар бір-бірінен бөлек жатады. Аталған торшалардың дөңгелек келген ядролары цитоплазманың орталағында орналасады. Олардың органеллалары, әсіресе, агранулалы эндоплазмалық торы жақсы жетілген. Липоциттер жетілген сайын май белсенді синтезделіп, май тамшылары үлкейе келе бір-бірімен қосылып, өте үлкен бір май тамшысына айналады да, цитоплазманың үлкен бөлігін алады.

Гистиоциттер немесе ұлпа макрофагтары (грек. Makros – үлкен; fagos – обыр, жемір) – пішіні сопақ немсе ұршық тәрізді моноциттен дамып жетілетін қозғалмалы торшалар. Организмдегі орналасу орындары мен қызметіне байланысты гистиоциттердің пішіні мен мөлшері өзгеріп отырады. Олар жекеленіп немесе топтасып орналасады. Олардың сопақ немесе лобия тәрізді келген ядролары цитоплазмаларының бір шетіне сәл ығыса орналасады. Бұлардың органеллалары жеткілікті деңгейде жетілген, олардың ішіндегі ең көбі – лизосомалар.

Лимфоциттер – қаннан ұлпаларға өткен қозғалмалы қан торшасы. Ұлпадағы лимфоциттер негізінен кіші лимфоциттер. Соңғы кездегі ғалымдардың тұжырымдауынша, ұлпадағы кіші лимфоциттер – қан және дәнекер ұлпалары торшалары дамып жетілген діңгекті торшалар.

Плазмоциттер – қанна ұлпаларға өткен В лимфоциттердің туынды торшалары. Қан жасау мүшелерінде Т хеллер лимфоциттері мен макрофагтардың ықпалы арқасында, В лимфоциттердің белсенділігі артып, олар жедел көбейеді де, алдымен плазмобласттарға, одан кейін проплазмоциттерге, соңынан плазмоциттерге айналады.

Плазмобласттар – мөлшері 25-30 мкм ірі торшалар. Олардың цитоплазмасы орталығында орналасқан ақшыл ядроларында 1-2 ядрошық көрінеді. Цитоплазмаларында бос рибосомалар мен полисомалар көптеп, ал митохондриялар мен эндоплазмалық тор сирек кездеседі. Плазмобласттар митоз арқылы бөлініп көбейеді.

Жетілген плазмоциттердің мөлшері 8-10 мкм. Пішіні сәл сопақ және бұрышты келген плазмоциттердің дөңгелек ядросы базофилді цитоплазмаларының бір шетіне ығыса орналасады. Плазмоциттер ядроларының маңындағы ақшыл келген аймақта Гольдж кешені мен центросоманы көруге болады.

Шырлы торшалар (лаброциттер, ұлпа базофилдері) құрылысы қандағы базофилді лейкоциттерге ұқсас. Бірақ, ұлпаларда болатындықтан, олар ұлпа базофилдері деп аталады. Мөлшері 10-22 мкм лаброциттердің пішіні әр түрлі болып келеді. Хроматиндері тығыз жатқан ядролары торша цитоплазмасының орта шенінде орналасады. Лаброциттер цитоплазмаларында цитохимиялық әдістердің көмегімен көптеген ферменттердің бас екендігіанықталды. Лабоциттер дәншелерінің құрамында гепарин, гистамин, дофамин, хондроитин күкіртқышқылының А және С түрлері, гиалурон қышқылы, ал кейбір жануарларда серотонин да болады. Антигендерге жауап беру нәтижесінде, антиген-антидене кешені түзіліп, шырлы торшалар дәншелерінің бұзылуына ықпалын тигізеді. Гистамин гепаринге қарсы әсер етеді. Ол қан тамырлары мен торшааралық заттың өткізгіштігін күшейтіп, антигендермен күресуге гранулалы лейкоциттердің, оның ішінде эозинофилдердің борпылдақ дәнекер ұлпасына өтуәне мүмкіндік тудырумен қатар, осы ұлпалардағы макрофагтардың белсенділігін арттырады. Ұлпа базофилдерінің организмдегі аллергиялық және анафилактикалық реакцияларға қатынасатындығы анықталды.

Ретикулоциттер – пішіні ұзынша келген көп өсінділі, дөңгелек ядролы торшалар. Олар бөліну арқылы көбейіп, басқа дәнекер ұлпалары торшаларына айналуы ықтимал. Көбіне ретикуоциттер бір-бірімен өзара өсінділері арқылы жалғасып, торшалар байланысын құрайды. Ретикулоциттер ретикулин тылшықтарын түзеді.

Дәнекер ұлпаларының торшааралық затын негізгі пішінсіз (аморфты) зат және коллеген, эластин, ретикулин талшықтары құрайды.

Коллаген және элластин талшықтарын фибробласттар, ал ретикулин талшықтарын ретикулоциттер жасайды. Коллаген талшықтары тропоколлаген белогінің молекулаларынан құралған. Олар борпылдақ дәнекер ұлпасында әр түрлі бағытта бір-бірімен торлана орналасып, тіректік қызмет атқарады. Коллаген талшықтарын қайнатқанда жануарлар желіміне айналады. Коллаген талшықтары бұлшық еттер сіңірлері мен буын байламдарын, тері қабаттарын құрайды. Эластин талшықтары серпімді қасиеті бас эластин белогін түзеді. Олар коллеген талшықтарына қарағанда жіңішке болып келеді. Борпылдақ дәнекер ұлпасында эластин талшықтары коллаген талшықтары аралығында торлана орналасып, созылып және бұрынғы қалпына келіп, серпімділік қызметін атқарады. Ретикулин талшықтары химиялық құрамы мен құрылысы жағынан коллеген талшықтарына ұқсас. Айырмашылығы – олар коллаген талшықтары сияқты ірі шоғыр будалар түзбейді. Негізгі аморфты зат - болпылдақ дәнекер ұлпасының торшалары мен талшықтары аралықтарында орналасқан пішінсіз мөлдір құрылым. Оның құрамына қан белоктары, гормондар, амин қышқылдары, қант, су тағы басқа заттар кіреді. Аморфты зат арқылы ұлпа сұйығы үздіксіз қозғалыста болып, ағып жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет