ҚОРЫТЫНДЫ Денсаулық — адамның толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік амандығы қалпы (Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының жарғысы бойынша).
Өкінішке орай, соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығы мен даму қарқандылығы көрсеткіштерінің едәуір төмендеуі үрдісін айқындап отыр. Бұл өмірдің экологиялық жағдайының нашарлауына, тамақтанудың теңгерімсіздігіне, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы сауықтыру және тәрбиелеу-дамыту жұмысы деңгейінің төмендеуіне байланысты.
Ғылыми зерттеулердің талдамасы қазіргі мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығының жағдайы мынадай тенденциялармен сипатталатынын көрсетті: қимыл-тірек аппараты бұзылуының жиілігі (75 %), 60
ағзаның функционалдық ауытқуларының жиілігі (70 %), созылмалы аурулардың жиілігі (50 %). Жылдан жылға балалар балабақшаға нашарлаған денсаулықпен және туа біткен патологиялармен келеді. Қазіргі таңда ең кең тараған аурулар қатарына шиеленіскен респираторлық жұқпалы аурулар жатады. Оған лор-аурулары мен тыныс алу және аурулар мен жүрек-тамыр аурулары жатады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі алдында әрбір баланың мүмкіндіктері мен қабілеттерін анағұрлым толық ашу үшін жағдай жасау мүндеті тұр. Ол үшін балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру, баланың денсаулығын сақтайтын педагогикалық үдеріс ұйымдастыру, олардың денсаулықты құндылық деп бағалай алуын тәрбиелеу қажет.
Осы міндетті орындау мақсатында біз мектепке дейінгі білім беру ұйымының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыратын іс-шаралар жүйесін құрып тексеруді ұйғардық. Эксперимент Павлодар қаласының №10 балабақшада жүргізілді.
Жалпы педагогикалық тәсілдерден басқа, қозғалымдылығы жоғары және төмен балаларға серуенге шыққанда, дене шынықтыру сабақтары болмаған күндері ойын-жаттығулар түрінде өзіміз арнайы іріктеп, әзірлеген қимылды тапсырмаларды ұсындық.
Эксперименттік жұмыс барысында балалардың қимылдарды дамыту жұмыстарын ұйымдастыру нысандарында меңгерген қимыл икемділігі мен дағдыларының өз бетінше (дербес) әрекетке ауысу құбылысы анықталды.
Жеке-саралы жүргізілген жұмыс эксперименттік топтағы балалардың дербес әрекеттерінің мәніне оң ықпалын тигізді. Күні бойы жалпы салмақты белсенділік, жақсы көңіл-күй, әрекеттің алуан түрлеріне қызығушылық байқалды.
Эксперименттік топта қозғалымдылығы орташа балалардың саны артып, қозғалымдылығы жоғары және төмен балалар азайды. Бақылау тобындағы өзгерістер елеусіз.
Сонымен, ұсынылған мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың қимыл белсенділігін реттеудің педагогикалық тәсілдері балалардың дербес әрекеттерінде әр түрлі дене жаттығуларын ұтымды пайдануына, сондай-ақ қозғалымдылығы орташа және төмен балалардың қимыл белсенділігінің артуына елеулі ықпалын тигізді деп қорытуға болады.
Мектепке дейінгі білім беру сапасы бірнеше факторлардан тұрады: жағдай сапасы, мазмұнның сапасы, нәтиженің сапасы, бірақ осының негізінде педагогтердің кәсіби іскерлігі болып табылады. Сондықтан, денсаулық сақтау мәселелері бойынша педагогтердің құзыреттіліктерін көтеру бағытында жұмыс өткізілді. Медико-педагогикалық отырыстар (Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын оңтайландыру жолдары»), дөңгелек үстел («Эксперименталдық жұмыс жағдайында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру), семинарлар («Балалардың әлеуметтік және тұлғалық дамуында валеологиялық мәдениетін тәрбиелеу», «Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде сауықтыру жұмысын үйлесімділеу), кеңестер
61
(«Эксперимент барысында денсаулық сақтауға бағытталған әрекетінің дамуы»), шебер-класстар, балалардың психологиялық денсаулық сақтау мәселелері бойынша тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар құрастырылды.