Денсаулық сақтау технологиялары - мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде Педагогика және психология мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының
магистрі академиялық дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертация
6М010300-Педагогика және психология
ПАВЛОДАР - 2014
ББК 74.204.2 А 46 Аңдатпа Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетіне тигізетін ықпалы қарастырылады.
Аннотация Рассматриваются влияние здоровье сберегающих технологий используемых в дошкольных учреждениях на подвижную активность детей дошкольного возраста
Annotation Discusses the impact of health saving technologies used in preschools in the mobile activity of preschool children
Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз - оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.
Оқу үрдісін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру оқушыда денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде оқушы денсаулығын сақтау мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер қимыл аздығының адам ағзасына тигізетін теріс ықпалын анықтап отыр. Бұл туралы өткен ғасырлардың ғұламалары Платон, Ибн Сина, Хуа Го да айтқан болатын. Әйгілі орыс дәрігері М. Мудров «денсаулықты сақтау үшін, ал бәрінен бұрын аурудың алдын алу үшін қимыл жаттығуларынан артық еш нәрсе жоқ» деген екен.
Қимыл белсенділігі әрбір адамның, әсіресе баланың денсаулығы мен психофизикалық дамуының тиімділігін анықтайды.
Осыған байланысты баланың денсаулығын сақтау және оның үйлесімді дамуы үшін бүгінгі мектеп жасына дейінгі баланың қимыл белсенділігінің тапшылығы жағдайында осы мәселені шешу үшін заманауи денсаулық сақтау технологияларының ықпалын анықтайтын зерттеулер қажет. Айтылғанға орай, біздің зерттеуіміздің тақырыбы, сөзсіз, өзекті болып табылады.
Осы мәселеге орай, диссертация жұмысының тақырыбы: «Денсаулық сақтау технологиялар - мектепке дейінгі жасындағы балалардың қимыл әрекетін белсендіру ретінде» деп анықталады.