Жалпақ табандылықтың алдын алу жаттығулары
Жалпақ табандылықтың алдын алу үшін бұлшық етті шынықтыру қажет. Жалпақ табандылықпен кіші жастан бастап күресе бастайды. Ол үшін арнайы жаттығулар, таза ауада жүру, организмді сауықтыру, рационалды тамақтану, әр түрлі қозғалыстар мен табанды сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.
Жалпақ не қалыпты табан ба? Оны қалай анықтауға болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін аяққа сұйық май жағып, қағаз жабыстырып 1-1,5 минуттан кейін алып қарау. Егер табан екі шеңбер тәрізді құраса, жалпақтабан жоқ, ал толық табан жасалса, жалпақ табандылықтың бар болуы не басталуын көрсетеді. Өлшемі бойынша 1:4 – дұрыс, 2:4- жалпақтау , 3:4 – жалпақ.
Жалпақ табандылықтың алдын алудың ең тиімдісі дұрыс аяқ киім алу. Аяқпен бірдей болу керек. Балаларда өкшесі биік емес аяқ киімнің биіктігі 5- 8 мм. Жалпақ табандылықтың алдын - алу жаттығуларын пайдалану табанға және саусаққа пайдалы. Ең тиімдісі - таңертең не түскі ұйқыдан кейін бала тұрғанда жаттығуларды жалаңаяқ орындау, күніне бірнеше рет жасау қажет. Ал дәрігер мамандар әрдайым кешкі уақытта аяқты бөлме температурасында ұстауды талап етеді. Жазғы уақытта жүру процесін жалаңаяқ құмда, ұсақ тастың үстімен, кедір-бұдыр заттардың үстімен , суда жүру жаттығуларын жүргізу қажет.
Жалпақ табандылықтың алдын-алу мақсатында мына жаттығулар пайдалы:
1.Сымбатты түзу ұстап, нәскимен қол белде, басты түзу ұстау. 2.Аяқты ішке қарай қаратып жүру, саусақты ішке қарай қысу, табанды бір-біріне түзу ұстау.
3. Кедір-бұдырлы таяқшаның үстімен жүру.
4. Бір орында аяқ ұшымен тұрып, жүру, аяқты жерден алмай және де табанды жоғары көтере жүру.
5.Қалың жіптің және таяқтың үстінде жанымен жүру.
6. Диаметрі 3см таяқты алға-артқа домалату.
7.Қолмен ұсталып аяқ ұшымен отырып тұру.
Қосымша жаттығулар:
Ұйқыдан кейін отырып қолды артқа тіреп, бақаймен заттарды домалату, бір-біріне беру, бақайларды бүгу, жан-жаққа ашу, аяқты жоғары көтеру, аяқ табанымен айналу , бір аяқпен келесі аяққа массаж жасау пайдалы. Табанды шынықтыру арқан үстімен жүру, гимнастикалық сатыға өрмелеу және жіпте жорғалау пайдалы. Бұл жаттығулар бұлшық етті нығайтып, жылдамдылықты жақсартады.
42
Достарыңызбен бөлісу: |