Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде


Стретчинг активті, пассивті, динамикалық, балистикалық және статикалық болады



бет13/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
РЕФЕРАТ О 10 НЕД

Стретчинг активті, пассивті, динамикалық, балистикалық және статикалық болады.
∙ Стретчингтің активті жүйесі дегеніміз – адамның өз денесімен өздігімен созылмалы жаттығулармен айналысуы.
∙ Стретчингтің пассивті жүйесі дегеніміз – айналысатын адам қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады.
39
∙ Стретчингтің балистикалық жүйесі өзінің айналмалы әрекеттерімен орын алады. Сол арқылы бір іс-әрекет екінші іс-әрекетке білдіртпей көше береді.
∙ Стретчингтің статикалық жүйесі бір жаттығудың көп уақыт бойы созылуы. Басқа жүйелерге қарағанда, бұл түрі ыңғайлы әрі зақымсыз болып келеді.
Егер сіздің балаларыныз стретчингпен айналасатын болса, мынаны ескеруіңіз қажет – жаттығулардан шығатын қорытынды тек өзінің денесіне ғана тән болады. Стретчингепен айналысушыларға ең басты шарты – ол жаттығуларды тастамай уақытында жасап тұру және оған тырысу керек.
Стретчинг жаттығулары:
Стретчинг – жас шамасына қарамайтын және майысу қабілеттілігін арттыратын, барлығына өте керек әрі пайдасы мол созылу жаттығулары. Жақсы нәтижелерге жету үшін сіз күнделікті жасайтын жаттығулар қатарына үлкен топ жаттығуларды біртіндеп те немесе өз қалауыңыз бойынша таңдап та жасауыңызға болады.
Неге көңіл бөлу керек
Әрқашанда тек мүмкіндігінше ғана созылыңыз. Өзіңізді жағымды әрі еркін сезінуіңіз керек. Егер ауруды сезінсеңіз – онда жаттығулар жасағанда шектен тыс созып жібергеніңіз.
- Ешқашан жиырылмаңыз, бірақ жаттығуды «кідіртіп» тұрыңыз. - Созылу жаттығуларына ең ыңғайлы уақыт – ол басқа аэробикалық жаттығулар және жүруден шаршаған кезде жасаған жөн.
- Созылмалы жаттығуларын жасап жатқанда дұрыс демалуды ұмытпаңыз. Ең бастысы – дем алуды және дем шығаруды көпке созбаңыз. Ең дұрыс әдісі қарапайым және еркін түрде дем алып, жаттығулар арасындағы үзілісте дем алу мен дем шығаруды терең жасауға болады.
Сымбаттың бұзылуы және оны емдеу
Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбаты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.
Адам денесінің сымбаты жас кезден бастап қалыптаса бастайды. Бұл тек сұлулық жағынан ғана емес, анатомия және физиологиялық тұрғыдан қаралады. Демек, дене құрылысы сұлу да сымбатты келген адамдардың ішкі мүшелері дұрыс жұмыс істейді деген сөз. Әсіресе, жүрек, өкпе, бауыр мүшелері дұрыс, қалыпты жағдайда жұмыс істегенде адамның жүріс-тұрысы, әрбір қозғалыстары артық жүктеме түсірмей еркін орындалады. Ал мүсін келбеті бұзылған кезде, басын салбыратып еңкейіп жүреді. Мұндай адамның жүріс-тұрысы епсіз, қозғалысы сылбыр болады. Бұлай болатын себебі, ішкі

40


органдардың функциялық қызметінің бұзылуынан бала өзінің қозғалысын және аяқ-қолдарының қимылын үйлестіре алмайды.
Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты болады, өйткені ол - бүкіл қаңқа сүйекті біріктіріп тұрған негізгі буын. Сымбат бұзылуының түрлерін қалай білуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет