Дәптері қҰрастырған педагог-психологтар


«Сүйсінген және ренжіген» ойыны



бет30/31
Дата13.02.2023
өлшемі156,12 Kb.
#67627
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ЕРЕКШЕ НАЗАРҒА АЛЫНҒАН ОҚУШЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

«Сүйсінген және ренжіген» ойыны
3-4 рет терең дем алыңыз да көзіңізді жұмыңыз, сүйсінген және ренжіген уақытта не жасайтыныңызды ойланыңызшы. Бірінші сүйсінген сәтіңізді елестетіңіз. Осы тұста сіз не сезіндіңіз? Сүйсінуіңізді денеңіздің қай жерінде сезіндіңіз? Сонда сіз не жасайсыз? Енді ренжіген сәтті елестетіңіз... Не сезіндіңіз? Денеңіздің қай тұсында не пайда болды? Не жасайсыз?
3-4 рет терең дем алыңыз да, көзіңізді ашыңыз, ренжіп жүрмін деп анық та айқын ойлап, бөлмеде ары-бері жүріңіз. Бір минутке тоқтап қалыңыз. Көңіл-күйіңізді өзгертіңіз. Сүйсінген сәтте өзіңізді қалай ұстар едіңіз, еш қысылмай өзіңізді еркін ұстаңыз...
«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы
«Күннің көзі шығып тұрғанда, мен.... туралы ойлаймын»...
Далада жаңбыр жауып тұр деп ойлаңыз. Мұндай күндері сен не туралы ойлайсың? Не сезінесің? Не жасайсың? Енді күннің көзі шығып жайма шуақ тамаша, сен ұнатқан жыл мезгілі деп елестет. Осындай күндері сен не ойлайсың? Не сезіндің? Не жасағың келеді? Осыны бейнеле.
Талдау.
Сабақтың рефлексиясы
Мен бұл сабақтан алған тәлімім...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені...
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу»
Жаттығудың қорытындысы

7 сабақ. «Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»


Мақсаты:

  • бас тартқан жағдайдағы әлеуметтік дағдыларды дамыту;

  • бақылау және өзін-өзі қадағалау сәттеріндегі дағдыларды дамыту;

  • қарым-қатынастың вербалды және вербалсыз құралдарын дамыту;

Төмендегідей бірнеше көріністерді талдайық:
Нұсқау: Қатысушылар жұпа бөлінеді де, бірінші қатысушы екіншісіне төмендегіше жағдайлармен өтініш жасағанда, екінші қатысушы ренішті, сенімді, сыпайы түрде бас тартады, рөлдерімен алмасады, соңында талданады:
- Кәне, әзірше ересектер жоқ кезінде мына велосипедпен дүкенге дейін барып келейік.
- Маған добыңды силашы, саған жаңа доп алып береміз деді ғой.
- Саған компьютерлік ойындарды үш күннен соң әкеліп берсем болады ма?
- Фотографияларыңды көруге бере тұршы? т.б.
Талдау:
Сыпайы бас тарту қиынға соқты ма, әлде басқаша түрлері қалай әсер етті?
Өтінішпен сұраған уақытта сізде қандай сезімдер пайда болды?
Өтінішіңізді орындаудан бас тартқан уақытта қандай сезімде болдыңыз?
Бас тартқан уақытта біреудің сезіміне нұсқан келтіріп, көңілін қалдырамыз-ау деген ой болған кездері болды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет