Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»


Дәріс 5. Әлеуметтік жұмыстың принциптері



бет10/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Дәріс 5. Әлеуметтік жұмыстың принциптері
Әлеуметтік жұмыс принциптері. Әлеуметтік жұмыс принциптері әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмектің тиімдңлңгңн қамтамасыз етеді. Принцип – бұл қандай да іс-әрекеттің жетекшілік ережесі, басты талап, негізгі идея. Әлеуметтік жұмыстың принциптері жалпы гуманитарлық құндылықтармен және метадеңгейдегі құндылықтармен анықталады Мысалы, адамның өмір сүруге құқысы, бостандық, теңдік, шындық, әлеуметтік жауапкершілік, бейбітшілікті қамтамасыз ету. Осылардың негізінде қиын жағдайдағы адамдармен жұмыс жасауға талаптар қойылады. Осы негізде принциптердің бірінші тобы: клиентоцентризм, әлеуметтік қызметкердің клиенттің өзіндік күшіне арқа сүйеуі, конфиденциалдық, универсалдық, толеранттылық. Әлеуметтік жұмыс клиентті өзінің құндылықтар жүйеісінің орталығына қояды. Сондықтан, клиентоцентризм, яғни, әлеуметтік қызметтің клиентінің қажеттелектері, қызықғушылықтарын қорғау және сыйлау басты орында.
1. Клиентоцентризм принципі адамға оның әрекеттері, өмір сүру салты жалпы моральдық нормаларға сәйкес келдмесе де өзіндік таңдау жасауға құқық беруге негізделген. Клиентоцентризм принципі әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін шектейді, өйткені клиент азамат ретінде әлеуметтік қызметтен бас тарту құқығына ие.
2. Клиенттің өзіндік күшіне сүйену принципі. Бұл принципті жүзеге асыру клиенттің ортаның жағымсыз ықпалдарына қабілетін арттырумен байланысты.
3. Конфиденциалдық принципі клиенттің жеке өмірдің субьектісі екендігіне байланысты. Түрлі қиын мәселелер кең тарағанды қаламайды. Түрлі ақпараттарды таратпау әлеуметтік қызметкерден құжаттармен жұмыс істеуде жауапкершілікті, қарым-қатынаста өзін бақылауды талапетеді.
4. Универсалдылық принципі клиенттің жынысы, діні, ұлты, саяси көзқарастары т.б. сыйластықпен қарауды талап етеді.
5. Толеранттылық принципі әлеуметтік қызмет маманын клиент жағынан болатын агрессия, провокацияға шыдамдықпен қарауды талап етеді. Мысалы, дау-жанжалға бармау, қайырымдылық, біріккен іс-әрекетке ұмтылыс т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет