Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»



бет18/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Әлеуметтік жұмыстың негіздері

Тұрақты мекен-жайының болмауы – экономикалық ресурстарының жетіспеушілігімен қатар тіршілік ету жүйесінің – адамдық «микроәлемінің» бұзылуымен байланысты, ерекше тұлғалық проблема. Мұндай проблемасы бар индивидтер «бомж» деп аталады, олар қаңғып жүруге мәжбүр. «Қаңғыбас» сөзінің өзі сөздікте «нақты ісі жоқ үйсіз адам» дегенді білдіреді.Қаңғыбастықтың негізгі себептері: отбасылық, мекен-жайлық, адамның моральдық проблемасы және психикалық ауру. Осыған байланысты тұрақты мекені жоқ адамдарды шартты үш топқа бөлуге болады:Бірінші – отбасылық және өмірлік жағдайлардың әсерінен қаңғыбастық жолына түскен, еңбекке жарамсыз жастағылар (отбасында тұру мүмкін емес, ауру, жалғыздық, кәрілік алжу).Екінші – бостандықтан айыру орындарында болғандықтан не үйді сатып алу-сату кезінде алдағандықтан құжаттарынан айырылған және өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі жоқ индивидтер.Үшінші – еңбекке жарамды жастағы, бірақ оған құлқы жоқ, ішімдікке салынған, өз үйін сатып жіберген адамдар.
Отбасындағы дау-жанжал және қатал қарым-қатынас. Отбасындағы мүшелер арасындағы дау отбасы функциясының бұзылуына, оның мүшелерінің қажеттіліктерінің өтелу үрдісіне әсер етеді. Халықаралық нормаға сәйкес қатал қатынасқа психикалық не физикалық күш көрсетудің барлық түрлері, ұру т.б. жатады. Әдебиеттерде күш көрсету әрекеттерінің төмендегідей формалары бөлінген:психикалық (эмоционалдық), жыныстық күш көрсету, өмірлік қажеттіліктерге қарамау.Физикалық күш көрсету дегенде кісі өлтіру, соғу, тамақтан, медициналық көмектен бас тартқызуды түсінеміз.Жыныстық күш көрсету дегенде зорлау, инцестті түсінеміз.Өмірлік қажеттіліктерге қарамау, орындамау дегенде ата-аналар не оның орнын басатын адамдар балаға тамақ, киім бермеу, гигиеналық талаптарды орындамау.Үйдегі күш көрсету обьектісіне әдетте психологиялық немесе физикалық жағынан әлсіз отбасы мүшелері әйелдер, балалар, қарттар жатады. Отбасылық қаталдықтың үш типі бар: 1) ата-аналар жағынан балаларға; 2) ерлі-зайыптылардың біреуінің екіншісіне; 3) балалар және немерелер жағынан қарттарға.
Жалғыздық – бұл тұлғаның ішкі әлемі мен байланыстың бұзылуынан болатын, кешенді жағымсыз сезімдер туындайтын күйзеліс.Жалғыздық жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырылмайтын индивидтің өзара әрекеті, сыртқы ортамен әлеуметтік қатынастың жетіспеушілігінен пайда болады. Жалғыздықтың екі типін көрсетуге болады: эмоционалдық жалғыздық (ерлі-зайыптылық секілді тығыз интимдік қатынастың болмауы); әлеуметтік жалғыздық (маңызды достық байланыстардың болмауы).Мұндай жағдайлар көбіне үлкен қалаларда кездеседі.Әлеуметтік жалғыздықтың қандай да бірәлеуметтік өзгерістерге не белгілі топтан шығып қалуға байланысты болатын көптеген мысалдары бар. Оларға қарттар, қайыршылар, әрекеті жалпы қабылданған нормалардан шығып кеткен адамдар, кейде жасөспірімдер мен әйелдер кіреді.Жалғыздық көптеген күйзелістерге алып келеді, бірақ ең бірінші ол үміттің жоғалуына әсерін тигізеді. Ондай адамдар ешкімге керек емес, ұмытылып қалған секілді сезінеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет