Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»



бет11/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Әлеуметтік жұмыстың негіздері

Принциптердің екінші тобы – профилактикалық бағыттылық, әлеуметтік реакция, араласуға әрекеттілігін тексеру –алдыңғымен салыстырғанда басқаша. Олар ерекше көмекпен байланысты.
1. Профилактикалық бағыттылық – жеке проблеманың дамуының түрлі кезеңдерінде қоғамдық ресурстарды шығарудың айырмашылықтарымен шартталған. Неғұрлым себептерді ерте тапса, соғұрлым мемлекеттік құралдар және мамандардың күштері қиындықты жеңуге аз күш жұмсайды.
2. Әлеуметтік жұмыстағы тікелеу реакция көмекті оптимизациялауға жағдай жасайды. Бірақ, кейде қиын жағдайдағы адамға бірден көмек көрсету оның өміріне, денсаулығына кері ықпалын тигізуі мүмкін. Бірден реакцияны қажет ететін жағдайларға кәрілік шақтағы өзіне қызмет көрсетуден айырылу, балаларға деген күш көрсету, қорқыту т.б. жатады.
3. Араласу әрекетін тексеру кәсіби көмек басқа да әлеуметтік аурулардың пайда болмауына кепілдік бере алмауымен байланысты. Сондықтан әлеуметтік қызметкер әлеуметтік қызметтен, төлемнен бас тартқан клиентті үнемі назарында ұстауы тиіс.
Принциптердің үшінші тобының маңыздылығы - әлеуметтік құқықтарды қорғау және әлеуметтік ресурстарды максимизациялау - әлеуметтік қызметтегі қоғамдық және мемлекеттік ресурстар, бұл ресурстардың берілу тәртібінің ролімен түсіндіріледі.
1. Әлеуметтік құқық әрбір азамат үшін қажет. Қиын жағдайдағы адамдар қосымша құқыларына байланысты ресурстарды пайдаланады. Бірақ, мемлекеттің, әлеуметтік қызметтің мүмкіндіктері шектеулі , сондықтан мемлекеттік емес және формальды емес институттардың көмегі қажет.
2. Әлеуметтік ресурстарды максимизациялауда әлеуметтік қызметкер клиенттің құқыларын сақтауға жауапкершілігімен қатар, керек кезде оның құқыларын кеңейтуге, қосымша ресурстар беруге міндетті. Мысалы, ребилитация, ресурстарды тікелей беру т.б.
1. Реабилитация механизмі – бұл толықтай не шағын бөліктері жоғалған ресурстарды қалпына келтіру. Ең белгілілері медициналық, кәсіби, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық реабилитация. Психологиялық реабилитация ішкі кризисті басынан кешірген адамдарға (жақындарынан айырылғандар, өзінің жазылмайтын ауруын білгендер, жұмысынан айырылғандар,суицидке дайын адамдар, басқа да стрессогенді жағдайдағылар) бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет