Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»


Дәріс 11. Клиенттің тұлғалық проблемаларының түрлері



бет17/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
Әлеуметтік жұмыстың негіздері

Дәріс 11. Клиенттің тұлғалық проблемаларының түрлері.
Жетімдік. Өз бетімен кету. Аз қамтамасыз етілуЖұмыссыздық. Тұрақты мекен-жайының болмауы. Отбасындағы дау-жанжал және қатал қарым-қатынас. Жалғыздық
Жетімдік. Бұл өмірлік қиын жағдаят «бала – ата-ананың өз функциясын жүзеге асыруы»жүйесінде қарастырылуы мүмкін. Заңға сәйкес жетімдер деп жастары 18-дейінгі, ата-аналарының екеуі де қайтыс болған, не біреуі және қараусыз қалған балалар аталады. Ата-аналардың негізгі функциясы (тамақ табу, күту, киіммен қамтамасыз ету т.б.), тәрбиелеу (отбасы тәрбиесі, білім беруді ұйымдастыру), психологиялық қолдау, бақылау. Ата-аналықтың жаратылыстану-әлеуметтік институты фактілі түрде бала мен қоғам арасында уақытша байланыстырушы ролін атқарады. Баланың мұндай байланыстырушыдан айырылуы адамдық қажеттіліктерді және әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуде үлкен қиындықтарға алып келеді. Өз бетімен кету ата-аналардың бала тәрбиесімен айналыспау, бақыламау сияқты өз функцияларын атқармаудан пайда болады. Өз бетімен кетудегі ең қиын жағдай ата-ана мен баланың толықтай айырылуы (не тұрақты орнының болмауы, ата-анамен не оның орнын басатын адаммен байланыстың болмауы). Өз бетімен кетудің тұлғалық астары қалыпты өмір сүру және тәрбиелену үшін қажетті жағдайлардың болмауынан, және қылықтың, уақыттың бақыланбауы әлеуметтік дезадаптацияға алып келеді. Өз бетімен кетудің себебі отбасындағы қатал қарым-қатынастан, ата-анамен арадағы дау-жанжалдан баланың үйден кетіп қалуы. Олар ата-ананың үйінде не әлеуметтік мекемеде болмауы (вокзал, жылу коммуникацияларында қону), түсті металл, шөлмек жинау, жезөкшелікпен айналысуға байланысты. Аз қамтамасыз етілу витальды және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы материалдық ресурстардың жетіспеушілігі. Аз қамтамасыз етілген еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың өмірлік қиын жағдаяты төмен әлеуметтік статус пен жетіспеушілік кешенінің қалыптасуымен, әлеуметтік апатияның өсуімен, әлеуметтік стандарттардың төмендеуіне, мемлекетке, қоғамға, адамдардың кейбір топтарына, индивидтерге деген агрессивтіліктің дамуымен сипатталады. Материалдық қиындық көрген кәрілік шақтағы адамдарда өздері еңбек еткен, салық төлеген, соғыста қорғаған мемлекетке деген кері сезім пайда болады.Жұмыссыздық еңбек етуге дайын, бірақ, жұмысы және табысы жоқ еңбекке қабілетті адамдардың проблемасын көрсетеді. Жұмыссыздық – адам қандай да бір себептерге байланысты өндірістік іс-әрекетте жоқ, боссыздықтың бір түрі. Дегенмен, бос адам еңбек етуге дайын болмауы да мүмкін.Жұмыссыздықтың тұлғалық проблемасы материалдық ресурстарының болмауы, қоғамдағы орнын жоғалтуы, қабілеттер сферасының деградациясы, позитивті өзін идентификациялаудың бұзылуы. А.В.Павченко жұмыссыздардың мінез-құлқының үш типін көрсетеді:
1) белсенділік және саналы сезіну – жұмыссыз белсенді түрде жұмыс іздейді, проблеманы түсінеді.
2) белсенділік және саналы сезінбеу – жұмыссыз белсенді жұмыс іздейді, бірақ оның жұмыс іздеуініңформасы және бағыты өзгермейді.
3) енжарлық – жұмыссыз жұмыс іздеугекүш салмайды, бірақ қиын жағдайды сезінеді (мысалы, жұмыссыз бірнеше рет тау қайтқан соң жұмыс іздеуін тоқтатады, «қалада жұмыс жоқ», «жақсы жұмысқа тек таныс арқылы орналасуға болады» т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет