Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»


Тақырыпқа қатысты дамыған елдің тәжірибесі



бет25/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Тақырыпқа қатысты дамыған елдің тәжірибесі.

«Әлеуметтік жұмыс» – бұл тарихымыздағы жаңа атау, жаңа прогресс болып саналады. Жалпы әлеуметтік жұмыс бірнеше мағынаға ие, мәселен адамдарға көмек көрсету – Ежелгі Римдік философтар «қайырымдылықтың қажеттілігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау» десе, антикалық философтар «құлдарға жанашырлық көз-қарас» деген. Мемлекет өзінің даму мүмкіндіктеріне қарай қабілетті азаматтарды жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген азаматтарға қарау жасайды. Бірақ еңбек процесінде еңбек қатынастарының ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне орай қабілетті жандарды белгілі бір мөлшерде жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Күн санап өсіп келе жатқан мүгедектер саны қоғамға өзінің тәуелділігін жүктей отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Орта ғасырдағы және оның үшінші тоқсанындағы Марксистік әлеуметтік парадигмасының үлкен әсерін назарға алу керек. Әсіресе Еуропада, көптеген индустриалды дамыған мемлекеттерде сол жақтағы күштің даминациялануы күшейеді. Бұл әлеуметтіік проблематикаға үкіметтің қызығушылығының артыуына, қоғамның әлеуметтік құрылымының идеологиясына әсер етуіне, әлумет тану және әлеуметтік жұмыс туралы териялары қажетті деңгейде басқаруда негіз болды. Осы кезеңде АҚШ- та кедейшілікке қарсы бағдарламалар жасалынды, қауымды және жергілікті өзіндік басқару деңгейінде қайта құрулар басталды. Әлеуметтік жұмыстың жаңа медельдарі Швецияда, Канада да Францияда, одан кейін Германияда, Сингапур және Оңтүстік Кореяда қалыптасты. Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс тарихына шолуларда оның мамандық ретінде қалыптасуы қайырымдылық қоғамдардың дамуы және қалыптасуымен байланыстырылады. ХІХ-ХХ ғғ. ІІ жартысындағы әлеуметтік жұмысқа байланысты ерте кездегі теориялық еңбектерде тұлғаның әлеуметтік – тұрмыстық және материялдық жағдайын жақсарту, түзету қабілетіне әлеуметтік көмек субъектісінің әсер ету тиімділігі қарастырылады. Отбасына көмек көрсету, қоғамның, мемлекеттің, соңдай-ақ түлғаның моральді міндеті ретінде болады. Теориялық құрылыс, әлеуметтік жұмыс мәселерерін ғылыми түсіну әлеуметтік көмектің қандайда бір шараларында әдістемеліктің орнау методологиясына, әлеуметтік қызмет көрсету әрекетінің оптималды варианттарын іздестіруге, қатысты болды. Бұл өз кезегінде адамдардың өмір сүру жағдайын зертеудің қоректілі әдістеріне, адам мен қоғамның, әлеуметтік қамуына сүйенуі тиіс.
Әлеуметтік жұмыс туралы алғаш рет біздің эрамызға дейін Вавилонда 1750 жылы кедей адамдарға қамқорлық жасау, туыс адамдарды сүю туралы құжаттар шыққанда айтыла бастады. Ертедегі Грецияда «филантропия», яғни «адамдарға сүйіспеншілік» деген түсінік пайда болды. «Филантропия» сөзі екі бөлімнен тұрады: «фило» (махаббат) және «антропос» (адамзат). Ресейде әлеуметтік жұмыстың бір түрі 1864 жылы пайда болды, яғни реформа кезінде қызметкерлерді үйсіз – күйсіз, ауру, қария адамдардың кішкентай балалардың мұқтажын көруге тиіс болатын. Өз даму стадиясына байланысты әлеуметтік жұмыс түрлі уақыт интервалында әр түрде қарастырылды, әлеуметтік қызметкерден патронаждық медбикелер дағдысына жақын үйге психиатриялық көмек көрсетуден бастап (АҚШ, 1870 ж.), қоғамның әлеуметтік дамуының мемлекеттік бағдарламаларын жасауға қатысумен аяқталады. Әрбір қоғамда оның қажеттіліктері мен осы қажеттіліктерді ұғыну деңгейіне байланысты әлеуметтік жұмыс концепциясы ерекше, бірегей сипатта болады. Бұл нақты әлеуметтік және психологиялық жағдайларды көрсететін мүмкін теориялық және қолданбалы модификациялар алдын – ала қарастырған әлеуметтік жұмыстың жалпы теориясын жасаудың қажеттігін көрсетеді. Шет елдердегі әлеуметтік жұмыстың даму тарихын қарастыра отырып, алғаш рет әлеуметтік жұмыс әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысты болғанын байқау қиын емес. Г.Стейн 1870 жылы Америкадағы әлеуметтік қызметкерлердің бірінші Ұлттық конференциясын Американ ассоциациясы (ASSA) ұйымдастырғанын айтады. Бірақ 1879 жылдан бастап, әлеуметтік жұмыс жеке сала ретінде бөлінде, ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейін ол АҚШ–та, Батыс Европаның дамыған елдерінде социологияның, экономиканың, саяси ғылымдардың ықпалында қала берді. 1920 жылдан бастап, психоанализ идеясының даму әсерінен әлеуметтік жұмыс өз бағдарын мүлдем өзгертіп, бірінші орынға нақты адаммен жұмыс жасау шықты, бірақ енді психиатриялық немесе диагностикалық тәсіл салтында емес, психодинамикалық тәсілде болды. Мұны әлеуметтік жұмыс теоретиктері мен практиктері атап айтқанда, Г.Стейн былай тұжырымдады: «адам проблема емес, адамда проблема бар». Әлеуметтік жұмыстағы психодинамикалық тәсіл шетел әдебиеттерінде бірнеше рет талқыланды ол «психодинамикалық тәсіл», «психодинамикалық кеңес беру», «оқиғамен психодинамикалық жұмыс», психоәлеуметтік тәсіл деп атала береді. Теоретиктердің көпшілігі әлеуметтік жұмыс З.Фрейд пен оның шәкірттерінің келесі идеяларын өзіне сіңіргендігіне келіседі.

  • Клиент табылатын ситуация мен клиент тәжірибесін қабылдау;

  • Клиенттің ең жақындарымен қатынасының өткен тәжірибесін есептеу, анасынан қол үзу, жақсы көрушіліктің жеткіліксіздігі травмаларына, сепарация проблемаларына ерекше назар аударылады;

  • Клиенттің тілек – ықыласының рөлі;

  • Өзгерістерге қарсылық көрсету;

  • Эгоның күшеюіне қажеттілік;

Берілген тұжырымдамалардың әлеуметтік жұмыс теориясы мен практика жұмыстарынан шығатынын байқаймыз, сондықтан, олар психологиялық және психоанлитикалық әдебиеттерде қолданылғандардан кейде еркшеленеді. Әлеуметтік жұмыс әдіснамасының дамуына әсер еткен тағы бір фактор соғысқа дейінгі Америка мен Европадағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер болды. 1930 жылдардағы Ұлы депрессия бірлестіктердегі, топтардағы, отбасылардағы жұмыстың жаңа, белсенді әдістерінің дамуына қозғаушы күш болды. Сонымен қатар қолданбалы әлеуметтік зерттеулер эрасы басталды. Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу объектісі әлеуметтік процестер, көмек көрсету мекемелері болды. Мысалы, ақпаратты тіркеу мен жинақтау әдісі өңделді, ситуацияға араласудың түрлі деңгейлік әдісі, бақылау әдісі жетілдірілді, олардың тиімділігін бағалау үшін критерийлер құрастырылды, қазіргі уақыттағы өзекті проблемалар типімен жұмыс жасайтын агенттіктер жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін жинақтау. Соғыстан кейінгі кезең Батыс Европа мен Америка елдеріндегі әлеуметтік жаңару мүмкіндігіне қатысты үлкен энтузиазммен сипатталады. Отбасы, бала құндылық ретінде жаңа атауға ие болды, баланың дамуына қатысты көп көңіл аударылды. Әлеуметтік жұмыспен аралас салаларда жұмыс жасайтын ғалымдар қатары әлеуметтік жұмыс саласына өз қабілеттерін арнап, өзін идентификациялай бастады. II дүниежүзілік соғыстың өткір қайғысы мен жарасын «емдеу» кезеңінен кейін әлеуметтік қызметкерлер таптырмас мамандар болды (жетімдермен, босқындармен, эмигранттармен, мүгедектермен жұмыс), көмек пен дамытудың зерттеулік және қолданбалы бағдарламалары сияқты ұзақ мерзімді әлеуметтік жобалары қалыптаса бастаы. Сонымен қатар психологияда да тұлғаның проблемаларына қатысты қызығушылықтың жаңа толқыны пайда болды, жаңа психотерапиялық теориялар туа бастады, әлеуметтік жұмыста адамдар мен топтардың дербес жүріс – тұрысы туралы эмперикалық білімдер жинақталды. Батыстағы тұлғаның теорилық психологиясы, әсіресе психотерапия бұл кезеңде эксперименталды алынған мағлұматтар әсерінен дамып қана қоймай, әлеуметтік қызметкерлердің эмперикалық тәжірибесімен толықтырылды. 1950 жылдың ортасында Э. Гринвуд бұл процесті талдай отырып, әлеуметтік жұмыстағы өзіндік теория жасаудың жетімсіздігін байқады. Теориялық жұмыстар пайда бола бастады: 1950 жылдың екінші жартысы жеке әлеуметтік жұмыстың субъектілерін жинақтап қорытатын еңбектердің жарыққа шығуымен белгілі – кеңес беру мен оқиғамен жұмыс жасау бойынша, дербес әлеуметтік жұмыста шешім қабылдау процесі бойынша, топтармен жұмыс жасау бойынша басылып шықты. Г.Стейн «әлеуметтік жұмыс өз білімін ғылымнан, өз рухын философиядан, діннен, этикадан, моральдық құндылықтардан алса, ал өз әдісін адам аралық қатынастардың түсініксіз түрінен алады» дейді. Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік жұмыс дамудың бұл жолын кәсіптен мамандыққа дейін жасады, бірақта осы уақытқа дейін оны кәсіп деген көзқарасты жақтаушылар бар. Г. Койл мамандық ерекшелігінің төмендегідей белгілері бар деп санайды:
– Білімнің өңделген, дакмыған көлемінің болуы;
– Кәсіби стандарттарды белгілеу;
– Кәсіби өз білімнің өсуі;
– Қоғам өмірі мен дамуына айтарлықтай үлес қосу;
Бұл критериийлермен келісе отырып, автор мен оның басқа да жақтаушылары әлеуметтік жұмыс өз дамуында бұл деңгейге анық жетті деп санайды. Біздің қоғамда әлеуметтік педагогтың қызмет аясының кеңдігіне қарамастан, ол жұмыстың мәні, мәртебесі, рөлі туралы халық арасында дұрыс көзқарас қалыптаса қоймаған сияқты. Әлеуметтік педагог жұмысының қаншалықты деңгейде дамып отырғанын шетел тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасау арқылы ғана көруге болады. Атап айтсақ, Ресей, Батыс елдерінде «әлеуметтiк жұмыс» деген атау­мен қабылданған әлеуметтік педагогтер білім беру ұйымдарына әлдеқашан енгізіліп, ол өміршеңдігін дәлелдеп қана қоймай, қоғамдық ортада әлеуметтік педагог мәртебесі кәсiби деңгейге көтерiлгенді. 2009 жылы Копенгаген (Дания) қаласында өткен әлеуметтік педагогтердің XVII Халықаралық конгресс жұмысына әлемнің 42 мемлекетінен, соның ішінде Ресей Федерациясының да өкілдері қатысып, 2 қазан – Әлеуметтік педагогтердің халықаралық күні деп белгіленуі және шешім қабылдануы – осының бір айғағы. Мәселен, Ресейде 20 жыл ішінде әлеуметтік нысандарға кадрлер дайындайтын тәжірибелік алаңдар жұмыс істеп, онда жинақталған теориялық білімдер практикалық тәжірибеге ұласып, әлеуметтік педагог жұмысын дамыту мәселесін шешу нәтижелері нақтыланған. Сол сияқты Поль­шада 1920 жылдан бастап қоғамға енгізілген әлеуметтік қызметкерлер жүйесі тиімді әрекет етсе, АҚШ-та «Әлеуметтік жұмыс» бағдарламалары полицияның және кәмелетке толмағандардың ісі бойынша соттардың, сонымен қатар орта білім мекемелерінің базалық бағдарламалары бойынша құрылып, балаларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетудің нәтижелі деңгейде мол тәжірибесі жинақтаған. Швецияда әлеуметтік педагогтің қызметіне жоғары өкілеттіктер жүктелгендіктен, қоғам алдында зор жауапкершілікке ие әлеуметтік қыз­меткердің ресми мәртебесі өте жоғары, кәсібі беделді, әлеуметтік қызмет муни­ципальді болғандықтан, полицияға немесе сотқа тәуелсіз болып табылады. Саясат, педагогика, психология, әлеуметтану – адамдардың, жеке бастың, топтың және қоғамның толық дамуын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану қоғамды және әлеуметтік қатынасын да тұтастай зерттей келе, ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмысқа қоғам туралы білім береді. Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтанушы болуы тиіс, ол қоғамның дамуы мен құрылысының заңдылығын жақсы бюілуі керек. Әлеуметтік жұмыс та қоғамды, жеке тұлғаны, отбасын, саясатты, дінді жіне тағы басқа зерттеуде, осылардың барлығы білім ретінде керек болады. Философия ерте замнда адамзаттың әлемді тұтас екенін түсіндіру мақсаты негізінде туындаған. Адамның өзінің өмір сүруі, ақыл – есінің болуы және дамуы философиялық мәселені «Мен кіммін?», «Мен және басқа адамдар қайдан пайда болды?» деген философиялық сұрақтар қояды. Ол адамзат труралы жалпы сұрақтарды талқыға салады, оның өмірінің мағынасын және өмір сүруін ашады. Философия ақылмен байланысты. Сондықтан философия әлеуметтік қызметкерге жалпы мәдениет, психологиялық және логикалық феномен ретінде керек. Философиялық білім адамның жеке дара қасиетін көтереді, оны тәуелсіз ойлайтын, өзінше әрекет жасайтын, әрбір адамның тұрмыстық бағасын байқайтын адам ретінде тәрбиелейді. Философияны, логиканы, этика мен эстетиканы және басқа да ғылымдарды білетін адам – мәдениетті адам. Жалпы мәдениет әлеуметтік қызметкердің ажырамас қасиеті болады. Әлеуметтік жұмыс пен тарих бірнеше түрлі өзара байланысты. Тарих процесс кезінде әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі мен теориясы бір – бірінен ажырамайтын құбылыс, ол қоғамның даму нәтижесінде туған. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы қоғамның прогрессті дамуына байланысты. Әлеуметтік жұмыс өркениеттерден және өзіндерден алщшақ жүргізілетін жұмыс. Оның мақсаты – қоғамда тепе – теңдікті сақтау, қоғамдық жан – жан, тарласты болдырмау, ол болып қалған жағдайда, олардың көзін тез арада жою. Әлеуметтік жұмыстың тарихи бөлінуге бай мен кедейдің қоғамына қатысы бар. Ол әуелі бастан – ақ кедейлерге көмектесу үшін пайда болған. Саясат дегеніміз – қоғамды басқару өнері. Мемлекеттік саясат: ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік жұмыс мемлекеттің ішкі саясатына қатысты. Ол әлеуметтік қаулыларда, заңдарда, мемлекет басшысының жаршыларында, мемлекеттік органдардың салықтық жеңілдікқұжаттарында көрініс береді. Әлеуметтік саясат экономикасының дамуына тәуелді және арқашанда өзара байланыста.т Мемлекеттің әлеуметтік саясаты өзінің тұрақты орындалу механизмдері ( әлеуметтік қызметтің көп түрлері, әлеуметтік бағдарлама, мемлекеттік шаралар мен шешімдер ) арқылы халыққа көмек көрсетеді. Мемлекет халыққа ақшалай, азық – түлікпен көмек береді, мүгедектер мен жалғыз қарт адамдарына әлеуметтік қызметкерді тағайындап, жүктейді. Уақытша тұратын үй, тегін медициналық көмек көрсетеді, зейнетақы төлейді. Педагогика – адамды тәрбиелейтін ғылым. Әлеуметтік жұмыс – педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Әлеуметтік жұмыстағы педагогика әлеуметтік жұмыстың негізгі компонентінің өзегі болып табылады, өйткені ақпараттық міндеттер, қоғам туралы білім сұрақтарының қалыптасуы, топтағы қарым – қатынас, қорғаушылықты тәрбиелеу, тұлғаның өзіндік көмекке дайындығын дамыту негізінде педагогикалық әдістермен шешіледі. Мектеп адамды тәрбиелеу барысында, оның өзгеретініне сенім білдіріді, өмірдің соңына дейін сол бір қаліпте қалмайтынына сенеді. Әлеуметтік жұмыс пен педагогика өзара түрлі байланыста. Педагогика адамды бала кезінін тәрбиелеуге, өмірде дұрыс бағыт алуға, тәрбиелеудің өзін – өзі тәрбиелеуге көшу керектігін міндеттейді. Ол адамды қылмыс жолына түспеуге, жаман қылықтардан бойын аулақ алуға, ішкіш, нашақор болудан бас тартуға тәрбиелейді. Екіншіден педагогика өзін – өзі жоғалтқан, жаман жолға түскен адамдарды кері қайтарады. Бұл екуіне де педагогика еңбек тәрбиесіне үлкен мән бернеді. Әлеуметтік қызметкер ең алдымен педагог болуы тиіс, сонымен қоса ол жалпы және медициналық психологиямен қатар, әлеуметтік психолог та ерекше қажет. Әлеуметтік психология екі ғылымның әлеуметтану мен психология ортасында туады. Әлеуметтік психология әлеуметтік топтардың мінез – құлқы мен таптық адам психологиясымен зерттейді. Психология әлеуметтік жұмысқа өзінің әдістерін береді: тест әдісі. Бақылау, сауалнама, анкета жүргізуі, психологиялық эксперимент, жобалау техникасы. Адамға психологиялық қолдау көрсету әлеуметтік жұмыстағы қызметкердің үлкен міндеті, ол үшін онда қажетті психологиялық дайындық болуы тиіс. Әлеуметтік қызметкерлер кез – келген жағдайда адамға алғашқы әлеуметтік – психологиялық қолдау көрсетуі тиіс. Әлеуметтік қызмет әртүрлі дін шеңберін де құдайға жағымды жұмыс ретінде жүргізіледі. Дін мен әлеуметтік көмекті шіркеулерде, мешіттерде жүргізеді. Әлеуметтік қызметкерге адамды қылмысқа итермелейтін діни секталармен күресуге тура келеді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет