Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»


Дәріс №17. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс



бет23/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Дәріс №17. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған Заңына негізделеді. Бұл заң Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
Мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Ал, мүгедектерді әлеуметтік қорғау-мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені болып табылады.
Бүгінгі таңда мүгедектер халықтың ең әлсіз категориясына жатады. Олардың табыстары орта мөлшерден төмен, ал әлеуметтік және медициналық қажеттіліктері өте жоғары. Мүгедектік – бұл бір адамның мәселесі емес, бұл барлық қоғамның мәселесі. Мүгедек деп – белгілі ден ақыл-ой кемшілігі бар еңбекке толық немесе жартылай жарамсыз адам аталады. Мүгедектер өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды, қарым-қатынасқа түсулері қиындаған еңбек пен іс-әрекетке толығымен кірісе алмайды. Сондықтан мемлекет олардың жеке дамуы үшін шығармашылық мүмкіндігін іске асыру үшін белгілі жағдайлар жасайды. [2]
Мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Ал, мүгедектерді әлеуметтік қорғау-мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені болып табылады. Мүгедектік белгісінің бұл анықтамасы әлемдік тәжірибеде бар. Мысалы, мүгедектердің құқы жөніндегі Деклорацияда ( БҰҰ, 1975 ) өзінің бойындағы туа біткен немесе өмірі бойында пайда болған әл-қуаты немесе ақыл-ой кемістігі салдарынан қалыпты жеке және әлеуметтік өмірін өз бетінше қамтамасыз ете алмайтын адам мүгедек деп есептеледі.
Мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Қол-аяғы зақымданғандар, зағиптар, саңыраулар, мылқаулар өз бетінше жүріп-тұра алмайтындар, қол аяғы жартылай немесе толық солып қалғандар көрініп тұрған дене кемістігі бойынша саналады. Сондай-ақ, сырт қарағанда басқа адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ, бірақ сау адамның атқаратын ісін орындауға мүмкіндік бермейтін дертке шалдыққандар да мүгедек болып есептеледі. Мысалы, асқынған жүрек ауруы ауыр жұмысқа мүмкіндік бермейді, бірақ ой еңбегімен айналысуға бөгет жасамайды. Ал, мүгедектерді әлеуметтік қорғау-мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені болып табылады.
Мүгедектермен қызмет ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес жеке меншік мекемелер олардың қалпына келтірілуімен профилактикасымен қоғамға интеграция және кәсіби іс-әрекет мәселелерімен айналысады. Қазіргі қоғамның модернизация жағдайында дене кемшіліктері бар адамдар еңбек нарығында бәсекелестікке түсе алмайды. Жұмыссыздықтың өсу жағдайында олардың еңбекке қатысуы мүлдем төмендейді. Мүгедектері бар отбасылар материалдық және психологиялық қиыншылыққа әлеуметтік саясат жағынан актуальды мәселе болатын мүгедектерге мүкіндігі шектеулі адамдардың құқытарын қорғап, басқа адамдар мен қатар, толық белсенді өмірге қатысуын қамтамасыз ету.
Мүгедектердің әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік демографиялық көрсеткіштері бұл еңбек және қоғамдық іс-әрекеттерге қатысу. Жалақы мен зейнетақылардың мөлшері, товарларды тұтыну деңгейі, білім алу мәселелері. Мүгедектерге арналған көптеген бағдарламалар құрылып, іске асырылып жатыр. Сол бағдарламаға сәйкес мүгедектерге басқа адамдармен қатар, білім алу, еңбек ету, әлеуметтік, кәсіптік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілеріне қатысып, олардың қызметін пайдалану.
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың дамуы олардың интеграциялануына себеп болатын көптеген қалпына келтіру орталықтарының құрылуы. Мұнда кәсіби бағыт беріледі. Психологиялық, құқықтық, ұйымдастырушылық мәселелері бойынша консультация беріледі және еңбекке орналасуға нақты көмек көрсетіледі.
«Егер адам өмірде өзін-өзі қажетті нәрсемен қамтамасыз ете алмаса, мүгедектердің құқығын қорғау туралы Декларациясының (БҰҰ, 1975) келісімімен ол адам мүгедек деп аталады».
Мүгедектік медициналық жағдайға ғана жатпайды, сонымен бірге әлеуметтік-медициналық жағдай болып саналады. Мүгедектерге көмек көрсету технологиясы әлеуметтік-экологиялық үлгіге негізделеді. Мүгедектер өздерінің ауруларына ғана байланысты емес, сонымен қатар, қоршаған ортаның қажеттілігінің жетіспеушілігінен де қиыншылықтар көреді. Мүгедектер әртүрлі топқа бөлінеді. Мүгедектің пайда болу жағдайы бойынша: бала кезден, соғыс мүгедегі, еңбек және жалпы аурулардың
мүгедегі. Жасына байланысты – бала мүгедектер, ересек мүгедектер. Еңбекке жарамды дәрежедегі мүгедектер еңбекке жарамды және еңбекке жарамсыз, І топ (еңбекке жарамсыз), ІІ топ (уақытша жарамды), ІІІ топ мүгедектері (шектеулі жағдайда еңбекке жарамды) болып бөлінеді. Ауруларына қарай мүгедектер мобильді, аз мобильді немесе қозғалмайтын топтарға жатады.
Мүгедектерге мынадай қызмет түрлері көрсетіледі:
-үйге дәрігерлік көмек көрсетіп, әлеуметтік қызметету;
-жартылай стационарлық қызмет көрсету (ауруханада күндіз немесе түнде болу);
-интернаттар, пансионаттар және тағы басқаларына стационарлыққызмет ету;
-ерекше жағдайда жедел әлеуметтік қызмет ету (тамақтануды ұйымдастыру, киіммен, аяқ киіммен, уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету); Әлеуметтік кеңестік көмек көрсетіледі.
Мүгедектер тегін тұрғын үймен, дәрігерлік қызмет түрлерімен, протез, көзілдірік, есту құралдарын, мүгедек арбасын, қозғалу үшін пайдаланатын автокөлік алуға құқығы бар. Қажет жағдайда мүгедектерге жұмысқа орналасуына көмектеседі.
Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту:
-мүгедектерді жеке басы гигиенасының, өзін-өзі қарап-күтудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негізгі әлеуметтік дағдыларына үйретуді;
-мүгедектерді техникалық көмекші орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді;
-басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді;
-жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер көрсетуді: жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруді, естімейтіндігі бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тілі маманын беруді;
-медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуді;
-мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерін қамтиды.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды: медициналық-әлеуметтік мекемелер қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған интернат-үйлер), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталықтар, әлеуметтік қызметті үйде көрсететін бөлімшелер, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) және меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Мүгедектермен жұмыс істеу 2 түрлі бағытта болады: абилитация және реабилитация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет