Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»


Дәріс №16. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс



бет22/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Әлеуметтік жұмыстың негіздері

Дәріс №16. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Қарт адамдар - жасы келген, өздеріне ғана тән өмір тәжірибесі мен салты бар ұрпақ. Қарт адамдар өзіне әркашан ықылас пен қамқорлық тілейтін елеулі әлеуметтік топтардың бірі. Атап айтқанда "үшінші ұрпақ" адамдарының мәселелері көпке ортақ. Жасы 60-тан асқандардың бәріне қоғам тапарынан да, қамқорлық қажет. Ал, біздің елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасып келе жатқан әлеуметтік кызметкер үшін қарттарға деген қамқорлық кәсіби міндет болып табылады. Әлеуметтік қызметкер қарттардың күнделікті тіршілігіне өмектесіп қана коймай, оларды өмірдің осынау бір күрделі кезеңінен қайыспай өтуге үйретуге тиіс.
Адамның салыстырмалы түрде ұзақ жа­са­ған ғұмыры көп сатылы. Ғалымдар өмір жо­лын нәрестелік (бір жасар), балалық (1-13 жас), жастық (13-25), кемелдік (25-49), егделік (49-61), кекселік (61-73), қариялық (73-85) және қаусау (85-тен асқан) кезеңдерге бөліп, әр­қайсысына биологиялық және физиологиялық тұрғыда толық мінездеме береді. Бір ғажабы, ғылыми нұсқалы аталған кезеңдер қазақтың мүшел жас (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85) өлшем­деріне дәлме-дәл келеді. Адам межелі ғұмы­рында қоян жымындай бұралаң, кедірлі-бұдырлы соқпақ, табан тірелмес тайғақ, биік асулы, терең өткелді, сондай-ақ тақтақ даңғыл, әйтеуір, қилы-қилы жолдардың талайынан өтеді. Өмірдің ең баяу сырғитын бөлігі қырық жас­қа дейін ысылады, пы­сиды. Ой және қол еңбегінде шың­далады. Ой өрісі кеңиді. Дү­ние танымы тереңдейді, мо­лаяды. Қоғамдық ортада өз орнын табады. Азаматтық бей­несі әбден қалыптасып, ке­лешек өмір нысанасы ай­қын­далады. Одан әрі тал­пыныс, ілгерілеу, жеделдеген елу, сосын алпыс.
Адам үш түрлі қартаяды.
Ерте тәни қартаю – кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік ­– тектік мүкілік салдары. Жалпы денсаулықтың ақаулығы, ауыр, созылмалы дерт зардабы. Жеке бастың күтімсіздігі, тіршілігіне жауапсыздығы.
Қалыпты физиологиялық қартаю – егделіктен кейінгі жас жігі қапелімде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс. Бұл кезеңге тән: дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік.
Рухани қартаю ­– тән мұқалуынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад кө­мес­кіленуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану. Та­нымдық сезім тұйықталған осы психоло­гия­лық үдеріс кей жағдайда парасатсыз, келеңсіз өмір сүруге организмнің қарсылығы деп тү­сіндіріледі. Қалай дегенде де, рухани қартаю өте сирек кездесетін тіршілік.
Қартайғанда адамның денесі болбырап, қимыл қозғалысы баяулайтыны, іс-әрекеті шектеліп, қоғамдық ортадан қол үзері, жүйке сыр беріп, ой өрістің торығуы, ел өмірі мен төңірегін бұрынғы көзқарасы, дүниетанымен шолатыны және түсінетіні анық. Бұл болымсыздық жеке бастың кемшілігі емес, жалпы ұзақ ғұмыр кешіп қартайғандардың барлығына ортақ көрініс.
Сәнімен қартаю – абырой. Бірыңғай отбасылық өмір қалпына көшкен соң ұлдары мен қыздарының, немерелері мен шөбе­релерінің, құдалары мен жиендерінің шаршы төрінде маңғаз отыру, кіршіксіз ықыластары мен ақ ниетті қамқорлықтарын сезіну, ешнәрсеге мұқтажданбау, ауыл-аймақтың үлкендері мен жастарының инабатты сәлемі мен арнайы сыбағасын қабылдау, ақ батасын беріп, баршасын ризалау үлкен ғанибет. Өз төрінен төмендемей, сыны мен сыйын қаш­тырмай, әдемі қартаю өнеге. Ұлық жасын қа­дірлеу үлгі. Тек осы салиқалықтан жазбағай. Ел өмірінің төрін иеленген қарттық: құрметті этикалық ұғым. Болмысы тұрғысынан екі өлшемді. Адам жарық дүниеде ғұмыр кешкен ұзақ жылдар – сандық және сол сындарлы жылдарда ел игілігіне, халық мүддесіне еткен елеулі еңбегінің молдығы – сапалық өлшем­дер. Екі өлшем сабақтасып, бірін бірі то­лық­тыруы, әрлеуі мен нәрлеуі өткен, қарт­тыққа жеткен адам өмірінің құндылық сипаты; адам баласының баршасының пешенесіне жазыл­маған, бір бөлігіне ғана бұйырған өмір сыйы, мархабаты. Сәнімен жеткен ұлық жасында бір-ақ берілетін өмірдің мәні мен маңызын терең түсінуге, қилы-қилы құбылыстарын, сан-алуан қырлары мен сырын жақсы тануға, оларды қоғамдық өмірдің үдемелі дамуында ұтымды пайдаланудың төте жолдарын іздеуге, өнерлі істе ізгі еңбек үлесін қосуға, қандай да бір өшпес із қал­­ды­рып, кейін­гілерге өнеге тұт­қызуға, қатал сыннан өт­кен шынайы тір­шілік үлгі­ле­рін ұрпағына да­рытып үлге­руге берілген мұ­ра; мінсіз атқарар маңызды міндеті мен асқан жауап­кершілігі айқын­далған, тұ­нып тұрған тарихты тұтас бір дәуір; еш уақытта ортай­май­тын, уақыт өткен сайын то­лыға түсетін ақыл-кеңес қа­зынасы; адам ғұмы­рының түйінді бөлігі, бір ұрпақ өмірімен шектелмей­тін, жал­ға­сы үзілмейтін, ға­сырдан ға­сыр­ға асып, асыл қасиеттері жетіле, кемелдене, киелене түсер феномен.
Үшінші үрпак адамдары үшін дәрі-дәрмек, зейнетақы мөлшері, т.с.с. маңызды мәселе болғанымен, олардың өмірі әлдеқайда күрделірек. Қарттар қалған өмірін қызықты және алаңсыз өткізгісі келеді. Қарттыққа байланысты проблемалар өзара түсіністік, біріне - бірі қамқорлық жағдайында және ғылым тәжірибенің жетістіктерін кең колдана отырып кана дүрыс шешіледі.
Сондыктан әлеуметтік қызметкер қарт адамдармен тиімді жүмыс істеу үшін, ол ең алдымен олардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білу қажет.
XX ғасырда орасан зор демографиялық өзгерістер болды. Ғасырдың басында әлемдегі адамдардың саны 1 млрд.630 млн. адам болса, қазір бүл көрсеткіш кемінде 3,5 есе өсіп отыр. Онын алдындағы үш ғасырда (1600-1900) халық саны небәрі үш есе өскен болса, жоғарыда айтқанымыздай, XX ғасырдың II жартысында халықтың өсімі үдеп кетті. Соғыстан кейінгі
жылдары басқа демографиялық шамаларға қарағанда, халықтың еңбекке жарамды бөлігін, яғни елдің еңбек ресурстармен қамтамасыз етілу жағдайын көрсету.
Б¥¥ есебі бойлынша 1950 жылы әлемде 60 жастан асқан 214 млн. адам болса, болжау бойынша келесі жылы олардың саны 590 млн-ға, ал 2025 жылы 1100 млн. адамға жетпек, немесе осы жылдардың ішінде қарт адамдардың саны бес есе өседі. Ал, сол кезеңде жер бетіндегі халықтың саны бар болғаны үш есе ғана көбеймек. Осыған байланысты қоғамның "қартаюы" туралы соңғы кезде көп айтылып жүр.
Қазақстанның демографиялық жағдайына келетін болсақ, бізде де халықтың қартаюы байқалады. Егер, 1990 жылы 60-тан асқандар Қазакстан халқының 10 процентінен аспаса, 1985 жылы 10 процент болды, 2000 17 проценттен асып, 2050 жылы елдің халқының 26 проценті болмак.
Зерттеушілер арасында қарттык және кәрілік деп қай жастарды есептеу керектігі жөнінде кесімді пікір жоқ. Адам өмірін кезеңге бөлуде қашан да субъективті көзқарастар басым болды. Өйткені, нақты тарихи жағдайлар, белгілі бір дәуіріндегі адам өмірінің орташа ұзақтығы түрлі пайымдауларға бастады.
Әйгілі ойшыл әрі дәрігер Әбу Әли Ибн Сина, мысалы, 50-60 жасты кәріліктің басы деп есептеді. Гиппократ адамның жасын туғаннан бастап әрқайсысы жеті жылдан бастап 10 кезеңге бөледі. Қазіргі ағылшын физиологтары адам өмірін бес кезеңге бөліп карастырады: балдырған балалық 7 жаска дейін, балалык - 14 жасқа дейін, жастык шағы - 25 жасқа дейін, бүдан кейінгі ширек ғасыр бойы адам кемелдену кезеңінде, ал 50-ден кейін кәрілік басталады.
Дүниежүзілік Денсаулык Үйымының жіктеуі бойынша 60-74 жас аралығындағылар қарттар , 75-89 жастағылар кәрі, 90-нан асқандар үзақ өмір сүрушілер екен. Бүған коса ересек адамдарды ішінара төрт топқа бөлетін
халықаралық тағы бір жіктеу бар. Ол бойынша: жасамыстар (55-64), карттар (65-74), кәрілер (75-84) және өте кәрілер (85-тен асқандар).
Әдетте, қарттар катарына зейнеткерлікке шыққандарды айтады. Бірақ, бұлайша пайымдау дұрыс бола коймайды, өйткені әр елдің зейнетакыға шығу жасы әртүрлі
Мұндай әртүрлі пікірлердің болатын жөні бар. Өйткені, қарттық өмірдің едәуір ұзақ жасынан өткендіктің белгісі.
Әлемдік психология адамның қартаю проблемасына, оның осы шақтағы өміріне XX - ғасырдың соңында қызығушылық таныта бастады. Шетел психологтары олардың проблемасымен айналыса бастағанда, ең алдымен қарттардың қандай әлеуметтік - психологиялық атмосферада өмір сүргендігін, коғамның оларға деген қарым-катынасын, соңында картаюдың қандай стереотиптері тарағанын зерттей бастады. Осындай зерттеудің нәтижелерінен қарт адамдар дәрменсіз, өз бетінше шешім қабылдай алмайтын қоғамдық функцияларды орындай алмайтын, қоғамға пайда келтірмейтін жандар деген түсінікпен қатар, олар мейірімді, қарым-қатынасқа тез түседі, тәжірибесі мол деген екі түрлі көз карасты көруге болады. Әрине, карттык кезең туралы әртүрлі стереотиптер мен бүрмаланған түсініктер бар. Қарттык шакка - белгілі бір соматикалық, интеллектуалдық және психологиялык проблемалар тән.[42. 86-99 б.]
Қарттық шақтың өзі бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Денсаулығы жақсы, белсенді, жаңа ғана зейнеткерлік демалысқа шыққандар 60 жасқа келгендер, 70 жастағылар бүрынғыдай отбасы, достарымен тығыз байланысты, бірақ кейбіреулері кірістің төмендеуі, жақындарын жоғалту сияқты жағдайлармен кездеседі. 70 жастан кейін әлеуметтік қарым-қатынастары қысқарып, аурулар түрлері көбейе бастайды, 80 немесе 90 жастан кейін адамдар қоршаған ортадан түңіліп, тез шөгіп, созылмалы аурулармен ауыра бастайды. Терісінің солуы, келбетінің өзгеруі, бүлшық еттерінің иілгіштігін жоғалту және қаңқасының ықшамдалуы сияқты мороро-функционалдық өзгерістер көріне бастайды. Адамның сенсорлық қызметі, әсіресе есту қабілеті мен
көзінің көруі төмендейді. Бірақ бұлардың барлығы қартаюдың міндетті
атрибуттары болып табылмайды, олар әртүрлі ауру салдарының, өмірдің келеңсіз жағдайларының немесе коршаған ортаның әсерінің нәтижесінен болуы мүмкін. Кейбір өзгерістерді физикалық жаттығулармен дүрыс тамақтану және жаксы күтіммен тоқатуға немесе жоюға болады. Осындай профилактикалык және денсаулыкты жақсартатын шаралар жүйесі қарттардың өздерінің денсаулығын күту, жүмыска қабілеттігін үзарту, физикалық белсендігін сақтау, өз-өзіне қызмет ету және әлеуметтік қүндылығын сезіну үшін жасалады.
Бүндай шараларды жүргізу үшін медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін өңдеп, көптеген шет елдерде бар әртүрлі гериатриялық стационарлық қызмет көрсету, амбулатория -поликлиникалық көмек көрсететін орталықтарды ашу қажет. Көптеген батыс перонтологтары қарттар үшін ең қолайлысы, оларға көрсететін көмекті үйде ұйымдастыру. Өйткені , қартаю және өлімді күту - бүл өте қиын фаза. Сондықтан қарттар мен олардың отбасы мүшелерінің арасында осы кезеңде пайда болатын түсініксіздікті, қыиншылықтарды жету үшін әлеуметтік қызметтердің атқаратын рөлі зор.
Қарттық шақ психологиялық маңызды мәселе екені белгілі. Демографиялық қартаю өскен сайын бүл проблеманың көкейкестілігі арта бастайды.
Барлық өмірлік преспективаның өзгеруіне байлансыты қарт адамдар жалғыздыкты, қандай да бір психологиялық дикомфорттың дәрежесін сезінеді, депрессияға түседі. Ал жағымсыз эмоциялар қартаю процесін жылдамдатады. Сондықтан қоғамда 60-жастан жоғарыдан кейін өлімді күту кезеңі ғана емес , сонымен қатар өмірдің күнды кезеңі деген түсінік қалыптастыру қажет .
Қарттардың өзі сүйіп айналысатын іс-әрекеті немесе әлеуметтік белсенділігі неғүрлым жоғары болса, соғүрлым денсаулығының экономикалық жағдайының өмірге деген қанағаттану деңгейінің жоғарs болатындығын көптеген геронтологтардың зерттеулерінен байқауға болады.
Осылардың барлығын ескере отырып карттық шақтың психологиясы туралы мынадай қорытынды шығаруға болады.
Қарттық шақ, өмірдің алдыңғы сатыларында көрінген статустардың өзгерістерінен тұрады, бұл - қартаю, зейнеткерлікке шығу, жесірлік.
Бұл сатының алдыңғы сатыларынан айырмашылығы қоршаған ортасы, физикалық не әлеуметтік болсын кеңеймейді, ал керісінше тарылады. Қарттық шақтың, өзінің өмірін ұйымдастыруына байланысты дәрменсіздігі және проблемалары қарт адамдарға психологиялық ауыртпашылық болып тиеді.
Олар бұрынғы дербестігін жоғалтқандықтан және күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырудың өзі басқаларға тәуелді болғандықтан мен - концепциясын өзгертеді. Біреулер мұндай жағдайда тех бейімделсе, екіншілері бейімделе алмайды. Олар өткен өмірін еске алып, артына не қалдырғанын ойлаумен көп уақыт өткізеді.
Адамдардың карттыка карай бет алуы адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді, дүниеге деген көзқарас, өмірдің мақсаты мен мәні, игілік пен бақыт туралы түсініктер басқаша сипат алады, бір сөзбен айтқанда адамдардың өмір салты өзгере бастайды. Бұрын олар қоғаммен өндірілген тікелей байланыста болды, қоғамдық қызметтерге араласты. Ал зейнеткерлікке шыкқаннан кейін көбінесе өндірістен қол үзеді. Бірақ қоғамның мүшесі ретінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларынан тыс қалмайды.
Қарт адамдардың әлеуметтік проблемалары зейнеткерлікке шығуына байланысты және карттықа бет алған жағдайда белгілі бір дәрежеде өзінше әлеуметтік-демографиялық топтың проблемалары болып табылады. Атап айтқанда, олар негізінен мынадай: өмір салтының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе бастауы, қарттықтың бүлжымас табиғи күбылыс екенін сезінуі, денсаулығы кемуіне байланысты тіршілік қызметінің шектеле бастауы. Жүмыс істемеуі (әдетте, қарттардың көбі жүмыс істемейді немесе өз істейді), материалдық жағдайы (зейнетақысы бүрын алып жүрген жалақыдан аз, емделуі қымбат) , мінез-күлқының өзгеруі( психикасыньщ бүзылып, шамщыл бола бастауы. Халықтың бүл категориясының коғамға қажеттілігі немесе қажетсіздігі де күрделі мәселе туғызады. Зейнеткерлерде қоғамға бүрынғыдай пайда келтірмейтін сиякты сезім орнығады. Олардың бүрынғы білімі,ш еберлігі, қабілет - қасиеті керек болмай қалады.
Жасы үлғайған сайын белсенді еңбектен шеттетіле беретін қарттардың өмір салты ғана емесе, отбасылық және әлеуметтік жағдайы да өзгереді. Ер жетіп, дербес түрмыс қүрып кеткен балаларынан алшақтап калуы мүмкін. коғамнан, жақындары мен таныстарынан аулактап, жалғыздық көруі қарттардың мінез-қүлқына кері әсерін тигізеді.
Әрине, мұның бәрі әлеуметтік жағдайларға, жеке адамдарға және оныңжақындарына байланысты. Қарттардың жас ерекшеліктеріне байланысты кінәмшіл, талапшыл болатындығын ескере отырып, әлеуметтік қызметкер оларды қолдауға, қажет кезінде психологиялық көңіл-күйін көтеруге тиіс. Қарт адамдармен жүмысты дұрыс ұйымдастыра білу үшін олардың бұрынғы және қазіргі әлеуметтік жағдайларын талап-тілектерін жете біліп, тиісті ғылыми, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағыттағы зерттеулердің нәтижелерін пайдалана білу қажет.
Осы орайда, мына мағлұматтарды еске алған жөн. Дүниежүзілік Денсаулык сақтау үйымының мәліметтеріне карағанда, 61-70 жас аралығындағы адамдардың түтынатын тағамдарының қуаты 20-30 жас арасындағылардың түтынатынының 79 проценті деңгейінде болуға тиіс. Еңбекке жарамды жастағы адамдардың тәуліктік азық қуаты 2800-3200кал. деп есептеледі. Зейнеткер жасындағы жүмыс істейтін адамға тәулігіне 2450 кал. керек болса, жүмыс істемейтіндер үшін бүл көрсеткіш 2200 кал. дейін азаяды.
Мамандардың есебі бойынша үкыпты пайдаланғанда зейнеткердің киімі мен аяк киіміне еңбек жасындағыларға қарағанда шығын 29,5 процент аз кетеді екен. Және де әйелдер үшін бүл көрсеткіш 31,1 процентке, ал ерлерге шакканда 26 процентке кеміген. Бүл арада жүмыс істейтін әйелдердің киіміне ерлерге карағанда шығынның 40 процент артық болатындығын ескере кетейік.
Қарттардың жеке басына материалдық шығындар аз жүмсалса да, оларға тиісті игіліктер мен қызметтер көбейеді. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда қарт адамдарға 31 түрлі (сақал-шашын алу, моншаға апару т.с.с. қосып алғанда) қызмет қажет екен. Ал іс жүзінде оларға 2-4 түрлі ғана қызмет көрсетіледі. Мысалы, 24 проценті ыстық тамақ әкеліп беруді тілесе, олардың 1-2 процентіне ғана әкеліп беріледі, түратын бөлмесін жуып-шаюды 88 процент қажет етсе мүның 28 процентіне ғана қызмет көрсетіледі.
Ағылшын окымыстысы О.Стивенсонның пікірі бойынша қарттардың басқаға тәуелдігі екі жақты екен. Біреулері - дербестіктен тартынып, камқоршының қолына карайды, оған күнделікті күту жұмыстарын тапсырып қойғысы келсе, екіншілері жалғыздыққа көніп, өзіне-өзі демеу болуға бекінеді.
Қарттар әдетте өмірдің қиын-қыстау кезеңдерінен өтіп, бейнетті көп көргендер. Демек, олар жасы келген шакта өздеріне аз да болса қамкорлық жасалуын тілейді, тіпті талап етеді. Олардың мінез-күлқы денсаулығы сол талаптардың калай орындалатындығына байланысты. Демек, әлеуметтік қызметкерлер қарт және кәрі адамдарға ерекше ықыласпен,мейірімді қарап, олардың талап-тілектерін орындауға ұқыпты болғаны жөн.
Міне, осылайша карттармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер жасы асқан адамдардың әлеуметтік және психологиялык ерекшеліктерін сергек танып, олардың еңбекке араласу мүмкіндігін, денсаулығын, әлеуметтік түрмыстың жағдайларын біліп отыруы кажет.
Ғылым мен техника жөніндегі Европа комиссиясы аясындағы күрылған арнайы үйым (СО8Т А8) қарттар мәселесімен тікелей айналысып, олардың жаңа жетістіктерді пайдалуына камкорлык жасайды.
Әдетте, бүрын өзінің кабілетімен еңбекте жоғары бағаланған ауыр жағдайды бастан кешіреді. Еңбектен кол үзген қарттардың бірқатарының денсаулығы төмендеп, бойы әлжуаз тартады, мінез-қүлқы өзгереді. Өйткені, олар үшін еңбек өмірдің мәні, денсаулыкты сақтаудың бір шарты болған. Бүл жағдай көптен мәлім.
XVIII ғасырдың өзінде неміс ғалымы Христофор Вильгельм Гуфеланд жазған екен: бізде бір жалқау көп жасамаған, ал көп жасағандардың барлығы қашанда қүштарлықпен еңбек еткен, өмірде белсенді болған.
Қарт адамдардың толык мәнді өмірін катамасыз ету үшін оларды қоғамдық өмірге қатыстырудың маңызы зор. 70-ші жылдары біздің елімізде жасамыс адамдардан ерікті тәрбиешілер жасау тәжірибесі болған. Олар балалар отрядтарын, спорт секцияларын, аула командаларын баскарды,
милицияның балалар бөлмелері мен мектептердегі ата-аналар комитетіне
көмектесті. Зейнеткерлер қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, өндірісте еңбек жағдайы мен қауіпсіздік ережелерін сактауды тексеретін, коғамдык бақылаушылар ретінде сауда ұйымдарының жұмысын қадағалайтын, қалалар мен ауылдарды көркейтуге және көгалдандыруға көмек көрсететін. Бұлардың барлығы қазір жоқ. Қарттарға (тек оларға ғана емес) қамқорлық жасау мақсатында сол бір игі тәжірибені жаңартып, қазір кайта колдануға әбден болады.
Қарт адамдардың өмір салты олардың бос уақытын қалай өткізетініне, ол үшін қоғамның кандай мүмкіндіктер жасайтынына байланысты. Осы тұрғыдан алып карағанда аға ұрпактың өкілдерін түрлі қоғамдық жүмыстарға кездесулерге тартып, карттар үшін арнайы радио және телевизия хабарларын үйымдастыру т.б. шаралар жасау өте қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет