Дегенмен биокатализаторлар өзіне ғана тəн бір қатар қасиеттерге ие. Осы қасиеттерімен
ферменттер ақуыздардан ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер: ферменттердің термолабильдігі
(термолабильность), олардың əрекеттерінің ортаның рН көрсеткішіне тəуелділігі, активатор
1. Ферменттердің термолабильдігі былай түсіндіріледі: температура бір жағынан ферменттің
ақуызды бөлігіне əсер етіп, денатурацияға əкеп соғады жəне каталитикалық қызметін
төмендетеді. Ал, екінші жағынан фермент-субстрат кешенінің түзілу жылдамдығына əсер
етеді, яғни осы реакцияны жылдамдатады. Ферменттің каталитикалық белсенділігінің
Сурет 9. Фермент белсенділігінің температураға тəуелділігі
каталитикалық белсенділігінің максимальды температурасын температуралық оптимум деп
30
атайды. Ережеге сай жануартектес ферменттердің температуралық оптимумы 40-50
0
C
аралығында, ал өсімдіктектес ферменттердікі 50-60
0
C шамасында.
2. Фермент максимальды белсенділігін көрсететін, яғни əрбір фермент үшін ортаның рН
көсеткішінің оптимальды мəні немесе рН оптимумы бар. Көпшілік ферменттер нейтрал
ортада максимальды белсенділік танытады. (10 сурет)
Сурет 10. Фермент белсенділігінің ортаның рН- көрсеткішіне тəуелділігі.
Қышқылдығы жəне сілтілігі өте жоғары ортада тек кейбір ферменттер ғана жақсы
қызмет атқара алады. Н
+
концентрациясының белсенді орталыққа əсері ферменттің
каталитикалық белсенділігіне ықпалын тигізеді. рН көрсеткішінің əртүрлі мəнінде белсенді
орталық азды-көпті дəрежеде иондалады, ферменттің ақуыздық бөлігінің көршілес
полипептидтік тізбек үзінділерімен тасада қалады(экранирован). Сондай-ақ, ортаның рН
көрсеткіші субстраттың, фермент-субстарт кешенінің, реакция өнімінің ионизациялану
дəрежесіне əсер етеді.
3. Əртүрлі ферменттердің өзіне тəн қасиеттері(специфика) түрліше. Кейбір ферменттерге тек
өзіне ғана тəн қасиеттері болады, мысалы тек бір ғана реакцияны жылдамдатады. Мысалы,
уреаза ферменті бүйрек жəне бауырда мочевинаның гидролиз реакциясын жылдамдатады:
Н
2
N-CO-NH
2
+ H
2
O → 2NH
3
+ CO
2
Басқа ферменттер біртоп өзіне тəн ерекшеліктерге ие немесе кеңістіктегі бір изомерге
əсер ететін стериохимиялық спецификаға т.с. ие. (мысалы, α-немесе β-метилглюкозид).
4. Ферменттер активаторлар мен ингибиторлардың əсеріне соқтығады. Ферменттердің
белсенділігін жоғарылататын активаторлардың қатарына көптеген металл иондары жатады:
(Mg
2+
, Mn
2+
, Zn
2+
, K
+
) жəне кейбір аниондар (Cl
-
). Кей жағдайларда металл иондары (Mg
2+
,
Zn
2+
) ферменттің простетикалық топ құрамына жатады, ал кейде фермент-субстрат
кешенінің түзілуін жеңілдетеді. Ингибиторлар ферменттердің жылдамдығын тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: