ға ие, тек ғана бір типтегі реакциямен шектеледі жəне қосалқы реакциялар жүрмейді; 2.
ферменттер негізгі молекулаға бірден шабуылдай алады жəне оны көпсатылы химиялық
синтезді қажет етпестен өзгерістерге ұшырата алады. 3. заттардың химиялық өзгерістерге
түсуі көпсатыда емес, бір не екі сатыда ғана өтетіндей етіп жеңілдетіледі; 4. ферментативтік
түседі; 2) реактордан бөлініп шыққан өнімде фермент сақталады жəне ары қарайда əсерін
жоғалтпайды; 3) қымбат бағалы фермент бір рет ғана қолдануға жарамды; 4) Бос күйіндегі
фермент жылдам белсенділін жоғалтады. 5) ферментті үздіксіз процессте үнемі енгізіп отыру
33
Айтылған кемшіліктерді болдырмау үшін ферменттердің аппаратта ұсталып тұру əдісін
жəне реакция аяқталғанан кейін реакциялық сұйықтан оның жеңіл бөліну əдісін ойлап табу
қажет. 1950 жылдардың ортасында «ерімейтін» немесе «матрицаға бекітілген» ферменттерді
жасау туралы пікір туды, кейінірек бұндай ферменттерді иммобилизацияланған деп атады.
Иммобилизация – бұл ферментті қандайда бір ерімейтін тұтынушыға (носитель)
бекіту. Фермент ерітіндімен субстрат жəне өнімнің молекулаларымен алмаса алады. Бұл
əдіске жоғары баға беруге болады. Біріншіден, мұндай иммобилизацияланған ферментті
бөліп алуға жəне бірнеше рет қолдану мүмкідігі бар. Екіншіден, мұндай фермент ұзақ уақыт
бойына белсенділігін жоғалтпайды.
Достарыңызбен бөлісу: