Дәрігер мен Пациенттің қарым-қатынасының моделі


Тыңдау тәсілінің техникасы. Мақсаты - науқасты сөйлестіру арқылы қажетті ақпарат жинастыру. Тыңдау тәсілінің екі түрі белгілі



бет5/7
Дата02.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#26813
1   2   3   4   5   6   7

Тыңдау тәсілінің техникасы. Мақсаты - науқасты сөйлестіру арқылы қажетті ақпарат жинастыру. Тыңдау тәсілінің екі түрі белгілі:

· бағалай отырып тыңдау;

· бағалаусыз тыңдау.

Дәрігерлік тәжірибеде бағалай отырып тыңдау жиі колданылады.

Сұхбаттасу үстінде дәрігердің дене қалпы (поза), оның толық назар аударып, тыңдауға әзірлігін калыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның көзіне үнемі тесіле қарауға болмайтынын ескере отырьш, оған тек анда-санда ғана көз тастағаны дұрыс болады. Бағалау­сыз тыңдау техникасы бойынша ең маңызды шарт - үндемеу, икемдеу, ымдап қолдау және қызыққанын білдіру. Сұхбат кезінде аурудың қобалжып қапалануы, келесі жайлар арқылы бейнеленеді: оның сөз ырғағының өзгеруі, паузалардың пайда болуы, мысқал сөздерді жиі қолдана бастауы. Психологиялық жайсыз жағдай болғанның маңызды белгісіне жағатыны - аурудың сұраққа жауап беруден кашуы немесе жалпы мағынасыз фразаларды қолдануы. Науқас адам дау, таласнемесебасқадай психологиялық конфликт, шиеленіс болғанынжасыруға тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет