Дәрілік түрлерді өндіру технологиясы «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



бет14/23
Дата24.09.2024
өлшемі0,52 Mb.
#145348
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
ТФПЛФ-лаб.каз.

Есепті шығару мысалы:
«Гриппостад» ұнтағының 100 қорабын дайындау үшін келесі есептеулер жүргіземіз:
Парацетамол - 0,6 × 100 = 60,0 г × 1,025 = 61,5 г
сахароза - 1,5 × 100 = 150 г × 1,025 = 153,75 г
аскорбин қышқылы - 0,05 × 100 = 5,0 г × 1,025 = 5,125 г
аэросил - 0,005 × 100 = 0,5 г × 1,025 = 0,5125 г
Барлық материалды баланс қоспасы- 220,88 шығын коэффициентімен.
материалды баланс қоспасы- шығын коэффициентсіз 215,5 + 5,38
5,38 – кеткен шығын
220,88 = 215,5 + 5,38
2, № 3, 4,5, 6, есептерді осылай шығару керек.


Қайнатынды мен тұндырындының ұқсастығы мен ерекшелігіне түсініктеме.
Қайнатпа мен тұндырындылар дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен алынған сулы сығындылар. Алу жолына және шикізат кұрамына байланысты сулы сығындылар келесі түрлерге бөлінеді:
тұнбалар (Infusa),
қайнатпалар (Decocta),
шырыштар - (Mucilaginis).
Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен - гүлінен, шөбінен, жапырағынан дайындалады. Тұндыру ұзақтығы: тұнба үшін - 15 минут.
Қайнатпалар өсімдіктердің қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады. Тұндыру ұзақтығы: қайнатпа үшін – 30 минут.

  • Сулы сығындылардың артыкшылыктары: технологиясының қарапайымдығы, бастапқы шикізат пен экстрагенттің арзандылығы, әсер етуші заттардың, кешенді кұрамы, жұмсақ, кейде ұзақ емдік әсері.

  • Сулы сығындылардың кемшіліктері: сулы сығындылардың тұрақсыздығы (химиялык және микробтық), өсімдік шикізатының стандартты еместігі.

  • Химиялык тұрақсыздығы. Сулы сығындылардағы экстрактивті заттар ерітіндіде гидролиз, тотығу - тотыксыздану реакциялары аркылы химиялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Ыдырау үрдісі температура жоғарылаған кезде 2-3 есе тез журеді.

  • Экстракциялау үрдісінде маңызды факторлардың бірі - әсер етуші заттардың химиялық табиғаты, құрамы, олардың ерігіштігі, қыздыруға тұрақтылығы. Әсер етуші заттардың табиғаты сулы сығындылардың технологиясына әсер етеді.

  • Микробиологиялық тұрақсыздығы. Сулы сығындылар зең және ашытқы саңырауқұлақтарының, әсерінен тез бұзылады, себебі микроағзалар ферментативтік үрдістерді жылдамдатады, осы үрдістердің белсенділігі температураға тәуелді.

  • Шикізатты өңдеудің бірінші сатысында өсімдік шикізаты сумен араласып, су жасушаға енеді. Өсімдік материалында гидрофильді заттардың көп болғандығынан, ол сумен жақсы әрекеттеседі.

  • Екінші сатыда біріншілік сөл түзіледі. Жасушадағы су алдымен диффузияға қабілеті жоғары төмен молекулалық заттарды: кышкылдар, моносахаридтер, олигосахаридтер, алкалоидтар, гликозидтерді еріте бастайды. Содан соң жоғары молекулалы қосылыстар, коллоидтар ериді.

Үшінші сатыда - масса алмасу үрдісі жүреді, ол сырттағы еріткіш пен жасуша ішіндегі зат ерітіндісі арасындагы концентрациялардын айырмашылығына негізделген.
Жасуша ішінде осмостык кысымы жоғары концентрленген ерітінді түзіледі, ол сөлдің куысты таса аркылы еріткішке концентрациялары теңескенше тепе-теңдік орнағанша жылжуына мүмкіндік жасайды. Бұл сығындылау - экстракциялану үрдісінің соңы болып есептеледі.
Тұндырмалар мен қайнатпалар өздері жеке және басқа да ішуге қолданылатын (микстуралар), сыртқа қолданылатын (шаюға, басуға арналған ерітінділер) дәрілік түрлермен бірге қолданылады.
Фармацияда экстракция өсімдік шикізаттарынан эфир майларын, коллоидтарды, т.б. физиологиялық белсенді заттарды бөліп алу үшін қолданылады.
Токсикологиялық химияда улы заттарды бөлу үшін, дәрілік технологияда тұндырма, қайнатпаларды алу ушін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет