«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы»



бет2/6
Дата24.05.2023
өлшемі43,81 Kb.
#96437
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
713 07

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
Министрі Е. Біртанов

201__ жылғы ____ _______


№_______
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 713 бұйрығымен
бекітілген

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды
Қазақстан Республикасында көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары


1. Жалпы ережелер



  1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасында көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 69-бабына сәйкес әзірленген және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу – сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу (дистрибуция) – сатып алумен, сақтаумен, әкелумен (импортпен), әкетумен (экспортпен), көлемін шектемей өткізумен (халыққа өткізуді қоспағанда), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет;
3) дәрілік заттардың айналысы - дәрілік заттарды әзірлеу, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, сынақтар, клиникалық зерттеулер, сараптама, тіркеу, фармакологиялық қадағалау, сапасын бақылау, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету, босату, өткізу, беру, қолдану, жою процестерін қамтитын қызмет;
4) медициналық бұйымдардың айналысы - тәжірибелік үлгілерді жобалау, әзірлеу, жасау, медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалау, техникалық сынақтар, зерттеулер (сынақтар) жүргізу, клиникалық зерттеулер, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сараптау, медициналық бұйымдарды тіркеу, өндіру (дайындау), сақтау, тасымалдау, өткізу, монтаждау, баптау, қолдану (пайдалану), техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату;
5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы объектілер - дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана (дистрибьюторлық) қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық бұйымдар дүкені, медициналық бұйымдар қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет