Байланысты: Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд
Пластмассаның классификацшсы. Пластмассаларды топтастырудың негізі полимерлердің химиялык құрамы болып табылады. Олар полимерге байланысты фенолформальдегидті (фенопластар), эпоксидті, полиэфирлі, полиамидті, полиуретанды, стиролды және басқа да пластмассаларға бөлінеді. Химиялық құрамдары ұқсас пластмассалар тобында термопластикалық және термореактивтік заттардың, катты және резина тәріздес пластмассалардың басқа түрлері болуы мүмкін. Пластмассалар қоспалар құрамына қатынасына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай пластмассалар - қоспасыз таза полимерлер. Олар жоғарғы электрлік касиеттерімен, мөлдірілігімен және бұйымды өңдеу үшін ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Күрделі пластмассалар - әртүрлі қоспалар араласқан полимердің қоспасы. Олар берік, арзан және пластмассаларга қарағанда қасиеттері де әр алуан болып келеді. Олардың қасиеттері полимердің қасиеттерімен және құрамындағы басқа да заттардың қасиеттері мен молшеріне қарап анықталады.
Толықтырғыштары жоқ пластмассалар толықтырылматған, ал толықтырғыштары бар пластмассалар толтырылған деп аталады. Толықтырғыштарының түріне қарай пластмассалар пресс-үнтақты, талшықты және қатпарлы пластиктер болып болінеді. Пресс-ұнтақтарда ұнтақты толықтырғыштар, талшықтыда - талшықтар, ал қатпарлы толықтырғыштарда - табақша тәрізді толықтырғыштар пайдаланылады. Кеуекті пластмассалар поропластар немесе пенопластар деп аталады.
Пластмассалар сортаменті және оларды өңдеу пластмассаларды ұнтақ, түйіршік; таблетка; полимерлермен қаныққан толтырғыш талшықтар түрінде; жартылай фабрикат - пленка, табақша, плита, сырық, құбырлар мен блоктар, сондай-ақ талшықтар түрінде де өндіреді. Кейбір реактопластар (полиэфир, эпоксид, полиуретан және басқалары) сұйық зат түрінде шығарылады, олар тек қолданылардың алдында ғана араластырылады. Сұйық қоспалар қаныққаи толтырғыштар үшін, желімдеу үшін, металдарға жамылғы жасау үшін ыңғайлы.
Каучук және резина
Жасанды каучук алу. Каучук жасанды және табиғи каучук болып екіге болінеді. Жасанды каучук алу жолдарын қарастырайық. Табиғи каучук өскелен өндіріс мұқтажын қанағаттандыра алмайды. Себебі табиғи каучук алынатын өсімдіктер каучукты аз береді және олар барлық жерінде осе бермейді.
1835 жылы неміс химигі Химли каучукты құрғақ айдау әдісімен оны құраушыларына жіктеп, изопренді (С5Н8) алды. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде каучук мономер изопреннің полимері екендігі анықталады. Полимер дегеніміз жай қосылыстың біртектес молекулаларынан құралған көп молекулалы зат. Жай молекулалы заттар белгілі температура мен қысымда бірігіп (полимерленіп) күрделі молекула түзеді.
Жасанды каучукты, этил, метил спирттері, мұнай, табиғи газ, бутадиен және бутадиен туындылары мен стирол, изобутилен сияқты органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады.
Елімізде жасанды каучук көбінесе дивинилден алынады. Дивинил торф, ағаш сияқты органикалық заттардан алынатын спирттерден өңдіріледі. Дивинил - қалыпты жағдайда иісі бар, қатаю температурасы 4,5°С, полимерлеу нәтижесінде каучукке айналатын газ. Техникада жасанды каучуктың мына түрлері жиі қолданылады:
1) хлопренді каучук - хлорпренді полимерлеу аркылы алынады. Бүл каучук химиялық төзімділігі атмосфера, температураға беріктік жағынан табиғи каучуктен асып түседі, кемшілігі металдарды тотықтырады және диэлектрлік қасиеті нашар;
2) натрий-бутадиен каучугін бутадиенді полимерлеу аркылы алғаш рет 1934 жылы Лебедев алды. Бутадиен этил спиртінен алынады. Бүл каучуктен жасалған резеңке - 40°С температурада қасиеттерін сақтай алады;
3) силиконды каучуктер кремний-органикалық қосылыстардан алынады. Бұл каучук негізінде жасалған резеңке (- 60°С) - (+250°С) температура аралығында өз касиеттерін өзгертіп жұмыс істей алады.
Резина алу. Каучуктың физикалық-механикалык қасиеттері нашар болғандықтан одан тікелей бұйымдар жасауға болмайды. Каучукке әртүрлі қасиеттер беретін заттар (ингредиенттер) қосып вулканизациялау аркылы оны резинаға айналдырады. Резина - ингредиенттер қосылып, вулканизацияланған каучук. Резинаныңң құрамында оның түріне байланысты 5%-дан 92 %-ға дейін каучук болады. Резина жасау үшін каучукке мынадай заттар қосылады:
• Вулканизацияланатын заттар ретінде күкірт, натрий, дилазаминобензол, күкіртті сутегі, күкірттің қос тотығы сияқты заттар. Каучуктың құрамындағы күкірттің молшерін өзгерту аркылы жұмсақтығы әртүрлі резина алуға болады. Күкірттің каучуктегі молшері 25%-ға жеткенде каучук қатайып эбонитке айналады. Резинаның құрамында күкірт мөлшері 1,5-5% шамасында болады. Вулканизациялау процесі ыстық, суық күйде газбен жүргізіледі. Жуан қабырғалы резина бұйымдарын вулканизациялау процесі арнаулы аппаратта 120-150°С температурада жүргізіледі. Суық күйде вулканизациялау процесінде резина, 0,5-3 минут жарты хлорлы күкірттің бензиндегі ерітіндісіне батырылады, ал газбен вулканизациялау үшін резинаны шамалы уакыт күкіртті газ (S02), күкірті сутегі (Н2S) газдарында ұстайды. Суық күйде және газбен вулкаиизациялау әдістері жұқа қабырғалы резина бұйымдары үшін қолданылады.
• Катализатор (вулканизацияны тездеткіш) ретінде тиурамдар (диметиламинның туындылары), ксантогенаттар сияқты органикалық заттар мен кейбір металдардың (РЬ, Zп)тотықтары қолданылады. Бұлзаттар каучукке 0,5-5% мөлшерде вулканизациялау температурасын төмендету және процесті тездету үшін қосылады.
• Толтырғыш және күшейткіш заттар резинаның өзіндік құнын кеміту және физикалык-механикалық қасиеттерін (беріктік шегі, үйкеліске беріктігі т.б.) жақсарту үшін қосылады. Бұл заттар резинаның механикалық қасиеттерін арттыратын белсенді (көмір қышқыл марганец) және резинаның өзіндік құнын кемітетін заттар (баяу бор, борит, тальк) болып екіге болінеді.
• Пластификатор (жұмсартқыш) ретінде резинаның кұрамына 2-5% стеарин, парафин, амин қышқылдары қосылады. Бұл заттар резина қоспасын жұмсартып оның араласуын жеңілдету және суыққа төзімділігін арттыру үшін қосылады.
• Бояу ретінде ультрамарин, охра косылады. Бояғыш заттар резинаның түсін өзгертеді.
• Регенерат ретінде істен шыққан ескі резина бұйымдары қосылады. Регенерат резинаның өзіндік қүның кемітіп, пластикалық қасиетін арттырады.