Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет12/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Саясаттың функциялары: қоғамның тұтастығын қолдау және нығайту, қоғамдық тәртіп пен 
ұйымдасуды қамтамасыз ету; қоғамның жалпы мақсатын анықтау; құндылықтар мен 
игіліктерді бөлу; топтық жан жалдарды болдыртпау және оларды реттеу; әлеуметтік 
субъектілерді байланыстыру т.б. 
Ішкі саясат – мемлекеттің өмір сүріп тұрған әлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға немесе оны 
реформалауға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми-техникалық және т.б. 
әрекеттерінің жиынтығы. Сыртқы саясат – бір мемлекеттің халықаралық аренада өз мүдделерін 
көздей отырып жүргізген іс-әрекеттерінің жиынтығы. 
Саясат ұғымына тоқталсақ, саясат дегеніміз қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, 
ұлттар мен ұлыстар және мемлекеттік қарым-қатынас барысында өз мүдделерін қорғауға іске 
асыратын, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер 
жүйесі. 
Саясат қоғамның дұрыс қызметі мен оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін 
дүниеге келген. Сондықтан да саясат қоғамның қажетті, әрі маңызды элементі болып табылады. 
Саясаттың коғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметі: 
- қоғамның жалпы мақсатын анықтау; 
- қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау; 
- қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу; 
- шешімдер қабылдау. 
Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің 
түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың 
өзекті мәселесі – белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Саясат қоғамның 
әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, 
мәдени, ғылыми-техникалық, әскери, экологиялық, демографиялық, аграрлық, қаржы, 
инвестициялық және т.б. саясаттар. 
Саясатты өнер деп те қарастырған абзал. Өйткені, саясаттың объектісі де, субъектісі де адам. 
Сондықтан, саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы әрі қуаттылығы көп жағдайда 
саясаткердің, ел басшысының, сайып келген де, жеке адамның қабілетіне, ішкі мәдениетіне, 
тапқырлығына, білімділігіне, іскерлігіне байланысты. 
Саясат әртүрлі деңгейде, ауқымда, нысанда, мерзімде жүріп отырады. Саясаттың ең басты 
мақсаты – оның бағыттары, деңгейлері, нысандары арасындағы байланысын, бір-біріне өзара 
ықпалын, үйлесімділігін және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет