Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Сонымен, саясат қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты. Саясат элементтері:  билік, субъектісі, объектісі



Pdf көрінісі
бет14/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

2. Сонымен, саясат қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты. Саясат элементтері: 
билік, субъектісі, объектісі қоғамның барлық жақтарының табиғи бірлігін қамтамасыз етудің 
тұтқасы болып табылады. Егер қоғамның барлық салалары саясат арқылы жүзеге асырылып отырса, 
ал саясат қоғамдағы белгілі бір экономикалық, мәдени және идеологиялық құрылымдар арқылы іске 
асырылады, яғни, саясаттың өзі экономикадан, идеология мен мәдениеттен тыс өмір сүре алмайды. 
Саясат қоғамда үлкен өзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғамның дамуының 
негізгі заңдылықтарына сүйенуі керек. Бұл заңдылықтар ғылым арқылы анықталады. Сондықтан 
саясат ғылымға негізделуі қажет, яғни саясат ғылыми саясат болуы тиіс. Саясаттың ғылым ретінде 
қалыптасуына қоғамдық дамудың заңдарының ашылуы және олардың саяси әрекеттерде 
басшылыққа алынуы, әлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты әлеуметтік күші тап 
болып есептелінуі, қоғамда нақтылы бір идеологияның орнығуына ықпал етті. 
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен 
процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана зерттемейді. Жоғарыда аталып 
көрсетілгендей, саясатты философия, әлеуметтану, құқықтану, тарих және басқа ғылымдар да 
зерттейді. Сондықтан саясат теориясына жататын ғылымдар: тарих – саяси жүйенің өткендегісін 
зерттейді; философия – табиғат, қоғам және таным дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді
әлеуметтану – қоғамдағы процестерді адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси 
салаға тигізер әсерін зерттейді. Саясаттану экономикалық теория және құқықтық ғылымдармен де 
тығыз байланысты. Саяси экономика саяси процестерді экономикалық тұрғыдан зерттей отырып, 


осы процестердің негізінде әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаса, құқықтық 
ғылымдар қоғамдағы саяси қатынастардың тәртібін, қызметін реттейді.
Міне, осы аталған ғылымдардың әрқайсысының өзінше ерекше таным салалары мен 
қырлары бар. Негізінде саясатты кешенді, толық зерттейтін ғылым – саясаттану. Оның ерекшелігі 
- саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын, өмірге қажеттілік заңдылықтарын айқындап 
беретіндігінде. Саяси құбылыстар мен процестерді зерттеуде саясаттану ғылыми зерттеудің әртүрлі 
тәсілдерін пайдаланады, ол тәсілдер үш топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет