болып табылады. Мысалы зерттеушілердің бір тобы саясатты – адамдардың өз мүдделерін іске
асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға
тырысушылықпен байланысты мемлекттің, ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның
қызметі деп түсіндіреді. Ал, екіншілер, саясат - ол мемлекеттің басқарушылық істеріне қатысу,
оның қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау дегенді білдіреді. Үшіншілер, саясатты – ол
басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым қатынастардың бір түрі.
Бірақ бәрі саясаттың негізгі маңызды мәселесі - билікке қатысты жағдайдан көрінетіндігін
байқайды. Саяси сала мен оны анықтайтын факторларды талғампаздық модель ретінде түсіндіруге
болады. Ол модель әлеуметтік ықпалдар мен қатынастар саласын, саясат өрісі саяси құбылыстың
үлкен жиынтығын қамтиды. Сондықтан, қоғамның саяси өмірі осылардың негізінде қалыптасады.
Мұндай саясат өрісі саясаттың қызметін факторларынан көрінетін
әлеуметтік кеңістікті
белгілейді. Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар мен басқа да
әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі ретінде мемлекеттік билікті
қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты. Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең
тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет
болса, екіншіден ол - өнер, «мемлекетті басқару өнері» болып табылады /Аристотель/.
Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде мен
қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер
арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып табылады. Саясаттың түрлері негізінен екіге
бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі саясат мемелекеттің,
қоғамдық саяси ұйымның, саяси
басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. Ішкі саясаттың негізгі бағыты
билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру,
біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін
әлеуметтік күштердің ара салмағын
ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын
белгілейді. Оларға мыналар жатады:
- саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді ұйымдастырудағы тиімді әдіс–
тәсілдерді анықтау;
- сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау. Сонымен, ішкі саясат –
мемелекеттің ішкі
функцияларын реттеп отырады.
Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, айдалана білу. Қазіргі
жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде
адамдардың аса маңызды
мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады. Жалпы
алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен
араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.
Адам – саяси жануар, жан иесі. Аристотель көрсеткендей қандай болмасын қоғамда адаммен
саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр
кез өзіндік уақытта өзгеріп
отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы
саясат тұрғысынан жекелеген немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.
Міне, бұл саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір кепіл. Қоғамсыз
адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады
деу болмас. Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: