Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Қазақ халқының саяси ойларының бастауы



Pdf көрінісі
бет9/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Қазақ халқының саяси ойларының бастауы. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-
пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі - 
біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл әл-Фараби. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, 
математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр 
ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрік 870-950 жылдары аралығында өмір 
сүрді. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында 
туды. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра 
қалдырды. Саясаттануға байланысты «Мейірімді қала тұрғындарынын көзқарастары туралы», 
«Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар. Мейірімді 
қала Әл-Фарабидің еңбектері әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн 


Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо до Винчидің және өзге де ойшылдардың 
дүниетанымы қалыптасты. 
Жүсіп Хас-Хаджиб Баласағұни (1021-1075 жж.) түркі әлеміне әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам 
қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның 
негізгі еңбегі «Құтты білік» («Бақыт әкелетін білік», «Қайырымды білім», кейбіреулер 
«Бақыттылық жайлы ілім» Қазақ халқының саяси ойларының бастауы деп те аударып жүр) 
дастанынан білеміз. Бұл еңбектің бас ерекшілігі – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, ана тілі 
түрік тілінде жазылғандығында. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін. Жүсіптің өз 
еліне, жеріне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын көрсетсе, екіншіден, сол кезде Орта 
Азияда билік басындағы қарахандықтар династиясына түсінікті болуды көздеп жазылса керек. 
Білім – билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея 
оның мазмұнының арқауы болған. Ол мемлекетті білімді әрі қайырымды билеуші басқаруы керек 
деген. Қазақ халқының ірі ойшылдарының бірі – Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157 жж.). Ясы 
(Түркістан) қаласында туған. Ол әділдікті, ақылдылықты, имандылықты, шыншылдықты, 
мейірімділікті қалап, соны жырлаған. Оның басты еңбегі «Диуани Хикмет», («Даналық кітабы»). 
Оның қысқарған түрін «Хикмет» деп те атайды. Өз еңбектерінде басшының адал болып
қарапайым халыққа қамқоршы болуын қалап, дүниеқоңыздықты, парақор басшының Алланың 
алдында жауаптылығын ескеріп, адамгершілікке шақырады. Рухани тазалық және адамның рухани 
жетілуіне баса назар аударды. Ол қазақ жеріне мұсылман дінін таратуға ат салысты. 
Қазақтың рухани мұрасына өшпес із қалдырған тұлға – Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV ғасырдың 
аяғы мен XV ғасырдың басында өмір кешкен.). Өз дәуірінің беделді биі болған. Ол еліне мәңгілік 
азық боларлық қолайлы жер – «Жерұйықты» іздеп өткен. «Жерұйықтың» суы – сүт, топырағысы 
– май, тасы – алтын, ағашы мәуелі жеміс-жидекке толы жұт деген болмайтын, ел аласы, ру таласы 
жоқ, қайғы-қасіреттен аулақ, жау алып, жаугершілікті білмейтін құтты қоныс деп есептеген. 
«Жерұйықты» мекендегендердің бай мен кедейі жоқ, бақытты өмір кешетіндердің мекені. Сол 
жерді табу үшін желмаяға мініп төңіректің төрт бұрышын шарлайды. Оның бұл іс әрекеті Томас 
Мордың «Утопиясы» мен Т. Кампанелланың «Күн қаласындағы» саяси идеялармен үйлесіп 
жатыр. Асанқайғының «Жерұйықты» іздеуі жөніндегі аңыз қазақ халқының таңғажайып, жарқын 
болашақты аңсаған арманының туындысы болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет