Күнделікті қоғам өмірінде саяси қатынастар таптар арасындағы өзара қатынасы ретінде билік
арқылы көрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең алдымен үстемдік
және тәуелділік арқылы
жүргізілетін адамдар арасындағы қатынас белгілі бір тарихи кезеңдегі объективтік қажеттілік.
Мұнсыз қоғамдық қызметтің жүруі мүмкін емес. Саяси мүдде тек қана экономикалық жағдаймен
шектелмейді. Саяси мақсат жоқ жерде қоғамды басқару жоқ, демек саясат жоқ деп айтуға болады.
Саяси мақсат саяси мүддеден басталады. Саяси мүдденің негізгі мазмұны саяси билікті жеңіп алу
болып табылады.
Әлеуметтік құрылымның, сипатын анықтайтын басты элемент алдымен, үлкен әлеуметтік топтар,
яғни, таптар, ұлттар, ұлыстар, олардың қауымдастығының нысаны мемлекет,
саяси партиялар,
кәсіподақтар болып келеді.
Әлеуметтік топтар және олардың ұйымдары белгілі бір идеологиялық құндылыққа негізделеді.
Қазіргі жағдайда саяси қатынастар мен қозғалыстардың негізгі үш құндылығына ұлттық
қауіпсіздікте
теңсіздік пен қауіпсіздік;
экономикалық молшылық пен даму;
еркіндік және конституциялық-құқықты жатқызамыз.
Саясат экономикалық заңдарды саналы түрде қолдану түрі болғандықтан
саясат экономикаға
белсенді ықпал етеді. Осыдан саясатты ғылымға негіздей отырып, дәйекті жүргізу, қоғамды ғылыми
тұрғыдан басқару да саясаттанудың зерттейтін мәселелерінің бірі болуға тиіс деп айтуға болады.
Себебі, қоғамдағы саяси басшылық әлеуметтік-экономикалық өркендеудің сыннан өткен,
сұрыпталған нақтылы ғылыми-теориясына негізделуді, сүйенуді талап етеді.
Қоғам мәдениетінің
саясатқа тигізетін ықпалына келсек, біріншіден, жеке адамды тәрбиелеу және оның әлеуметтенуіне
ықпал ету арқылы қоғамдық жағдайға бейімдеуде, екіншіден, саясат субъектілерінің іс-әрекеттеріне
бағыт беріп отыратын қоғамда материалдық, рухани мұралар жүйесінің қалыптасуында, үшіншіден,
іс-әрекеттер мен мінез-құлыктардың және әртүрлі саяси мәселелерді іске асыру үлгілерін жасауда
көрінеді. Ондай мінез үлгілері адамның әрбір саяси жағдайға көзқарасын айқындап отырады.
Төртіншіден, мәдениеттің саяси өмірге ықпалы саяси институттар қызметінің моделдерін жасау
арқылы көрінеді.
Қорыта айтқанда, саясат адамдардың мінез құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің
қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер,
бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің
арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке
айнала
алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс- әрекетін де
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: