Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Саяси өмiрде саяси мәдениет белгiлi бiр қызметтер атқарады



Pdf көрінісі
бет55/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

 Саяси өмiрде саяси мәдениет белгiлi бiр қызметтер атқарады: 
1. Танымдық қызметi- қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптердi 
танып бiлуге үйретеді және субъектiнi саяси салада табысты жұмыс iстеуіне керектi бiлiммен, 
қоғамды басқару әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады;
2. Етенелесу қызметi- адамдардың белгiлi бiр әлеуметтiк қауымдастыққа жатуын, әрi сол топпен 
өзiнiң мүдделерiн жақындастыруын, сол топпен саяси өмiрге белсендi араласуын түсіндіреді;
3. Әлеуметтендiру қызметi- адамның қандай да бiр саяси билiк жүйесiнде өзiндiк саяси құқығы мен 
саяси қызметiн, мүдделерiн iске асыруға қажеттi дағдылар мен қасиеттердi игеруiн қамтамасыз 
ету;
4. Реттеушiлiк қызметi - бұл саяси мәдениеттiң адам мiнез-құлқына әсерi, олардың iшкi және 
халықаралық өмiрдiң саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазiргi саяси жүйенi, саяси 
қайраткерлердi, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерiн бағамдау, әлеуметтiк-таптық, 
ұлттық қатынастарды реттеу; 
5. Тәрбиелiк қызметi - бұл саяси бiлiмдердi игеру жеке адамның интеллектуалды дамуына, 
дүниетанымының кеңеюiне, мүдделердi қорғауға, қоғамдық-саяси әрекетке, қимылға белгiлi 
тұлғаның қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзiнiң көрiнiсiн әлеуметтiк белсендiлiктен табады;
6. Интегративтiк (бiрiктiрушiлiк) қызметi- саяси мәдениет өмiр сүрiп отырған саяси жүйенiң тiрегi 
қызметiн атқарады. Саяси мәдениет қоғамның көпшiлiгiнiң өмiр сүрiп отырған саяси жүйенi 
қолдауын қамтамасыз ету арқылы оларды бiрiктiру мақсатында қызмет етедi;
7. Коммуникативтiк (қарым-қатынас) қызметi - өмiрде үстемдiк алған саяси сана мен мiнез-
құлықты жаңа ұрпаққа жеткізу және беру; 8 
Қорғау қызметi- қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетiн саяси құндылықтарды, 
қазыналарды сақтау.
Саяси мәдениеттiң жiктелуi. Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси үлгiлер мен 
ережелерге байланысты әр елдiң саяси мәдениетi өзгешеленедi, ерекшеленедi. Ал, оларды анықтау 
үшiн ең алдымен, кең мағынадағы эмпирикалық зерттеулер жүргiзу керек, содан соң ғана 
салыстырмалы-саяси талдау арқылы ерекшелiктерiн сипаттауға болады. 
Соңғы кезеңдерде саяси мәдениеттi дамыған, не дамымаған ел деп екiге бөлу арқылы олардың 
деңгейiн анықтау саясаттанушылардың арасында кең тарай бастады. Бұл жiктеудiң өлшемi 
көбiнесе мемлекеттiң жалпы даму деңгейiмен байланыстырылады. Мәселен, АҚШ, Германия, 
Франция, Англия дамыған саяси мәдениеттерге ие десе, көптеген елдердi оған жатқызбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет