Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Саяси мәдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерi бар: тоталитарлы, авторитарлы және



Pdf көрінісі
бет56/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
Саяси мәдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерi бар: тоталитарлы, авторитарлы және 
либералды-демократиялық.
Тоталитарлы қоғамның кезiнде мемлекеттiк билiк барынша тұтастанып, қоғам мүшелерi қатаң 
бақылауға алынады. Фашистiк және коммунистiк типтегi тоталитарлы қоғамдар көсем (лидер) 
басқаратын саяси билiктi әмбебаптандырады. Тоталитарлық үрдiстер экономикалық 
қатынастардағы шаруашылық субъектiлер «этатизациялануын» сипаттайды. Бұл жердегi негiзгi 
аргумент-тиiмдiлiктi арттыру. Бұл мағынада қоғам кейбiр экономикалық жетiстiктерге де жетедi.
Авторитарлық (өктемшiлдiлiк) қазiргi кезеңде өзiнiң тарихи «ататегi» – автократия мен 
тираниядан сапалы түрде айырмашылықтарға ие болған. Өйткенi ежелгi заманда билiктi аздаған 
адамдар көп емес кiсiлердiң мүддесiне орай жүргiзсе, қазiргi авторитарлық көпшiлiктiң атынан топ 
күйiнде билiктi жүргiзедi. Сөйтiп, деспоттық принциптерiне сүйенген қоғам бiрте-бiрте ендi 
халықты алдап-сұлдап (манипуляция) билiк жүргiзуге ауысқан. Жаңарудың ең оңай түрi «халық 
мүддесiн» қорғау жайлы науқанды iс-әрекеттер жасау екенiн авторитарлы типiндегi 
мемлекеттердiң басқару органдары жақсы түсiнiп алған. Бұл әлеуметтiк-саяси өзгерiстердiң 
түптамыры XX ғасырдағы әлеуметтiк революциялармен астасып жатады. 
Либералды-демократиялық модельдегi саяси мәдениет пiкiрлер алуан түрлiлiгiн жоққа 
шығармайды, есесiне қарама-қарсылық жақтың қарсы ұстанымдарынан тиiмдi ортақ ойды iздейдi. 
Бұл саяси шешiмдегi сыңаржақтылықтан қорғайды. Бiрақ, бұл да идеологияның бiрi болғандықтан, 


оның кемшiлiктерi де бар. Мәселен, қоғамдағы барлық мәселелердi шешуге болады деген 
желеумен тарихи қалыптасқан дәстүрлi құндылықтардың құнарлы жақтары да ұмытылып кететiн 
кездерi де болады. Өйткенi, бұндай саяси мәдениет әлемдiк кеңiстiктегi саяси тәжiрибенiң кейбiр 
үрдiстi тұстарын механикалық түрде қабылдап, әлеуметтiк-тарихи ортада қалыптасқан ұлттық 
және дiлдiк ерекшелiктердi ескермеуi де мүмкiн. Бұл нақты тарихи қарастыруды қажет ететiн 
жағдай. 
Саяси мәдениеттi кейбiр зерттеушiлер басқа түрде жiктеп, олармен құндылықтық бағдарлардың 
байланысын анықтап жүр. Мәселен, Габриэль Алмонд пен Сидней Верба өздерiнiң «Азаматтық 
мәдениет» (1963ж.) деген еңбектерiнде саяси мәдениеттiң типологиясын жасай отырып, оларды 
қоғамдағы негiзгi саяси құндылықтармен тығыз байланыста болатынын көрсетедi. Бұл 
зерттеушiлер АҚШ, Англия, Германия, Мексика және Италия елдерiнде кең тараған саяси 
құндылықтарға компаративистiк талдау арқылы саяси мәдениеттiң үш типiн анықтайды. Бiрiншi 
типтi патриархалды деп атайды. Бұл тип қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық 
танытпайтындығымен ерекшеленедi. Әсiресе, осындай жағдай Африканың тайпалық 
қауымдастықтарында, кейбiр елдердегi автономиялық елдi мекендерде жиi кездеседi. Олар 
негiзiнен өздерiнiң iшкi тайпалық дiндерiнiң қалыптарымен, әлеуметтiк шектеулерiмен өмiр 
сүргендi қалайды. Саяси өмiрдiң мемлекеттiк деңгейi өкiлдерiн көп алаңдатпайды, күнделiктi 
тiршiлiктiң ауқымынан шыға алмайды. 
Екiншi типтi мақұлдаушылар деп атайды. Бұл саяси мәдениеттiң құрылымына мемлекеттегi 
заңды мақұлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылын жатқызамыз. Олар қоғамның 
саяси өмiрiне аздап қатысады (сайлауға барады, ақпарат құралдарында айтылатын деректермен 
таныс). Бiрақ, бұл азаматтар енжар түрде жоғарыдан айтылған нұсқауларды орындауды ғана 
мақсат етiп, өзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей араласуын қаламайды. Бұл авторитарлы қоғамда 
кеңiнен тараған саяси мәдениеттiң формасы.
Үшiншi типке саяси мәдениеттi белсендi түрде дамытушылар жатады. Бұл азаматтар саяси 
процестегi барлық өзгерiстерге қатысып отырады. Қоғамның әрбiр саяси қадамын қадағалап, 
ондағы саяси оқиғалар жайлы өз пiкiрлерiн түйiндейдi. Әрине, бұл үш типтi де бiр қоғамнан 
кездестiруге болады және олар бiр-бiрiн толықтырып, бiр қоғамның тұтас саяси мәдениетiн 
анықтайды. Тек даму деңгейi биiктеген сайын әрбiр мемлекетте үшiншi типке жататындардың 
саны көбейе түседi.
Саяси мәдениет азаматтардың қоғамның саяси өміріне неғұрлым белсене қатысып, мемлекеттің 
саяси жүйесін қалыптастыруға маңызды әсерін тигізеді.
Сонымен, саяси мәдениет дегеніміз - адамдардың саяси білімдерін, саяси ой-пікірлерін 
қалыптастыратын және олардың саяси процестерге қатысудағы мінез-құлықтары мен іс-
әрекеттерін бейімдейтін қоғам мәдениетінің ерекше саласы.
Елдегі саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, көптеген саяси құбылыстардың 
болжамдарын айқындаудың негізін қалайды. Қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасуы мен 
дамуында әртүрлі проблемалар кездеседі. Біріншісі, қандай да болмасын, қоғам бірнеше 
әлеуметтік топтардан тұрады. Олар: кәсіби, ұлттық, діни, жас ерекшеліктеріне қарай, аймақтық 
және тағы басқалары болып бөлінеді. Осындай топтардың кейбірі қоғамдағы жалпы бағытталған 
саяси мәдениеттен дәстүрлеріне, мүдделеріне, өз көзқарастарына байланысты ерекшеленуі 
мүмкін. Осындай ерекшеленуші әлеуметтік топтарды саяси әдебиетте субмәдениет деп атайды.
Субмәдениет деп қоғамда үстемдік ететін саяси мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін 
саяси бағдарды айтады. Қоғамда субмәдениеттер әртүрлі болған жағдайда қоғамдық, саяси өмірдің 
тұрақтылығын әлсіретудің негізі қаланады. Яғни, қоғам саяси бағыттары үйлеспейтін топтарға 
бөлінеді. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі үлкен субмәдениеттердің бірі- ұлттық этникалық топтар. 
Түрлі субмәдениеттердің болуы қоғамның бірлестігін әлсіретеді. Мысалы, кейбір ұлттық 
топтардың ауқатты уәкілдері қаржыларын өзінің “тарихи отанының” экономикасына салуға 
тырысады немесе Қазақстанда қазақтардан басқа ұлт өкілдерінің саяси партияларға мүше болуы 
да белсенді түрде емес. Бұл факт өз кезегінде саяси партиялар құрамының ұлттық өкілеттілігін 
қамтамасыз етпейді.
Қазақстандағы тағы бір үлкен субмәдениет – орыс тілді қазақтар. Олардың саяси мәдениетінің 
олқылығы қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарын игере алмайтындығында. Ал қазақ 


халқының өз арасында жерлестік және рулық топтардың да көрінісі бар. Бұл субмәдениеттің 
ішіндегі өзара сыбайластық арқылы руластарын, жерлестерін қызмет саласында жоғары 
лауазымдарға тарту демократияның принциптеріне және мемлекеттік заңға қайшы келеді.
Саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, көптеген саяси процестер болашағын 
айқындау негізін қалайды. Бірақ қоғамда әр түрлі әлеуметтік топтардың блуына байланысты, 
субмәдениеттер болмай тұрмайды. Ал олардың арасында үйлеспеушілік орын алса, қоғамдық 
саяси өмірдің тұрақтылығы бұзылуы да мүмкін. Осындай жағдайда мемлекеттік саясатты қолдау 
бәсеңдейді немесе мүлде тоқтайды.
Қоғамдағы субмәдениеттердің көзқарастар үндестігі мен келісім проблемасын шешудің айқын 
жолы – демократиялық саяси мәдениет қалыптастыру. Қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу 
барысындағы екінші проблема –конформистік проблема. Егер саяси билік, мемлекет тарапынан 
саяси мәдениет мәселелеріне үстемдік жасалып, қатал бақылау қойылса, онда азаматтар 
әміршілдік нұсқауларға бейімделіп, енжарлық күйге түседі, саяси әртүрлілік, пікірталастық мүлде 
жойылады.
Қоғамның саяси мәдениетінің үшінші проблемасы –мәдениеттің идеологиялық бақылауға түсу 
мәселесі. Қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасуы сол мемлекеттің саяси режиміне және 
идеологиясына байланысты болады. Мысалы, қазіргі дінидәстүрдегі мемлекеттерде адам діннің
қағидаларын жақсы білетін болса, сол адамның саяси мәдениеті жоғары деп есептелінеді. Немесе, 
бұрынғы Кеңес Одағында, тоталитарлық режим жағдайында егер қызметкер коммунистік 
партияның және социализмнің тарихын терең ұғып алған болса, ол адамның саяси мәдениеті 
жоғары деп есептелінді. Оның үстіне Кеңес үкіметі азаматтарды өз мемлекетінің саяси мәдениеті 
шеңберінен шығармай қойды. Соның салдарынан кеңестік азаматтар демократиялық 
ұстанымдардан, нарықтық экономикалық қарым-қатынастан бейхабар болды. Нәтижесінде, 
мемлекеттің өзі дүниежүзілік саяси мәдениет тәжірибесінен тыс қалып, тоқырауға ұшырап ақыры 
ыдырап кетті.
Әлемдік саяси мәдениеттің дамуы барысында қазіргі кезеңде екі деңгей қалыптасқан. Бірінші 
деңгей - әрбір мемлекеттің өз саяси мәдениеті. Екінші деңгей – саяси мәдениеттің халықаралық, 
дүниежүзілік өркениетті мемлекеттерінде танылған құндылықтар. Олар: демократия, нарықтық 
экономикалық қарым-қатынас, көппартиялық, либерализм, реформизм, әлеуметтік қорғау жүйесі 
және тағы басқалары.
3. Ал бүгінгі Қазақстанға келер болсақ, біздің елімізде жаңа, өзіндік саяси мәдениет 
қалыптасып келе жатыр. Оны алға дамыту барысында дүниежүзілік саяси ғылымның 
ұсыныстарына сәйкес туындап отырған мәселелер: еліміздің Конституциясын, әр азаматтың саяси 
құқығын, бостандығы мен міндеттерін тану; қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері 
жөнінде хабардар болу; мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу; билік пен саясат жөнінде 
жалпы білім беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан саясаттың, ережелердің, 
принциптердің, идеялардың мәнін түсіну; құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға 
ұмтылу.
Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері Дүниежүзілік қауымдастықтың саяси 
мәдениет саласында ғасырлар бойы қалыптасқан мол тәжірибе жинақталды. Олар: демократия, 
саяси билікті қалыптастыру жолдары, қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері, 
көппартиялық, заңды оппозиция, баламалы сайлаулар және тәуелсіз бұқаралық ақпарат 
құралдарының қызметі. Осы тәжірибедегі ең маңыздысы - экономика саласындағы бүкіл адамзат 
мойындаған нарықтық қарым-қатынастар. Ал әлемдік саяси тәжірибенің нәтижесі- демократиялық 
саяси мәдениет болып саналады.
Бірақ көптеген елдерде орнаған саяси режим мен идеологияға байланысты осы демократиялық 
саяси мәдениетті өз қоғамдарының қажетіне пайдалануға қолдары жеткен жоқ. Осы күнге дейін 
дүниежүзілік саяси мәдениетте қалыптасқан озық тәжірибені қолдамайтын тоталитарлық, 
авторитарлық режимдер, діни- дәстүрлі мемлекеттер әлі де аз емес. Ал бұрынғы Кеңес Одағын 
және басқа да социалистік елдер де қатал саяси идеологиясының қалыптасуына байланысты 
демократиядан, нарықтық экономикалық қарым-қатынастан тыс қалған болатын. Сондықтан 
қазіргі кезеңдегі саяси мәдениет саласындағы негізгі мақсат -демократиялық саяси мәдениет 


құндылықтарын игеру. Ал демократиялық саяси мәдениет төмендегі негізгі шарттар орындалғанда 
ғана тұрақты қалыптасады :
1. Экономикалық және әлеуметтік өмірдегі пікірталастықтың болуы. Саяси пікірталастықты 
қалыптастыратын нарықтық экономикалық қатынастарды дамыту, меншіктің әртүрлі болуы, 
экономикалық іс-қимылдың, шаруашылық жүргізу мен дербес субъектілерінің әртүрлі үлгілерінің
жүзеге асуы.
2. Елдің саяси дамудағы мақсаты - азаматтық қоғам орнатуға бағытталуы. Демократиялық саяси 
институттарды қалыптастыру, азаматтық қоғамның ықпалынан туындайтын мемлекет 
өкілеттілігінің көлемін айқындау. Мемлекеттік биліктің барлық органдары халықтық, заңды 
сайлаулар арқылы қалыптасуы.
3. Қоғам дамуының басты құндылықтарын, идеялары мен мақсаттарын айқындайтын, негізгі 
әлеуметтік топтар мен жіктердің мүдделерін қолдайтын партиялардың арасындағы саяси 
әдептіліктің болуы.
4. Адам бостандығы, қоғамдық өмірдің барлық саласында азамат құқығының сақталуы.
Демократиялық саяси мәдениеттің таңдаулы салалары ретінде қоғамдық өмірдің демократиялық 
принциптері мен нормалары, жеке адам бостандығы мен тұлғаның өзін-өзі бағалай білуі саналады. 
Мәдениеттің бұл үлгісі азаматтардың өздігінен саяси ой білдірудің (идеологиялық пікірталас) ғана 
емес, саяси ұстаным таңдауда (саяси пікірталас) дербестік, өзгеше ойлауға төзімділік құқықтарын 
мойындауды қамтиды. Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру мен жүзеге асыруға 
бағытталған, әрбір жеке адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және нығайтуға 
бейімделген демократия механизмдері саяси-пікірталас негізі болып табылады.
Демократиялық саяси мәдениеттің тағы бір көрінісі – адамдарды саяси біріктіру, яғни 
демократиялық процестерге қоғамның жаңа топтарын қосу, әрбір адамның саяси дамуына кең 
мүмкіндіктер беру. Бұдан демократиялық саяси мәдениеттің ізгілікті бағыты көрінеді. Бостандық 
пен белсенділік құндылықтары “адами бейнеге” айналады, мемлекеттік саясатқа сенімділіктің 
өсуіне ықпал етеді, демократияландыру салаларын ұлғайту үшін қолайлы әлеуметтік-
психологиялық жағдай туады. Қоғамда демократиялық мақсаттарға қажет демократиялық 
құралдар, механизмдер мен ықпалдасулар арқылы жететін саяси түсінік қалыптасады. Бұл түсінік 
әлеуметтік қысымшылықты, қайшылықты, әртүрлі арандатушылықты азайтуға мүмкіндік береді. 
Қоғамдағы әлеуметтік топтар мен жіктердің саяси ынтымақтастығының тәртібі қалыптасады. 
Түптеп келгенде, демократиялық саяси мәдениет – тек ұлттық, діни және басқа да дәстүрлерді 
сақтау ғана емес, қоғамдық өмір үлгілерінің көпқырлылығын жаңартуға бейімдейтін мәдениет 
саласы.
Қазіргі кезеңде дүниежүзілік қауымдастық арасында жан-жақты және тығыз байланыстың 
болуы жағдайында әрбір мемлекеттің сәтті даму шарты -демократиялық саяси мәдениетке 
ұмтылыс жасап, қоғамның, әрбір азаматтың саяси мәдениетін жоғарылату.
Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi. Егемендiк алған сәтте Қазақстанның дамуына 
барлық қажеттi алғышарт бар сияқты көрiндi. Атап айтқанда, негiзiнен шикiзаттық сипатта болса 
да республиканың жеткiлiктi дамыған индустриялдық базасы бар едi. Екiншiден, Қазақстан 
халқының жоғарғы бiлiм денгейi, тiптi дамыған Батыс елдерiнен олқы түспейтiн. Демек, сол 
уақытта Қазақстанның экономикалық және саяси жүйесiн реформалаудың халықтық азаматтық 
белсендiлiгiнiң көтерiлуiне ықпал ететiнi жөнiнде ешбiр күмән болған жоқ. Нәтижесiнде саяси 
мәдениеттiң демократиялық үлгiсiнiң қалыптасуынан үмiттенуге болатын едi. Алайда, 
ақиқатында, Қазақстанның саяси мәдениетi басқа бағытта дамыды, республиканың саяси 
мәдениетi ендi тоталитарлық үлгiге жатпайды. Қазiр Қазақстанда да, бұрынғы кеңес 
республикаларының қай-қайсысында да коммунистiк режим тұсындағымен салыстырғанда 
мақұлдаушылық саяси мәдениеттi ұстанушылардың мүлдем аз екендiгiн кесiп айтуға болады. 
Алайда кеңестiк кезеңнен кейiнгi Қазақстанның саяси мәдениетiнде мақұлдаушылар үлесiнiң 
азаюы, олардағы белсендiлер санының күрт өсуiне әкелген жоқ. lс жүзiнде патриархалдардың 
үлесi айтарлықтай ұлғайды. Өтпелi кезең басталғаннан берi (тәуелсiздiкке қол жеткiзген сәттен 
басталады) бiздiң мемлекетiмiз нарықты қатынастар мен қоғамды демократияландыру жолына 
түскен болатын. Бұл дегенiңiз саяси мәдениеттiң демократиялық типiн таңдап алу деген сөз. Оған 
бiршама негiздер болатын: халықтың сауаттылығының жоғарылығы, көптеген қалалардың 


индустриялануы, кен байлығының молдығы, халықтар достығы дәстүрi, көп мемлекеттермен 
қарым-қатынас жасауға ашықтық және т.б. Бiрақ шын мәнiнде, саяси мәдениеттiң дамуы 
Қазақстан үшiн (барлық ТМД-i елдерiндегiдей) күрделi құрылымға ие болды. 
Кеңестiк режимде мақұлдаушылар құрамында жүрген азаматтардың бiр бөлiгi ғана жаңа 
демократиялық құндылықтарды жақтаушы белсендiлердiң қатарына көштi де, халықтың бiршама 
бөлiгi патриархалды типтегi саяси мәдениеттi қолданушыларға айналды. Бұл жағдай кездейсоқ 
қалыптасқан жоқ болатын. Өйткенi, социалистiк дамудың принциптерi этникалық-мәдени 
дамудың маңыздылығы бар құндылықтарына терең мән бермей келген болатын. Мiне, сол жүзеге 
аспаған мүмкiндiктер мен мүдделер өз уақыты келгенде әлеуметтiк кеңiстiкке босап шығып отыр. 
Ендi тек сол қайшылықтардың тиiмдi шешiмiн тауып қана алға жылжудың ретi келедi. Сырт 
қарағанда артқа кету болып көрiнгенмен бұл процестердiң де заңды негiздерi бар. Саяси 
мәдениеттiң құрылымындағы патриархалданудың элементтерi тек қазiргi Қазақстанда ғана емес, 
сонымен қатар Ресей мемлекетiнде және көптеген бұрынғы Кеңестiк республикаларда байқалады. 
Азаматтардың бұлай саяси құндылықтардан алыстай түсуi, өздерiнiң тұрмыстық хал-жағдайларын 
күйттеп кетуi саяси жүйенiң қарапайым халықтан оқшаулау тұруына да байланысты. Саясаттану 
ғылымындағы танымал ғалымдардың барлығы дерлiк шығыстық және батыстық мәдениетке тән 
өзiндiк ерекшелiктер болатындығын мойындаған. Мәселен, көпшiлiкке белгiлi қазақстандық 
ғалымдар Ж. Алтаев, Т. Ғабитов және А. Қасабеков өз еңбектерiнде Шығыс пен Батыс мәдениетiне 
тән сапалық айырмашылықтарды атап көрсетедi. Бұл талдауда екi бiр-бiрiнен айырмашылығы бар 
дүниетанымдық ұстаным (даралық пен көпшiлдiкке бағдарланған) салыстырылады. Қазiргi 
Қазақстан жерiнде екеуi тоғысқанға ұқсайды. 
4 . 
Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір 
бойы саяси білімін кеңейтеді, толыктырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші 
дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-өнегесінен үйреніп отырады. 
Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді. 
"Әлеуметтену" деген ұғымды XIX ғ. аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф. Гидденс және 
француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену 
деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты. XX ғасырдың 50—60 
жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары "саяси 
әлеуметтену" деген ұғымда ойлап шығарды. Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектерінде бұл ұғым 
кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, 
қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. 
Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-
әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту 
процесінің барлық жиынтығын айтады. 
Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған 
Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бүл кезде сыбайластык 
жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла коймаған, саяси билік адамдардың 
қажеттіліктерін канағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік кебейді, саяси 
абсентеизм (саясатқа селкос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғасырдын, 
70— 80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар 
дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдык құндылықтарға (жеке табыс, байлыққа тырысу) 
қарсы шықкан субмәдениет пайда болды. Мысалға XX ғ. 60 жылдары дамыған хиппилер 
қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты 
отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай 
жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі 
қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, 
дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал-шашын алуы, 
мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын 
жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектілерінде сейледі, нашақорлықпен 
айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі 
америка қоғамын катты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін 
зертгеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бүл кезде күн тәртібіне қатты қойылды. 


Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: 
— қоғамның жаңа мушелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; 
— қоғам мүшелеріне кажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге жөне шығармашылық 
жасауына қолайлы жағдай жасау; 
— саяси мөдениеттін элементтерін өзгерту. 
Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік-саяси тәжірибе 
жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады. 
Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына 
сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол аркылы өзінің саяси санасы мен 
мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену 
барысында адам қоғамның толықкднды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, 
білімді меңгереді. 
Саяси әлеуметтену саяси тәжірибені ашық және қосалқы түрінде жүргізуі мүмкін. Ашық түріне 
мәліметтерді, сезімді, құндылықтарды тікелей беру жатады. Мысалы, қоғамдық пәндерді оқыту 
арқылы жастарды оқытып үйрету. Қосалқы түрінде саяси емес ережелерді саяси қатынастарға телу 
жатады. Мысалы, балалардың саяси билікке қатынасы жас кезінен (демократиялық тәсілмен, қатаң 
жазалау арқылы мәселені шешу әдісімен немесе саясатқа селқос қараушылық) қалыптасуы 
мүмкін. 
Саяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, 
мемлекет, партия, діни ұйымдар және жеке саяси оқиғалар. 
Саяси әлеуметтену ен, алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары Д. Истон мен Дж. 
Деннис 12 мың Америка балаларын сұрак-жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде олардың 
саяси әлеуметтенуінің 4 кезеңін көрсетеді: 1) саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де 
жоғары саяси билік барын ұғынуы; 2) жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицейский 
тұлғасы аркылы жекелеп сезінуі; 3) дәріптеу, яғни саяси қайраткерлерге тек жақсы қасиеттерді 
тану; 4) институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар аркылы 
емес, иесіз институттар аркылы (партия, сот, парламент, әскер және т.б.) қабылдау. 
Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол 
әкесі немесе шешесі, бала бакшада тәрбиеші, мектепте мұғалім аркылы әлеуметтенеді. Ол дау-
жанжалдың калай шешілетінін байқайды, бағыну немесе бағынбауға үйренеді. 
Қазақтар «ұяда не керсең, ұшқанда соны ілесің» деп тегін айтпаған, үйде калыптаскдн кезкарас 
көбіне өмір бойына жадында қалады. 
Саяси әлеуметтенудін келесі сатысы — мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар 
мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар 
ұйымдарына катыса басталды. Д. Истон мен Дж. Деннис зерттеген 12000 оқушының 95%-ы 
«Америка — әлемдегі ен тандаулы ел», «Америка жалауы — дүниедегі ең жақсы жалау» деген 
тұжырымдаманы мақұлдаған. Өйткені мүғалімдердің 99%-ы оқушыларға күнде америка жалауын 
көрсетсе, 91%-ы ол туға берілгендігін дәлелдеуді талап етіпті, 60%-ы «Тамаша Америка» деген 
отан-сүйгіш әнді орындатып отырған. 
Саяси әлеуметгенудің келесі кезеңі 16—40 жастар аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса 
бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең 
саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәртебесі 
өзгереді. Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40—60 жастардағы аралық. Бұл — адамның есейген 
шағы. Адамдардың саяси іс-әрекетіне әмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты 
көзқарастары әсер етеді. Ең соңында зейнеткерлердін саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері 
қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды. Қайсы бірі коғамдық өмірге 
аз да болса катысқанына риза болады, көңіліне медет табады. Саяси өлеуметтену институттарына, 
жоғарыда атап керсетілгендей, отбасы, білім жүйесі, сонымен қатар мемлекет, партия, діни 
ұйымдар жатады. Кейде оған жеке саяси оқиғалар да қатты әсер етуі мүмкін. Мысалы, 1986 ж. 
Желтоқсан окиғасы қазақ халқының саяси санасына сілкініс жасап, көп нәрсеге көздерін ашып 
тастады. Саяси әлеуметтенуге акпарат құралдары көп ыкпал жасайды. Баспасөз, радио, теледидар, 
кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси кұндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады, бір 
идеалды негіздеп, корғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы калыптастырған 


қазыналары, алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны 
тәрбиелейді. 
Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси 
әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау-жанжалдық. 
Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында адам сияқгы 
қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп 
орындарына, мемлекетке, езінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік 
органдары арасында сыйластық, туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін 
жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялык дәстүр, 
азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ, Ұлыбритания елдерін жаткызуға болады. 
Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әлеуметтік жүйесінен басқа 
жүйелерге жат көзбен карап, оларды жақтырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптык, діннін 
немесе идеологияның негізінде калыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге 
тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жаткызуға болады. 
Саяси әлеуметтенудін, плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың, олардың, құқығы мен 
еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, 
басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал 
бола алады.
Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топ аралык күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде 
қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. 
әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың 
бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. 
Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының 
азаматтарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. 
Өйткені біз өтпелі кезенде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси 
әлеуметтенудің түрінен бас тарттык. Ал дәстүрлі либералдык құндылықтарды игергеніміз жоқ, 
олар бойымызға сіңген жок. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар 
жүмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси 
әлеуметгендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. 
Бұрынғы жастар ұйымы (октябряттар, пионерлер, комсомол) өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың 
орнын басарлык ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты шамалы. Сайлау 
кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық 
экономика кезінде ақпарат кұралдары қаржының тапшылығынан жарнамаларды жариялауға 
көбірек көңіл бөлуде. 
Қорыта келгенде, қазіргі саяси әлеуметтену процесінде екі түрлі үрдісті байқаймыз. Біріншіден 
коғамның демократиялануы, халықтың саяси іске араласуына мүмкіндіктің молаюы. Екінші 
жағынан көпшілік халықгың тұрмысы төмендеп, жұмыссыздык көбейіп, саясатқа селқос 
караушылықтың өрістеуі. Жалпы
саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, қоғамның прогреске бағыт алуы – нәтижелі саяси 
мәдениеттің деңгейімен байланысты болады. Саяси мәдениеттің маңызы – азаматтардың 
қоғамның саяси жүйесін қолдап оны дамытуға белсенді қатысуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет