Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Бақылауга және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет74/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Бақылауга және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 
1. Саяси жанжалға не жатады? Саяси жанжалдар қандай себептерден пайда болады? 
2. Сіз «қақтығыс», «саяси қақтығыс», «әлеуметтіқ, қақтығыс» ұғымдарына 
қандай анықтама берер едіңіз?
3. Қазақстанда саяси шиеленістерді тудырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз? 
4. Конфликтология ғылымы немен айналысады?
5. Қақтығыстар қазіргі күндегі саяси өмірде қандай рөл ойнайды ? 
6. Саяси жанжалдардың шешу жолдары қандай?
7. Саяси шиеленістердің қоғамдағы ролі қандай? 
15 дәріс. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар 
Жоспар: 
1. Халықаралық қатынас және халықаралық саясат. Қазіргі әлемдік дамудың жалпы 
мақсаттары 
2. Сыртқы саясат: оның мәні мен функциясы. 
3. Қазақстан әлемдік қауымдастықта. 
Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік 
сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты 
шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі 
мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. 
Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағынасы жағынан жақын үш ұғым бар: сыртқы саясат
халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете 
зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар. Әлемдік саясат халықаралық 
қатынастардың өзегін құрайды. 
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың 
белсенділігі артып келе жатыр. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет 
атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы 
қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде 
келісімшарттар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы 
дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, 
мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен 
ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. 
Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған 
мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. 


Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері 
жатады.
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды 
іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке 
мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси 
партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес 
ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық 
саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар 
сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет