Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Пысықтауға арналған сұрақтар: 
1. «Саясат» түсінігіне анықтама беріңіз. 
2. Қоғам өміріндегі саясаттың ролін атаңыз. 
3. Саясат элементтерін атаңыз? 
4. Саясаттың объектісі мен субъектісі.
5. Саясаттың қоғамдық өмір жүйесіндегі орны қандай? 
Әдебиеттер: 
1. Әлемдік саясаттану антологиясы Алматы, 2005 (Мәдени мұра) 
2. Радугин А.А. Политология: курс лекции. М, 2000 
3. Қапесов Н. Саясаттану оқу құралы Алматы, 2003 
4. Жамбылов Д. Саясаттану. А. «Жеті жарғы», 2007 
5. Политология: Учебник/Под ред Т.Т.Мустафина. А., 1993 
Дәріс 4. Саяси билік: мәні және жүзеге асыру механизмі 
1. Саяси билік: ұғымы және құрылымы. 
2. Саяси билікті жүргізу механизмдері. 
3. Саяси билік қызметі.
4. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі. 
Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-
жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.
Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым саяси қозғалыс және 
саясаттың өзін түсінудің кілті деуге болады. Саясаттың маңызды категорияларынң бірі – ол билік.
Саяси билік – саясаттың бастауы. Билік мемлекеттік институттар элита және саяси көшбасшылар 
арқылы жүзеге асырылады.
Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мәселен, 
фәлсафашылар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы, социологтар әлеуметтік 
билік, экономистер-шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар 
табиғатқа деген билік, психологтар-адамның өзіне деген билігі, ата-аналар отбасы билігі, 
діндарлар тәңірі билігі туралы айтуға бейім тұрады. Сонымен қатар құқық, атқарушы, қазы 
биліктері туралы түсінік бар.


1. Билік ұғымы туралы түсінік саяттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік 
теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін 
түсініп - білуге көмектеседі. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін 
күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның 
басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшын философы, 
қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық 
ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Американың әйгілі әлеуметтанушысы 
Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік 
те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін 
жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Бірақ биліктің толық мағынасы 
мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Билік туралы ғалымдар арасында мынандай 
анықтамалар мен тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, 
структуралистік, конфликтілік.
1. 
Бихевиористік анықтама. Бұл анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына 
әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.
2. 
Телеогиялық анықтама. Телеогиялық (грекше teleos – мақсат, logos – түсінік, ілім). Ол 
бойынша, билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге, қорытындыға жету.
3. 
Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану 
құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.
4. 
Структуралистік (құрылымдық) билік анықтамасы бойынша: билік басқарушы мен 
бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол 
біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
Конфликтілік билік анықтамасы бойынша билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді 
реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің кұралы деп түсіндіреді. 
Американ саясаттанушысы Гарольд Дуайт Лассуэлл (1902 -1978) мен Мартон Каплан (1921-
1991) «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға мүмкіндігі ретінде 
сипаттайды. Билік өздігінен пайда болмайды. Билік үшін бір негіз болу керек. Жалпы саяси 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет