Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Өт қышқылдарының қызметі -



бет44/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
Өт қышқылдарының қызметі - липидтердің эмульсияға айналуын және еруін дамыту. Сөйтіп липаза ферментінің әсерін жеңілдету.
Төменде хол қышқылы мен тауриннің жұп қосылысы таурохол қышқылы және дезоксихол қышқылы мен глициннің жұп қосылысы гликодезоксихол қышқылының түзілу реакциялары берілген.


Өт қышқылдары құрылым жағынан бір - біріне ұқсас, олар тек қана молекуласында гироксил топарының саны және орналасуымен ерекшеленеді. Төменде екі қышқылдарының – хенодезоксихол қышқылының және литохол қышқылының формулалары келтірілген.


Майды эмульсияға айналдыру. Майлар гидрофобты, сулы ортада ерімейді. Өт қышқылдарының ерігіш амфипатиялық қасиеті бар. Өт қышқылдары сырттай активті заттар. Өйткені олардың стероидтық жағы гидрофобты, ал полярлы «басы» (қышқылдық топ бар жері) гидрофильді келеді. Өт қышылдарының гидрофобты жағы май түйіршіктерімен өзара әрекеттеседі, ал олардың гидрофильдік тобы сулы ортаға қараған жақ бетке жиналып топтасады да, полярлы еріткіш сумен түйіседі. Өт қышқылдары, бос май қышқылдары мен моноацилглицеролдардың қатысында май түйіршіктері-сыртына жинақталады да жұқа қабықша түзеді. Осының нәтижесінде екі заттың- су мен майдың арасындағы сыртқы керіліс бірден азаяды. Осылайша беттік керілістің азаюы және ішектің жиырылып созылуы нәтижесінде үлкен май түйіршіктері босайды да, бөлшектеніп, ұсақ-ұсақ май түйіршіктеріне айналады. Осылай пайда болған майдың өте ұсақ бөліктерінің сыртқы қабатында сол беттік активті заттардан құралған жұқа қабықша болады, ол қабықша май бөлшектерін біріктірмейді. Май осылайша эмульсияланады да суда еритіндей қалыпқа түседі. Эмульсияланғаннан кейін майдың беттік аумағы өте ұлғаяды. Эмульсиялану деңгейі жоғары болған сайын және май түйіршіктері кішірейген сайын оған ферменттің әсер етуі оңайланды. Сөйтіп ацилглицеролдар гидролизінің жылдамдығы да артады.
Өттің және ұйқы безі сөлінің реакциясы әлсіз сілтілік, ол қарынның қышқыл реакциясын бейтараптайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет