Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет42/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Дәріс 8
Липидтер.


Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де мал, адам және өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан.
Липидтердің қызметі
Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады:
1) липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі және тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші; қор болып жиналған липидтердің құрамы және мөлшері адам мен жануарлардың азықтарына және олардың құңдылығына байланысты болады;

  1. липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі; белгілі бір мүшедегі немесе ұлпадағы құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі химиялық құрамы болады; ондай липидтер жануарды азықтандыруға және олардың ауруына байланысты өзгермейді;

  2. липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыстардың алғы заты бола алады;

  3. қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық-суықтан, электр және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;

  4. липидтерде көптеген витаминдер ериді, олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.

Липидтердің қорытылуы және сіңуі. Майлардың қарында қорытылуы
Май дегеніміз триацилглицеролдардың және басқада липидтердің күрделі қоспасы. Майдың химиялық молекуласы деп мысал ретінде мына триацилглицеролдарды көрсетуге болады:


Триацилглиерол



Майдың қорытылуы қарында басталады. Бірақ онда толық жіктеліп қорытылып бітпейді. Қарынның қозғала алатын ерекшелігіне байланысты, майдан қою эмульсия түзіледі. Бұл құбылыс ферменттердің әсерін жеңілдетеді. Қарын сөлінде липаза бар. Бірақ оның қасиеттері ұйқы безі липазасынан өзгеше. Ұйқы безі липазасының ең қолайлы рН деңгейі 6 - 7 болса, қарын липазасы рН көрсеткіші 3,5 болғанда активті. Бұл липаза көбінесе көміртегі атомдарының тізбегі ұзын емес, орташа болатын май қышқылдары эфирлерін гидролиздейді.
Бұл кезде босап шыққан май қышқылдары тікелей қарын арқылы сіңеді. Жаңа туған сүтқоректілерде липаза ерекше қызмет атқарады. Өйткені сүтте төменгі молекулалық май қышқылдарының триацилглицерол-дары болады және липаза эмульденген май түйіршіктеріне әсер ете алады. Ондай май сүтте болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет