Дәріс 1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата12.02.2023
өлшемі480,04 Kb.
#67287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
 
Дәріс 5 
Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны 
 
Орта мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасы – оқушылардың мектепте 
оқу мерзімі ішінде қазақ тілінен алатын білімдерінің мазмұны мен көлемін
дағдыларын белгілейтін мемлекеттік негізгі құжат. Бағдарлама оқу пәнінің тек 
мазмұндық ғана емес, сонымен қатар оның көлемін де белгілейді. Онда бұл 
пәннің өтілу тәртібі, оның салаларының өзара қарым-қатынасы көрсетіледі. 
Мұның бәрі теориялық материалды баяндаудағы, сөйлеу, емлелік және 
пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру жұмысындағы жүйелілік пен 
бірізділікті қамтамасыз етеді. 
Бағдарламаларды орындау - әрбір мұғалімнің міндеті. Осы мақсатқа 
оның бүкіл бойындағы жұмысы барлық күш-жігері бағындырылуы тиіс. 
Бағдарламаға сүйене отырып, мұғалім өзінің жұмысын жоспарлайды, өзі 
қалаған ең тиімді әдістемелік тәсілдерді сұрыптайды, сыныпта үйде 
орындалатын жаттығулар жүйесін жасайды, оларға материал сайлап алады. 
Сондықтан бағдарламаны танысып, білмейінше мұғалім қазақ тілінен жұмыс 
жүргізе алмайды. 
Оқыту әдістемесі дегеніміз белгілі бір пәнді оқып үйрену кезінде 
мұғалімнің оқушы әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Оқыту әдісінің қай-қайсысы 
болсын, мұғалім мен оқушылардың өзара байланысын көздейді, олар оқыту 
процесінің бір-бірімен тығыз байланысты болады. Оқыту әдістерінің 
бұрыннан қалыптасқан түрлерімен қатар қазіргі кезде басқа да түрлері бар. 
Мысалы, зерттеушілер И. Я. Лернер мен М. Н. Скатин оқыту әдістерін 
былайша топтайды: 
1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс. Мұғалім білімді даяр күйінде береді, 
ережелер айтылады, мысалдар арқылы көрсетіп дәлелдейді, мұғалім білімді 
мысалдардан шығаруды мақсат етпейді, оқушыларға проблемалық жағдайда 
кездестірмейді. Оқушылар мұғалімнің айтқанын қабылдайды, түсінеді, 
естеріне сақтайды. 
2. Проблемалық мазмұндау. Мұғалім проблеманы сипаттап, оны шешу 
жолына бағыт береді, құбылысты балалар өз бетімен талдап шешеді. 
3. Ішінара іздену әдісі. Мұғалім проблеманы сипаттайды да, оны дәлелді 
шешуге оқушыларды да қатыстырады, сұраққа жауап беруіне көмектеседі. 
Оқушылардың ізденуіне мұғалімнің жәрдемі онша көп болмайды, бірақ 
олардың іздену әрекетін жүзеге асыруларына жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет