Дәріс 7 Сабақтың құрылымдық элементтері «Сабақ – оқытудың, білім берудің негізгі формасы, оқу процесінің бір
бөлшегі, педагогикалық шығарма». Сабаққа қандай анықтама берілмесін,
оның негізгі мақсаты – оқушыларға білім мен тәрбие беру. Сабақтағы басты
тұлға – мұғалім. Сондықтан сбақтың сапасы ең алдымен мұғалімнің
теориялық дайындығына, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Яғни мұғалім
сабақтың механизмін , сабақтың мақсатын, оған қойылатын дидактикалық
принциптерді , құрылымдық элементтерін, типтері мен түрлерін,
бағдарламаны, оқулықтың құрылымын, жоспардың түрлерін, т.б. жақсы білуі
қажет.
Мектепте өтілетін әр сабаққа жалпыдидактикалық және
жекедидактикалық,
немесе
әдістемелік
талаптар
қойылады.
Жалпыдидактикалық талаптарға: 1. Құрылымдық жағынан анық, айқын
болуы. Атап айтқанда сабақты ұйымдастыра білу, мақсатын дұрыс айқындау,
типін, түрін ажырата білу, соған орай сабақтың әр кезеңінде оқушылармен
істелінетін жұмыстардың нақтылығы, белгілі бір мақсатты көздеу, сабақты
қорыта білу т.б.
2. Мұғалімнің даусының жағымды, сыныптың көлеміне сай, сөздері
айқын, мәнерлі болуы.
3. Сыныппен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болуы. Оқушылардың
зейінін негізгі мәселеге аудара білу, қызығушылығын арттыру, әр оқушының
сабаққа қатысып, материалды дұрыс, саналы түсінгендерін қадағалап отыру
т.б.
4. Сабақты белгілі бір қалыптасқан қарқынмен өткізу. Көпсөзділікке жол
бермеу, қажетті әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білу, сұрақтың анық, айқын
болуы, қайталаудың жүйелі жүргізілуі, бірсарындылықтың болмауы, т.б.
5. Педагогтік қырағылық: оқушылардың жауабын дұрыс бағалау,
қателерін дер кезінде түзете білу, оқушылардың тегіс жұмыс істеуі, т.б.
6. Көрнекі құралдар мен тақтаны дұрыс пайдалана білу.
7. Мұғалімнің этикасы.
Дәріс 8